«Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»


Мәтін: Табиғи ресурстар. Сарқылатын, сарқылмайтын табиғи ресурстар



жүктеу 1.14 Mb.
бет4/10
Дата19.09.2017
өлшемі1.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мәтін: Табиғи ресурстар. Сарқылатын, сарқылмайтын табиғи ресурстар


Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Сарқылатын ресурстар (орыс. Исчерпаемые ресурсы) — табиғи ортадан алынған сайын саркылатын ресурстар.Сарқылатын ресурстар қалпына келетін (таза ауа, түщы су, күнарлы топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі) және қалпына келмейтін (минералдық) ресурстар (қазып алынатын отын, металдық минерал шикізаттар (темір,мыс, т.б.), бейметалдық минерал шикізаттар (саз,құм, фосфаттар, т.б.) болып бөлінеді. Бұлар табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтындықтан сарқылады (мыс, алюминий, т.б.)

Сарқылмайтын ресурстар (орыс. Неисчерпаемые ресурсы) — табиғи ресурстардың таусылмайтын бөлігі (күн энергиясы, жел, ағын су,теңіз толысуы). Сарқылмайтын ресурстарға кейде атмосфера мен гидросферами жатқызады. Бұлар антропогендік улы заттектермен едәуір ластанғанда сарқылатын ресурстарға айналады

Қайталау. Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері туралы түсінік. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болуы керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек.

Сөйлем құрамында тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар: 1) шылау, одағай сөздер, көмекші етістіктер; 2) қаратпа сөздер.



Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара және күрделі мүше болып бөлінеді.

Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше дейміз. Мысалы: Бізде спортшы жастар көп.

Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен болған мүшені күрделі мүше дейміз. Мысалы: Кешке шейін (күрделі сөз) балықшылар судан екі рет (сөз тіркесі) ау шығарды.

ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕ

БАСТАУЫШ – сөйлемде атау септігінен тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. Сұрақтары: Кім? Не? Кімі? Несі? Кімім? Нем?

БАЯНДАУЫШ – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұрады. Қай сөз табынан болса сол сөз табының сұрағына жауап береді.

БАСТАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУЫ

Сөз табы

Шарты

Мысалдар

Зат есім

Кез келген з.е.

Базаралы Апанасты қатты ұнатқан жүзбен қарап отыр (М.Ә.).

Есімдік:

жіктеу, сілтеу, өздік, белгісіздік, жалпылау



Зат есім орнына қолданылатыны

Сіздер бізге көп нәрсе үйреттіңіздер. Бұл – көктем желі. Өзіңіз ақын екенсіз ғой?! Бәрі де осы келісімге қол қойды. Әркімдер тілек-ұсыныстарын айтты.

Сын есім

Заттану

Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды.

Сан есім




Үшеуі суыт жүріп кетті. Сегіз екіге бөлінеді.

Етістіктің: есімше, тұйық түрі

Заттану

Оқыған білер әр сөзді (Абай). Оқу инемен құдық қазғандай.

Бастауыш құрамына қарай екіге бөлінеді

Дара бастауыш

(Бір сөзден болады)



Күрделі бастауыш

(Екі не одан да көп сөздер болады)



Ұлжан – тартымды болумен қатар, сыншы да ана.

Жасалу жолдары:

1.Сөз тіркесінен:

Кеншілер сарайы адамға лық толы.

2.Негізгі сөз бен көмекші есімнің байланысынан:



Ырыс алды - ынтымақ. Еңбек түбі – береке.

3.Заттанған күрделі сын, сан есімдер және етістіктің есімше тұйық етістік тұлғаларынан:

Жиырма бес маған қайтып келсе ғой.

БАЯНДАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУЫ

Сөз табы

Мысалдар

Етістік

Шопандар қалашығында электр шамы жарқырайды.

Оқушылардың ең басты міндеті – жақсы оқу.




Зат есім

Дәрігер – ардақты мамандық.


Сын есім

Біздің қатарымыз болаттай берік.


Сан есім

Бұлар он бес.

Есімдік

Біздің қақпан әне.

Баяндауыш құрамына қарай екіге бөлінеді

Дара баяндауыш

(Бір сөзден болады)



Күрделі баяндауыш

(Екі не одан да көп сөздер болады)



Қорықтағы басты тұлға – қорықшылар.

Жасалу жолдары:

1.Сөз тіркесінен:

Ұзақ ауданы – облыстың ең жарық ауданы.

2.Күрделі етістіктен. Ауыл мәдениеті де өсіп келеді.

3. Күрделі сан есімнен. Биыл жасым отыз сегізде.



4. Тұрақты сөз тіркесінен жасалады. Шошығанынан шешесі есінен танып қалыпты.


СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ

Анықтауыш

Зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?





Анықтауыштың жасалу жолдары





сын есім

есімдік

Зат есім

Сын есім

есімше

Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті. Олар шалғай ауылдарды аралап шықты.

Бұл сөз оған қатты әсер етті. Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.

Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр. Олар ағаш есікті сындырып ішке кірді.

Оныншы сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік. Волейболды алты ойыншы ойнады.

Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар. Оқығаннын беті жарық.



Анықтауыш құрамына қарай екіге бөлінеді:



Дара анықтауыш

( бір сөзден тұратын анықтауыш)


Мысалы. Ұлыған қасқырды көріп зереқұтымыз қалмады. Сары жапырақтар жерге түсіп жатыр. Баланың даусы естіледі.

Күрделі анықтауыш

(кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш)


Жасалу жолдары:

  1. Тұрақты тіркестен:

Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі - өнеге болып отыр.

2. Күрделі сөзден:

Қара торы бірінші келді.

Қолында сары-қызыл гүлдер бар.






Толықтауыш

Іс-оқиған заттық мағына жағынан сиппатайды.

Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? неммен? (атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.)





Толықтауыш құрамына қарай



Дара толықтауыш

(бір сөзден тұратын толықтауыш)


Мысалы: Жіңіше бір қос ат келеді. Оны ешкімге көрсетпе.

Күрделі толықтауыш

(кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш)

Жасалу жолында:


  1. Тұрақты тіркестен:

Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.

2.Күрделі сөзден:

Олар аттарды қара торысын таңдап алды.





Толықтауыш мағынасына қарай


Тура толықтауыш

(табыс септік тұлғасындағы толықтауыш)


Мысалы: Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап оқыдым.

Жанама толықтауыш

(барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш)

Екі қарт кісімен амандастым. Оның ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті. Сабақта жарыс туралы сөйлестік.




Пысықтауыш

Сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше. Сұрақтары: Қайда? Қайдан? Қалай қарай? Қашан? Қашаннан бері? Қалай? Қалайша? Қайтіп? Неліктен? Не үшін? Неге? Не мақсатпен? Қаншалықты?






Пысықтауыш мағынасына қарай:



түрі


мекен


мезгіл


Себеп - салдар


Сын - қымыл


Мақсат

ережесі

Іс - әрекетінің болу орынын, мекенін білдіреді.

Іс - әрекетінің мезгілін білдіреді.

Іс - әрекетінің себебін білдіреді.

Іс - әрекетінің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді.

Іс-әрекеттің мақсатын білдіреді.

сұрағы

Қайда? Қайдан? Қалай қарай?

Қашан? Қашаннан бері?

Неліктен? Не үшін? Неге?

Қалай? Қалайша? Қайтіп? Қаншылықты?

Неге? Не мақсатпен?

мысал

Олар жоғары көтерілді. Ауылға қарай аттылы біреу келе жатыр.

Түске шейін оның жанында болды. Олар қыс бой осы аймақтан шықпады.

Кешке амалсыздан үйге қайттым. Ол Отаны үшін жанын қиды.

Оны зорға далаға алып шықты.

Оқу үшін қалаға келді. Біз әдейі жарыстық.


Мәтін тапсырмалары

Мәтінді еркін аударма түрінде орыс тіліне аударыңыз.

Мәтінді оқып шығып әңгімелеп беріңіз.

Мәтінді бірнеше бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып ойластырып,алған тақырыптарыңызды негіздеңіз.

«ЖЕТІ ЖАРҒЫ»
Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы қиындағын кезде Жәңгір ханның баласы Тәуке хан қырық жылға жуық уақыт хан болды. Қазақ елінің басын біріктіру мақсатында қазақ билері Төле, Қазыбек, Әйтекемен бірлесе отырып, ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде «Жеті жарғы» қазақ заңдарының жиынтығын жасады. Заң жинағында қазақ өмірінің басты-басты төмендегідей салалары қамтылған.

Бірінші – жер дауы. Көшпелі халықтың өмірінде жердің шешуші маңызы бар. Қыстау, жайлау, жайылым, қоныс мал баққан елдің атадан балаға қалдыратын еншісі. Жер – тіршілік ортасы, ата-бабасынан бері иеленіп келген халықтың келісімінсіз басқаға беруге, сатуға болмайды.

Екінші сала – үй ішіндегі тіршілікке, сол отбасындағы адамдардың өзара қатынасына байланысты. Әке мен бала, ене мен келін, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынас. Әсіресе үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөледі.

Үшінші сала – ұрлыққа, барымтаға кедергі қоюды көздейтін, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар.

Жарғының төртінші саласы – ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешуді мақсат етеді.

Бесінші топқа – ел бірлігін сақтауға, Отанын қорғауға, сыртқы жауға тойтарыс беруге, жасақ құруға, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.

Жарғының келесі бір тармағы - құн дауына арналған. Айыр көмей, жез таңдай атақты үш төбе би «Қанға қан», «Қанды кек», «Ескіден келе жатқан жау» дегенде бірден ойға оралатын қатыгездікті жұмсартудың жолын қарастырған. Онсыз да өлімнің аз емес екенін, жаттан жат емес жақыннан жау іздемеу деген ізгі ниетпен өлім жазасын жұмсартып, құн төлеумен ауыстырған.

Есте сақтайтын сөздер

Жер дауы


Адамгершілік

Адалдық


Әділдік

Имандылық

Барымта

Еңбекпен күнелту



Жасақ құру


4-ТАҚЫРЫП.

Грамматика: Шарт мәнді сөйлем. Егер ... етістік+ -са (-се)+ЖЖ, онда ... лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі. Етістік+ған (-ген, -қан, -кен) +ЖС, етістік+атын (-етін, -йтын, -йтін) еді+ЖЖ тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап.

Қайталау. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жалпылауыш мүше. Айқындауыш мүше.



Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттін болу-болмау шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларының    үстіне  -се, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Осы мен, тегі, ақын болсам керек. 1. Мен бар+са+м. 2. Сен барсаң. Сіз барсаңыз. 3.Ол барса.

Мәтін: Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет