«Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»


Қазақстан Республикасының мерекелері



жүктеу 1.14 Mb.
бет9/10
Дата19.09.2017
өлшемі1.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан Республикасының мерекелері


Бүгінгі таңда біз тәуелсіз, егеменді мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан біздің мейрамдардың Кеңес уақытындағы мейрамдардан айырмашылығы бар. Қазір біз жаңа мерекелер мен бірге бұрынғы ұмытылған мерекелерді де тойлаймыз. Мәселен, Қазақстан конституциясы азаматтарына құдайға құлшылық етуге еркін екеніне кепілдік бергендіктен, еліміздің мұсылмандары Ораза айтты, Құрбан айтты, ал христиандары Рождество, Пасханы тойлайды. Басқа да діндегі өзге ұлттар өздерінің мейрамдары мен еске алу күндерін ашық түрде атап өтеді.

Әрине, кеңес дәуірінің кейбір мейрамдары осы кезге дейін ұмытылмай тойланып келе жатыр. Олар – 1 қаңтарда болатын Жаңа жыл мерекесі, 8 наурыздағы Әйелдер күні және 9 мамырда атап өтілетін Жеңіс күні. Себебі бұл мейрамдар барлық елдерге ортақ.

Ал жаңа мерекелер Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері пайда болды. Олар – үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар: Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Конституция күні, Республика күні және Тәуелсіздік күні. Қысқа мерзімде бұл мерекелер салтанатты, қуанышты әрі жалпы қазақстандық мейрамдарға айналды.

*

- Мәтіннің мазмұнына қарай сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.



- Мәтін бойынша өзара сұхбат құрыңыздар.

- Отбасыңыздың мерекелері туралы әңгіме құрыңыз.

- Мәтін бойынша қандай әсер алғаныңыз жөніндегі өз пікіріңізді ортаға салыңыз.

- Өзіңіздің сүйікті мерекеңіз туралы айтып беріңіз.


Жаңа жыл


Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды. Біріншісінде жаңа жылды қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Ауа райы аязды болса, қар жауса, адамдар қуанады.

Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, саябақтарға, спорт кешендеріне шыршалар орнатылады. Оларға түрлі-түсті ойыншықтар ілінеді. Жаңа жылды, әсіресе, балалар асыға күтеді. Себебі ата-аналары осы мейрамда оларға сан алуан сыйлықтар береді. Бұл күнді адамдар өз отбасыларында немесе достарымен, туыстарымен бірге мерекелейді. Үй иелері көп қонақ шақырады, дастарқанға түрлі тағамдар, жеміс, шырын, шараптар қояды. Балалар үлкендермен бірге шыршаны айнала би билеп, өлең айтып, ән салып, көңілді демалады. Біріне-бірі жаңа жылда жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді. Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін адамдар көңілденіп далаға шығады, қыдырады немесе теледидардан концерт көреді.



Наурыз

Екіншісі – көктем айының басы, күн мен түннің теңелген күні, наурыздың 22-сінде тойланады. Бұл күнді дүние жүзіндегі мұсылмандар «Жыл басы, Жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Күн жылынып, қар еріп, адамзат, жан-жануар, өсімдіктер жаздың жақындағаның сезеді. Наурыз тойында жақсы киініп, жақын адамдар бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні әр үйдің дастарқанында жеті түрлі тағам болу керек.Солардың ең бастысы – наурыз көже.

Наурыз көже су мен тұздан басқа жеті түрлі азық қосып пісіреледі. Олар: ет (қысқы соғымнан қалған қазы, қарта, шұжық, жал-жая, бас), қамыр, сүт, айран, құрт, тары, бидай. Наурыз көжеге ауылдағы туған-туысқандардың бәрін де шақырады. Тамақ ішкен соң: «Ұлыс оң, ақ мол болсын! Дастарқаның бай болсын!» - деп үлкендер бата береді.

Наурыз – жыл басы. Бұл – салт-дәстүрлерімізді еске алатын күн.



Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз

Халқымызда «үш», жеті, «тоғыз» сөздерімен байланысты айтылатын сөздерге мысал келтіріңіз.

Мәтінді ауызша әңгімелеп беріңіз.


ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Тоғызқұмалақ- қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі. Бұл ойынды қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнайды.Тоғызқұмалақ ойынын «қойшылар алгебрасы» деп те жүр. Оның себебі де жоқ емес. Тоғызқұмалақты тұңғыш рет қойшылар ойлап шығарған және бұл есеп ойыны. Ертеде қатар қонған ауыл қойшылары жайлауда қойды қапатата жайып барып жусатқан соң, бір төбенің басына жиналып, жақ- жақ болып тоғызқұмалақ ойнайтын болса керек.

Алайда тоғызқұмалақ ойыны ол кезде қойдың құмалақтарымен ойналушы еді. Бұған онша күрделі жабдықтардың да қажеті болмады. Екі жақ ойыншыға тоғыз- тоғыздан шұңқыр (отау), бір- бірден қазан (құмалақ жинайтын үлкен ұя) жасап, әр ойыншы 81- ден, барлығы 162 құмалақ пайдаланды. Қойшылар тоғыз құмалақты жерді қазып алып, жүрелеп немесе малдас құрып отырып ойнай беретін болған. Бертін келе ойын халық арасына кеңінен тарап, қалың бұқараның мәдени қажетіне айналған. Әншіл, сауықшыл қазақ халқы адамның ой өрісін кеңейтетін, өмірге қажетті ауызекі есепке төселдіретін, ұстамдылықққа, творчестволық еңбек сүйгіштікке дағдыландыратын тамаша спорттық ойынға бос уақыттарын бөліп, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп келген.



Есте сақтайтын сөздер

Тұңғыш рет

Ойлап шығарған

Есеп ойыны

Жайлауда

Ойыншы


Жүрелеп немесе малдас құрып

Ұстамдылыққа



Ұрпақтан- ұрпаққа



13-ТАҚЫРЫП.

Мәтін: Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар.

Қайталау. Мақсат бағыныңқылы сабақтас. Көп бағыныңқылы сабақтас. Көп басыныңқы сабақтас.


Мәтін: Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар.
Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары — Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін марапатталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн. Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. Мемлекеттiк наградалардың сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi."Алтын Қыран" орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды. Өзге мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкiметi, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi. Наградтау үшiн кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсынуы мүмкiн. Шет ел азаматтары наградтауға ұсынуды жалпы негiздерде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, басқа министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары жүргiзедi. Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, көп балалы аналарды наградтауға және қаhармандық ерлiк жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттердi қоспағанда, осының алдындағы наградтау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi.

Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды. Құрметті атақтар қайталап берілмейді. Еліміздің мүддесін қорғау үстінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау қайтыс болғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.

Наградалар жөнiндегi ұсыныстарды алдын ала қарап, дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылады. Комиссияның құрамын және оның қызметi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Мәтін тапсырмалары

Мәтін бойынша екі адамның сөйлесуін құрыңыз.

Мәтіннен 5 сұраулы сөйлем жасаңыз.

Мәтіннің ауызша әңгімелеп беріңіз.


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТ
Қазақстанда спортқа әрқашан зор көңіл бөлінетін. 1991 жылдан бастап, Қазақстан халықаралық спорт жарыстарына тәуеліз мемлекет ретінде қатынасып жүр. Республикада олимпиада қозғалысын дамыту үшін Ұлттық олимпиада комитеті құрылды. 1994 Лиллехаммерде өткен ХVІІ қысқы олимпиада ойындарына алғаш рет қатынасты. Елде халықаралық дәрежедегі спортшылар көп. Елдің ұлттық құрама командалары үшін резерв дайындау ісіне көп көңіл бөлінеді. Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Степногорск қалаларында дарынды балалар үшін мектеп-интернаттары құрылған. Түрлі спорт құрылыстары салынуда. Астанада спорт сарайы, теннис корттары, стадион жұмыс істейді. Республикада жоғары дәрежелі спортшылар даярлау жүйесі жұмыс істейді. 291 спорт мектебі, 6 спорт шеберлігі мектебі жұмыс істейді. Онда 140 мыңға жуық балалар, жасөспірімдер және жастар жаттығады.

Қазақстан спортшылары Азиядағы күштілердің бірінен саналады. Олар Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея спортшыларына қуатты бәсекелестік танытады. Қазақстанның құрама командалары Азия орындарында табысқа жетуде. Әсіресе, боксшылардың жетістіктері байқалуда. Олимпиада жеңімпаздары Василий Жировты, Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимовты кім білмейді?! Жеңіл атлетикада, грек-рим күресі, шахматта да жетістіктер бар. 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының қорытындылары бойынша Қазақстанның спорттық делегациясы 199 қатынасушы елдердің арасында 22-ші орынды иеленді.

Тәуелсіздік алғаннан бері елде ұлттық спорт түрлерін жандандыру және дамыту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл шаралардың нәтижелері кезек күттірген жоқ. Қазір ұлттық қазақша күреспен 20 мыңнан астам адам айналысады. Халық арасында көне тоғыз құмалақ ойыны танымал болып алды. Ұлттық ат ойыны көкпармен 2 мыңнан астам адам айналысуда. Бәйге, жорға жарыс, теңге алу, қыз қуу сияқты спорт түрлерінің бас июшілері де бар. Жыл сайын ұлттық спорт түрлерінің көпшілігі бойынша ресми чемпионаттар және республикалық турнирлер өткізіледі.
Есте сақтайтын сөздер

Қазақша күрес

Тоғыз құмалақ

Көкпар


14-ТАҚЫРЫП.

Мәтін: Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар.

Қайталау. Аралас құрмалас сөйлем. Диалог. Монолог.



Мәтін: Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар.
Қайырымдылық —көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.

  • Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),

  • Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады
Қайталау. Аралас құрмалас сөйлем. Диалог. Монолог.


Салалас + сабақтас+салалас

Сабақтас+салалас + салалас

Сабақтас+салалас+ сабақтас+салалас

Салалас + сабақтас+ сабақтас+ салалас

Қарағандының қары биыл бұрқаң-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы тұр.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстыры үздіксіз шығады да, Лиза үйге кайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны андалады.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін – кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.


Көп құрамды құрмалас сөйлемнің түрлері


Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

салалас + салалас + салалас

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болады

Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем (к.б.с.қ)

Жарыспалы к.б.с.қ

сабақтас+ сабақтас+ салалас

Саб, саб, сал

Күн жылы болғандықтан, шанамызды алып, далаға кеттік

Сатылы к.б.с.қ

сабақтас+ сабақтас+ салалас

Саб, саб, сал

Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас+салалас + салалас

Саб, саб, сал

Басы ауырып, үйіне кеткендіктен, соңғы сабаққа қатыспады

Аралас құрмалас сөйлем

Сабақтас+салалас + салалас

Саб, саб, сал

Ол ретін тауып, бастықпен сөйлесіп еді, жоспарларын бекітпей қойды


Мәтін тапсырмалары

Мәтін бойынша екі адамның сөйлесуін құрыңыз.

Мәтінді қатысты 3мақал-мәтел айтыңыз.

Мәтінді ауызша әңгімелеп бер.


АС-АДАМНЫҢ АРҚАУЫ
“Ас – адамның арқауы” деп тауып айтқан қазақ дастарқан байлығына ерекше мән беріп қараған.Тағам түрлерін ақ (сүт тағамдары) , қызыл (ет) және көк (жеміс) деп үшке бөлген. Соның ішінде денсаулыққа пайдалы әрі құнары мол сүт тағамдарының бірнеше түрлерін жасай білген.Сүтті қасиетті зат есебінде қарап “ақты төпке, малдың желіні кетеді” деп ескерту жасап отырған.Қазақтың құрт, ірімшік, ежігей тағы сол сияқты сүт тағамдары басқа елдерде өте жоғары бағаланады.

Енді сүт тағамдарына жеке-жеке тоқталып, олардың жасалуы мен дәстүрлі, кәделі жолдарын әңгімелейік.

Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы.

Дайындау әдісіне, қасиетіне, сапасына және сақталу уақытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөледі. Және олардың әр түрін жылқы жасы атауымен атайды.

У ы з қ ы м ы з – биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз.

Б а л қ ы м ы з – жылқының сүт қазысын қосып әбден бабына келтіріліп пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі қою, дәмді, жұғымды, тұшы болады.

Қ ұ н а н қ ы м ы з – екі түн сақталған, толық ашыған қымыз.

Д ө н е н қ ы м ы з – үш түн сақталған өте күшті қымыз.

Б е с т і қ ы м ы з – төрт түн сақталып ашуы әбден жеткен қымыз.

Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылатын қымызды сары қымыз дейді.

Көп пісіліп ащы дәмі кеткен қымызды өлтірілген қымыз дейді. Бұл жақсы деген ұғымды білдіреді.

Қымыз - әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат.

Шұбат. Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын – шұбат. Оның түйе сүтінен жасалатыны барша жұртқа белгілі.

Құрт – қой, сиыр сүтінен жасалады. Әріне, қойсүтінен жасалған құрттың дәмі де, сапасы да өте жақсы болады.

Құрт көже – тағамдық қуаты мол жеңсік ас. Ол көбінесе қыста дайындалады. Қазақтар мұны қыстың қымызы деп те дәріптейді. Өйткені құрт көже әрі тамақ әрі сусын.

Ірімшік сүттен жасалады. Сүтті қайнатып оған қымыз, айран, шұбат сияқты ащы іріткі қосып ірітеді.Іріген сүттен ірімшік түзіліп, табаққа дорбаға салып кептіріп алады.

Уыз. Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті уыз деп аталады. Уыз өте дәмді әрі қою болады. Бала да, төл де уыз сүтін тойып ішу керек. Уызында жарымаған деген сөз осыдан шыққан.

Айран – қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Қатыққа қарағанда сұйық әрі ащылау болады. Айранмен шөл басады.


Есте сақтайтын сөздер
Ұлттық тағам

Дайындау әдісі

Сусын

Дертке шипа



Сүт тағамдары

Кептіру


Малдың төлдеуі

Алғашқы сүт

Қою


15-ТАҚЫРЫП.

Мәтін: Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі.

Қайталау. Автор сөзі. Төл сөз. Төлеу сөз. Стиль.



Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Напалеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Балзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

  • БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

  • БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

  • БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.


Қайталау. Автор сөзі. Төл сөз. Төлеу сөз. Стиль.

Төл сөз деп жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтамыз.

Төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының я сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол - автор сөзі деп аталатын.

Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз.


Төл сөздің орын тәртібі және тыныс белгілері





Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.

Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.

Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.

Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

«Төл сөз»,-автор сөзі

Автор сөзі: «Төл сөз».

Автор сөзі: «Төл сөз»,-автор сөзі.

«Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз».

«Балалармен ақылдасып көрейік»,-деді Ақылбай.

Балтабай былай деді: «Балалармен ақылдасып көрейік».

Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік»,-деді.

«Балалармен,-деді Балтабай,-ақылдасып көрейік».

-Төл сөз, - автор сөзі

Автор сөзі:-Төл сөз.

Автор сөзі:-Төл сөз,-автор сөзі.

-Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз.

-Ол сенің інің бе?-деп сұрады Сағи.

Сағи былай деп сұрады: -Ол сенің інің бе?

Сағи: -Ол сенің інің бе?-деп сұрады.

-Ол,- деді Сағи,-сенің інің бе?


Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және жиі қолданылатыны - төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге –дық, -дік жұрнағы мен тәуелді жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен судан қорқамын»,-деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты.

Төл сөздің баяндауышы өткен шақты немесе нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің –қан, -ған, -кен, -ген жұрнақтары арқылы беріледі. Мысалы: «Автобус күтіп тұр»,-деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.

Егер төл сөз етістіктің келер шақ (бұйрық түрінен басқа) немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, -атын,-етін, -йтын, -йтін жұрнақты есімше арқылы беріледі. Мысалы: «Ол ертең келеді»,-деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.

Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтыласа, төлеу сөзде ол тұйық етістік формасына айналады. Мысалы: «Сен ертерек кел»,-деді Омар. Омар оған ертелек келуін айтты.

Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұрғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда, е етістігі көмекші болып келеді. «Кітап-білім бұлағы»,-деді Омар. Омар кітаптың білім бұлағы екенін айтты.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет