«Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»



жүктеу 1.14 Mb.
бет10/10
Дата19.09.2017
өлшемі1.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Стиль

1 Ғылыми стиль:

1.Қолданылу аясы: ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, қолданылады.

2.Мақсаты: заттар ман құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.

3.Стильдік ерекшелігі: дәлелді, зерттелген, тура мағынада алу.

4.Тілдік құралдары: ғалыми терминдерді қолдану, хабарлы сөйлемде, өткен осы шақтарда жиі қолданылады.

2 Ресми іс-қағаздар стилі:

1.Қолданнылу аясы: іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.

2.Мақсаты: хабарлау, аңық мәліметтер беру.

3.Стильдік ерекшелігі: ресми, анық, дәл.

4.Тілдік құралдары: кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.

3 Публицистикалық стиль:

1.Қолданылу аясы: газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.

2.Мақсаты: көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару.

3.Стильдік ерекшелігі: шақыру, үндеу, нақтылық.

4.Тілдік құралдары: риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану.

4 Көркем әдебиет стилі:

1.Қолданылу аясы: көркем шығармалада қолданылады.

2.Мақсаты: құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды, суретін көрсету, бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер ету.

3.Стильдік ерекшелігі: образды, эмоционалды, экспресивті.

4.Тілдік құралдары: ауспалы мағына, көркемдік тәсілдерің суреттеме құралдарын пайдалану (теңеу, метафора т.б).

5 Аузекі сөйлеу стилі:

1.Қолданылу аясы: адамдар мен еркін әңгіме кезінде қолданылады.

2.Мақсаты: қатынас жасау.

3.Стильдік ерекшелігі: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілу.

4.Тілдік құралдары: қарапайым сөздерді еркін қолдану, диалогқа құрылу.
Тапсырмалары

Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.

Мәтіндегі қиын сөздерді теріп жазыңыз.

Мәтінді әңгімелеп беріңіз.



Ел жүрегіндегі ерен тұлға

Көкшетау қаласында атақты ғалым-геолог, көрнекті қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 110 жылдығына арналған “Қ.Сәтбаев және осы заманғы ғылым” тақырыбымен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оны “Нұр Отан” ХДП Ақмола облыстық филиалы мен Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі ұйымдастырды. Келелі мәжіліске облыстық департамент басшылары, кәсіпорындар мен бизнес саласының өкілдері, зиялы қауым, партияның облыстық филиалы көмегімен Семей мемлекеттік геологиялық барлау колледжіне түсіп, оны биыл бітірген түлектер, Көкшетау мектептерінің оқушылары қатысты.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіндегі философия кафедрасының меңгерушісі Раушан Көшенова “Қ.И.Сәтбаев және бүгінгі әлем” тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан ғалымдарының дүниежүзілік аренадағы орны туралы тартымды мағлұматтар берді. Сондай-ақ, “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалының белсенді мүшесі Мейрамбек Киіков пен Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану аймақаралық департаментінің директоры Берді Бекмағамбетов ұлы ғалымның өмір жолын зерттеудің патриоттық тәрбиедегі маңызы мен Қазақстан геология саласын дамытудағы Қ.Сәтбаев идеяларының ықпалы тақырыбында сөз сөйледі. Жұртшылық Көкшетау университетінің кафедра меңгерушісі С.Жетпісовтің “Сәтбаев феномені туралы” толғанысына, Семей мемлекеттік геология барлау колледжінің бөлім меңгерушісі М.Меденованың “Кен ісі мамандарын даярлаудың ерекшеліктері туралы” хабарламасына айрықша ықылас қойды.

Қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Мәншүк Сайдалина Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен атқарған қызметін насихаттап, жас буынға жеткізуде белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды. Оны партия филиалымен бірлесіп өткізілген “Өмірі – өнеге, тірлігі – таным” атты дөңгелек үстел сұхбатымен, “Сәтбаев әлемі” мультимедиялық әдебиеттің дайындалуымен дәлелдеуге болады. Партия ғимаратында өткізілген “Тарихпен тамырлас өмір” ғылыми конференциясының әсері де әлі сейіле қойған жоқ.



Мәтін тапсырмалары

Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.

Мәтіндегі қиын сөздерді теріп жазыңыз.

Мәтінді әңгімелеп беріңіз.

Тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіз.
Тіл туралы толғаныс

Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі оның қолданыс аясын кеңейтіп, дамуына біраз ықпал еткені белгілі. Дегенмен де, мемлекеттік мәртебе де, екі қайтара қабылданған «Тіл туралы» Заң да Қазақстандағы тіл мәселесін түкпілікті шешіп тастаған жоқ. Тілге мәртебе беру, заң қабылдау бір басқа да халықтың саналы түрде сол тілді мемлекеттік тіл ретінде қабылдауы бір басқа. «Тіл туралы» алғашқы Зандар қабылданған кезде қазақта: «Менің ана тіліме мемелекеттік мәртебе берілді, енді мен де, өзгелер де менің тілімде сөйлеуі керек» деген, ал диаспорада: «Мен енді осы елдің тілінде сөйлеуім керек» деген ұғым пісіп-жетіле қоймаған сыңайлы. Дегенмен де тәуелсіз елдің тіл тарихы бастан кешкен 20 жылдай уақыт бүгінгі күннің алғышарттарын қалыптастырған сияқты. Олай дейтініміз, ең алдымен, «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», немесе «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» емес, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі туралы» Заң жасауға қол жеткізіп отырмыз, екінші, ол занды жасаушы бір университеттің жетекші ғалымдары екендігі, яғни өз бетімен заң жобасын жасап, үкіметке, халыққа ұсынатын қазақ зиялысының бар екендігі, қазақ зиялысының өлмегендігі, «Жас Алаш» газеті іздеп жүрген қазақ зиялысының өзі болмаса да, бөлшегінің табылғандығы, үшінші, «Ана тілі» газетінің жан-жағына жалтақтамай: «Зиялым заң жасапты, халқым сен не дейсің?» деп жарқ еткізіп жариялап жіберуі, төртінші, халық ұйықтап жатқан жоқ, халық сергек, халық алаңдап отыр екен, бүгінгі заң жобасының түсаукесеріне жас та, кәрі де, оқытушы да, студент те, үкіметтік ұйымның да, үкіметтік емес ұйымның да, тәуелді қозғалыстың да, тәуелсіз қозғалыстың да өкілдерінің қатысуы. Ана тілінің тағдырына, мемлекеттік тілінің тағдырына елі аландаулы екен.


16- сабақ. Аралық бақылау.

$$$ 1 D


Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемді не дейді?

  1. Толымды

  2. Жақсыз

  3. Сұраулы

  4. Лепті

  5. Жайылма

$$$ 2 Е

Лепті сөйлемді табыңыз.



  1. Бірде-бір адамды көрмедім

  2. Екі мәрте толтырыпты ма

  3. Жеті саны қасиетті дейді

  4. Төртеуі де төрт алған шығар

  5. Бес деген қандай жақсы баға

$$$ 3 Е

Хабарлы сөйлемді табыңыз.



  1. Быжырлаған құрт-құмырсқа

  2. Қап, бар даусыңмен айқаласан ғой

  3. Болжалдық сан есімнің жасауылы қандай

  4. Былтырғы киімінді ки

  5. Барымталасу үшін күш керек

$$$ 4 А

Қай сөздер лепті сөйлем жасауға қатысады?



  1. Одағай сөздер

  2. Есім сөздер

  3. Көмекші сөздер

  4. Атау сөздер

  5. Жалғаулық сөздер

$$$ 5 А

Лепті сөйлемді табыңыз.



  1. Табиғат қандай тамаша

  2. Ол қандай машина айдайды

  3. Қандай сөзі сұрау есімдігі емес пе

  4. Қандай болса да табыңдар

  5. Соны да әлдеқандай етті

$$$ 6 С

Қайсысы сұраулы сөйлем жасайды?



  1. Не деген, не еткен

  2. Әттең, бәрекелді

  3. Сірә, шығар

  4. Алайда, әйтеуір

  5. Дейін, бірақ

$$$ 7 В

Сұраулы сөйлемді табыңыз



  1. Оны ешкіммен сөйлеткіз (бе)

  2. Жігіттің, қолы аттың тізгініне жабысты(ма)

  3. Оқушылар саны жиырма бес екен

  4. Күн ұясына батуға таяды

  5. Өткен жылғы молшылықты ұмыт(па)

$$$ 8 С

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.



  1. Жақты сөйлем

  2. Толымды сөйлем

  3. Сұраулы сөйлем

  4. Жайылма сөйлем

  5. Құрмалас сөйлем

$$$ 9 D

Сұраулы сөйлемді табыңыз.



  1. Кейбіреулер түк істемей-ақ болдырып отырады

  2. Сен меннен аулақ жүр

  3. Таң қараңғысынан тұру Дәметкеннің өмірлік дағдысына айналған еді

  4. Немене, бізді ақшасы жоқ кедей деп естіп пе едіңіз

  5. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез

$$$ 10 D

Қазақ тілінде сөйлем айтылуы мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?



  1. 5

  2. 6

  3. 7

  4. 4

  5. 2

$$$ 11 А

Лепті сөйлемді табыңыз.


  1. Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай

  2. Білім – адамның қанаты

  3. Кімдер таратып, насихаттайды

  4. Қарлығаш, не сонда, жалғыз жатпақ па иесіз үйде

  5. Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе

$$$ 12 А

Бұйрықты сөйлемді табыңыз.



  1. Егіс көлемін ұлғайт

  2. Тіл қандай

  3. Сен енді бала емессің

  4. Ал Жамал ше

  5. Бұл – тарихи жер

$$$ 13 С

Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?



  1. Өкіну, қорқу, жирену, кекету мақсатында айтылатын сөйлем

  2. Дауыс ырғағының бәсеңдеу сазбен айтылатын сөйлем

  3. Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатында айтылатын сөйлем

  4. Тек талап қою мағынасында айтылатын сөйлем

  5. Сөйлемнің соңында нүкте қойылатын сөйлем

$$$ 14 Е

Хабарлы сөйлем дегеніміз не?



  1. Айтылған ойдың тыңдаушыға түсінікті әсерлі болуы үшін айтылатын сөйлем

  2. Қимыл иесінің күйін, қалын, іс-әрекетін айқындауға жауап күтетін сөйлем

  3. Сұрау айтылған сөйлем

  4. Адамның көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылған сөйлем

  5. Біреу я бірдеме туралы ойды екінші біреуге жай хабарлау мақсатында айтылған сөйлем

$$$ 15 С

Сұраулы сөйлемді табыңыз.



  1. Балам, тоқташы

  2. Апырай, желісінің қаттысын-ай

  3. Сен болған шығарсың

  4. Аспан ашық

  5. Алматы - оңтүстік астана

$$$ 16 А

Хабарлы сөйлемді табыңыз.


  1. Әне бір өрге шыққан немене

  2. Тарт тілінді

  3. Ауа райы суық

  4. Мақтан қума, керек қу

  5. Бұған кім кінәлі

$$$ 17 D

Лепті сөйлемді табыңыз



  1. Бармағанда қайтем

  2. Бақ кетпесін басыңнан

  3. Сен әнші едің-ау, ә

  4. Ой, байғұс бала-ай

  5. Жаңбыр жауды

$$$ 18 А

Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз.



  1. Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді

  2. Көрсетпе көз жасынды

  3. Жүр, жарысайық

  4. Балам, жөнінді айтшы

  5. Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды

$$$ 19 Е

Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.



  1. Аспанда жапқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады

  2. Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды

  3. Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға

  4. Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған

  5. Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті

$$$ 20 D

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.



  1. Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.

  2. Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жориып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді

  3. Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күсемек жоқ, суда қаймақ жоқ

  4. Қуаты – ақындық, үміті – халық

  5. Осы өткен қыс бойында, кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Байманғаметке, кішкене молдаға және әңгіме тындауға жараған балалары: Әбдірахман, Қүлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отырамын

1 ӘДЕБИЕТТЕР

1 Негізгі әдебиеттер

1.1. З.Күзекова, Г. Қарақұсова Жоғарғы оқу орындарының эканомика факультеттеріне арналған. А.1997,1999.

1.2. Ш.Б Сейтова. Ана тілің –асыл қазынаң. Семей 2001.

1.3. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық

1.4. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы

1.5. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.

1.6. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА

1.7. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.

1.8. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.

1.9. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.

1.10. Г.Қ Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш А-2000

1.11. З.Күзекова . Практикалық курс. Қазақ тілі –Алматы: 2002

1.12. Ш.Бектұров. Серғалиев М. Қазақ тілі А-1994

1.13. Жас техниктің энциклопедиялық сөздігі. Москва.1980.

1.14. Р. Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы Астана, Елорда 2000.
2. Қосымша әдебиеттер

2.1. Жас толқын электронды оқулығы

2.2. Руханият электронды оқулығы

2.3. Зерде электронды оқулығы

2.4. Елтаным электронды оқулығы

2.5. Мәнерлеп оқу электронды оқулығы

2.6. Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы

2.7. Ыбырай Алтынсарин электронды оқулығы



2.8. Қазақ тілі электронды оқулығы



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет