Қаржы жинаудың тиімді әрі кең тараған түрі – банктен депозит ашу. Себебі депозитте жатқан ақша үшін алаңдап, оны қалай өсіремін деп ойланудың қажеті жоқ. Тек депозит ашу үшін шарттары тиімді, пайыздық мөлшерлемесі жоғары әрі сенімді банкті таңдау керек. Дәл қазір Home Credit Bank-те уақытша акция – 30 сәуірге дейін нарықтағы ең жоғары мөлшерлемен тиімді депозит ашуға болады. Stan.kz депозит ашудың жолымен оның пайдасы туралы түсіндіреді.

Фото pixabay.com

Қазақстандықтардың 85%-ы қысқа мерзімге депозит ашқанды жөн көреді. Және депозитті кез келген уақытта шешіп алу мүмкіндігі болғанын қалайды. Елдегі ең икемді депозит шарттарын Home Credit Bank ұсынады. Себебі мұнда біріншіден, пайыздық мөлшерлеме ең жоғары. Екіншіден, депозитті толтыруға және мерзімінен бұрын шешіп алуға болады. Бұдан бөлек, депозиттің сыйақысы күнделікті түсіп отыратындықтан, оны шешіп алу үшін бір ай күтудің қажеті жоқ.

Ақшаңызды депозитке салу туралы ұсынысты естігенде, неліктен қарапайым шотта немесе қолма-қол сақтай алмаймын деген ой туындауы мүмкін. Біріншіден, депозитте сіз сыйақы алып отырасыз. Екіншіден, депозиттегі ақшаға инфляция әсер ете алмайды, яғни құнсызданбайды Мәселен, қазір елдегі инфляция деңгейі 8,4% болса, Home Credit Bank ұсынып отырған сыйақы 15%. Яғни бір жылдан кейін сіздің табысыңыз 6,6% құрайды (депозит бойынша 15% минус инфляция 8,4%).

Депозитте ақша жинау қауіпсіз. Сіздің қаржыңыз ел экономикасы үшін қызмет етіп, сол әсерінен күнделікті өсіп отырады. Мәселен, Home Credit Bank-тегі 4 бірдей депозит түріне пайыздық мөлшерлеме өскен. 6 және 12 айға "Сберегательный Хоум" депозиттері 0,3% өсіп, бұрын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16,7% болса, енді 17% болады. Бұдан бөлек, "Простой" және "Почтовый" депозиттері 12 айға 0,5% өсіп, бұрын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14,5% болса, енді 15% болады.

Ескере кететін жайт, депозиттердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мұндай жоғары деңгейде уақытша болады. Сондықтан ақша жинауды ойласаңыз, ұзаққа созбай, 30 сәуірге дейін депозит ашып алыңыз. Бұл шектеулі мүмкіндік.

Депозитке ақша жинақтай отырып, адам өзіне маңызды заттар ақшаны бөліп, әрі жоспарсыз шығындардан босатылады. Жинақталған ақшаға алдын ала жоспар құрып, ешкімнен қарыз алмай, өз қалауын орындай алады. Бастапқы да тұтынушылық депозиттен бастауға болады.

Мысалы, Home Credit Bank-тің аты айтып тұрғандай, "Простой" депозит ашу үшін бар болғаны банк қосымшасына кіріп, өтініш берсеңіз болғаны. Депозиттің ең икемді шарттары бар. Салым мерзімі – 12 ай, қаражатты кез келген уақытта  толықтыруға және ішінара шешіп алуға болады. Салымға ең аз сома 1000 теңге. Бұған қоса, пайыздар күн сайын есептеледі.

Айта кетейік, қазақстандық банктердегі барлық салымдар ҚДКБҚ-мен сақтандырылған. Теңгедегі жинақ салымдары бойынша кепілдік өтемінің жиынтық сомасының ең жоғары мөлшері — 20 миллион теңге, теңгедегі өзге депозиттер бойынша – 10 миллион теңге, шетел валютасындағы салымдар бойынша – 5 миллион теңге.

№ 1.2.36/40 лицензия, 17.08.2022 ж. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.