«Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»


МӘТІН: Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері



жүктеу 1.14 Mb.
бет3/10
Дата19.09.2017
өлшемі1.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МӘТІН: Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері


Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

   Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

   Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

   Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

   Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

   Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

   Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

   Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

Ең тәтті де – тіл,  Ең ашты да – тіл,  Ең жұмсак та – тіл,  Ең катты да – тіл.

Тіл – ұлттың жан дүниесі.  Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.

Тіл  Ұлы, құдіретті;  Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды;  Біздің болашағымыз – ана тілінде!  Рухани байлық.

Мәдениет– адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:


Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Белгілі философ Иоганн Готфрид Гердер:«Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы» - деген. 

Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады.

Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап,РафаэльменМикеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.

Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі



Қазақ бейнелеу өнері— көркем кескіндеме,мүсіндеме,графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер.

Музыка мәдениеті


Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды.  н ән салу, музыкалық аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу”

Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған.Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды.

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (СемейПавлодарӨскеменАқмола(Астана), ҚостанайАқтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды.

Қазақ циркөнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді.Атқұлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып,еларалау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді.



Келтірілген ой-пікірлерге бiрлесе отырып түсiнiк беру

Сабыр, ақыл- парасаттың белгісі,

Ақылсыз жан хайуанмен тең кісі (Ж.Баласағұн).

Жетеді сабыр қылған тілегіне

Иеді ақырында темірді де (Құтып).

Адамдар бiр-бiрi үшiн өмiр сүредi (Марк Аврелий).

Адамдарды жақсы көру үшiн, олардан аз күту керек (Гелвеций).

Адам жалғыз қалғанда ғана өзiнiң қандай екенiн бiледi А.Шопенгауэр).

Мен адаммын, сондықтан да адамға тән қасиеттер маған жат емес (Теренций).

Өз сенiмiне басқалар күмәнданады деп қорыққандар, оған өзi сенбегенi (У.Филлипс).

Өз iсiңмен, өнегеңмен Адам бол,–

Сосын қанатты перiште болуды армандай бер! (Саади).

Бөлектену бiздi әрдайым көпшiлiктiң назарында болудан сонымен бiрге олармен санасудан да құтқарады (А.Шопенгауэр).

1-тапсырма. Дәрігер мен емделушінің рөліне еніп сұхбат құрыңыздар.

Жағдаяттық тапсырма. Қызуы көтерілген Қарлығаш дәрігердің алдына барады. Дәрігер мен Қарлығаштың арасындағы диалог қалай өрбуі мүмкін? Дәрігердің сөзін бұйрық мәнді сөйлем арқылы беріңіз

Есіңізде сақтаңыз!

Әділдік әкімдіктен де күшті. Жүсіп Баласағұни

Әділдік адами іс-әрекетінің нормасы болуы тиіс.

Н.Г.Чернышевский

Әділдік адами іс-әрекеттегі ақиқат. Ж.Жубер

Әділдікті мойындау – -адал кісінің ісі. Б.Момышұлы

Әділдіктің қайнар көзі екеу: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру. Цицерон

Әділдік пен күш біріксе – бұл одақтан күші асар ешнәрсе болмаса керек.

Эсхил

2-тапсырма. .Мәтінді оқып, толықтырыңыз

Алматы

Алматы – ең әдемі қала. Ол –1854 жылы бұрынғы « Алмалық » деген қазақ қыстағының орнына салынған Верный бекінісі. Ал 1867 жылы Верный қаласы деп аталды.

1921 жылы Алматы қаласы деп аталды. 1998 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің астанасы болып саналды.

Алматыда Республика сарайы, Достық үйі, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үйлер бар.

Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатыр. Алматы қаласының табиғаты өте әсем.

Алматы қаласы экономика мен бизнес салаларындағы жобаларды инвестициялау мен оны іске асыруда шет елдіктердің назарын өзіне аударып отыр.

Мемлекеттік емес жеке меншік кәсіпорындар мен мекемелер оңтүстік астанада негізгі жұмыс берушіге айналып отыр. Олар алматылықтарды жұмыспен қамтамасыз етумен бірге, республика бойынша ең жоғары жалақы төлейді. Осы заманғы менеджмент пен жаңа технологияларды игере отырып, жоғары сапалы өнім шығарады. Тұрғын үйлер салумен айналысып, қала тұрғындары мен қонақтарына мінсіз қызмет көрсетеді

Шет ел компаниялары мен банктердің, сондай-ақ халықаралық банктердің қатысуымен соңғы он жылда бірқатар қонақ үй, дүкен, кинотеатр, автосервис және бизнес орталықтары салынды.



Тапсырманы орындаңыз:

1.Мәтінді оқып, толықтырыңыз.

2. Алматы қаласындағы медицина орталықтары туралы не білесіз?

3.Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.

4.«Дені саудың жаны сау» .дегенді қалай түсінесіз?

«Бірінші байлық–денсаулық» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Тірек сөздер: дені сау, дәрігер, дене шынықтыру, қан қысылымы, тексрілу,емделу, суық тию, науқас, денені шынықтыру, дәрумен.
Қайталау: Сөйлем. Сөйлемдердің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері.


Сөйлем

Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы.





Айтылу мақсатына қарай:



түрі

Хабарлы сөйлем

Сұралы сөйлем

Бұйрықты сөйлем

Лепті сөйлем

ереже

Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем.

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем.

Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем

Сөйлеушің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б.) білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.

тыныс белгісі

Сөйлем соңыны нүкте қойылады.


Сөйлем соңына сұрау белгісі (?) қойылады.

Сөйлем соңыны леп белгісі (!) қойылады.

Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады.

жасалу жолдары



1. Сұрау есімдіктері арқылы; (кім? не? Қанша? Қандай? т.б.)

2. Сұраулық шылаулар арқылы; (ма, ме, па, пе, ба, бе, ше т.б.)

3. Оқшау, көмекші сөздер арқылы (ә, сірә, қайтеді, шығар т.б.)


Бандауышы бұйрық рай арқылы

1.Одағай сөздер арқылы (қап, әттеген-ай, пай-пай т.б.)

2. Күшейткіш мәнді сөздер арқылы (не деген, не еткен, қандай, шіркін, ғажап т.б.)

3. Демеулік шылаулар арқылы (-ау,-ақ,-ай т.б.)

4. Интонация арқылы



мысалы

Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті. Ақырын соққан самал шалқар қөлдің ақша бетін аймалап сүйгендей болады.

Сен оны танисың ба? Сен оны танимасың? Енді арманың жоқ шығар? Сен ауылға бардың ғой, иә? Қазір ол келіп қалса ше? Оған өлең ұналы білім, сірә? Қай бала? Қашан болды? т.б.

Сөйлемді жазып шық. Бұны оған айтпа. Жүр, тез аяғыңды бас! Тыныш отыр! Кел, балалар, оқылық! Кел, жүгірейік! Жылқыны тез қайырыңдар! Дауысынды тым болмаса бір шығаршы!

Қап, мынау жығылды-ау! Пай-пай, мынаның шабысын-ай! Ә, сені ме, бәлем! Бейшара-ай, мынаның тарта алмай келе жатқанынын-ай!

Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер

Өнерлі өрге жүзеді.

Өнерді үйрен де жирен.

Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

Оқыған көп білер.

Ақыл-тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен,



Тіл туралы мақал-мәтелдер

Өнер алды - қызыл тіл.

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.



Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер

Адам болар баланың кісіменен ісі бар.

Адам болмас баланың кісіменен несі бар.

Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

Жақсыменен жолдас болсаң, ісің бітер,

Жаманменен жолдас болсаң, басың кетер.



Бірлік турасында

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Тірліктің күші - бірлікте.

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Ел турасында

Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Елдің іші - алтын бесік.

Туған жерге туыңды тік.

Өз елім - өлең төсегім.

Отан - оттан да ыстық.

Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

Жері байдың - елі бай.

Ер намысы - ел намысы.

Тапсырмалар

1-тапсырма: Берілген мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтаңыздар:



Елі сүйгенге өлім жоқ. Өлімнен ұят күшті. Білім арзан, білу қымбат. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Доссыз өмір - тұзсыз ас. Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын.

2-тапсырма: Берілген мақалдардың жалғасын табыңыздар:

Олақ өзгеге сенсе...

Ер жігіт ел үшін туады...

Оқу білім бұлағы...

Асыл тастан шығады...

Ашуың келсе, қолың тарт...

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.

В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора. Стрела, пущенная с земли, не достигает ее вершины. Поэтому прозвали гору «Окжетпес» - не достичь стрелой. Нет человека, который не удивился бы высоте этой горы. Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками ступенчатую возвышенность. На ней растут даже сосны и ели, которые невозможно вырастить и при обычных посадках.



4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Сен бүгін үй тапсырмасын орындадаң ба? Қалада үлкен үйлер көп. Алақай, бүгін мен бес алдым! Кешке киноға барасың ба? Сен кешікпей кел. Мұғалім сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.



5-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

М.Әуезов жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазды. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ романдарының негізін салушылардың бірі. Мұстафа Шоқай- Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек 15 жасында әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.



6-жаттығу. Жай сөйлемнің әрбір түріне 5 мысал жазыңыз.


3-ТАҚЫРЫП.

Грамматика: Өтініш, тілек мәнді сөйлем. Етістік+уыңызды (-уіңізді) өтінемін лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленуі. Етістік + айын (-ейін, -йын, -йін, -айық, -ейік, -йық, -йік) тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Табиғи ресурстар. Су ресурстары. Қазба байлық ресурстары.

Қайталау. Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері туралы түсінік. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.



Өтініш, тілек мәнді сөйлем қалау райлы етістіктің ғы, -гі, -қы, -кі тәуелденіп, оған кел етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.




Жекеше

Көпше

І

Менің ашық айт+қы+м келеді

Біздің ашық айт+қы+мыз келді

ІІ

Сенің ашық айт+қы+ң келіп тұр.

Сіздің ашық айт+қы+ңыз келген



Сендердің ашық айт+қы+лар+ың келер

Сіздердің ашық айт+қы+лар+ыңыз келіпті



ІІІ

Оның ашық айт+қы+сы келетін

Олардың ашық айт+қы+сы келеді

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет