Инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру



бет1/3
Дата04.09.2022
өлшемі17.51 Kb.
#175255
  1   2   3
Байланысты:
Инклюзивті білім беру
Педагогтің әдістемелік мәдениеті, оқыту заңдылықтары, Тапсырма


Инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру.

Әдістемелік ұсынымдарда әртүрлі санаттағы білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар жайында, жалпы білім беру ортасының бейімделуін жоспарлау нәтижелері туралы баяндалған.


Білім беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған:

  • көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау;

  • есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту;

  • ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау;

  • қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру;

  • сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосу үшін жалпы білім беру ұйымдары, физикалық және ақыл-ой дамуының кемістігі бар оқушылардың даму ерекшеліктерінен туындайтын арнайы міндеттерді шешуге дайын болулары керек. Олардың қатарына келесі міндеттерді жатқызуға болады:
Бірінші шарт – оқыту процесін дараландыру және саралау
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортаға балаларды енгізудің түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті:
а) қалыпты сыныпта оқыту
Екінші шарт – білім беру процесінің барлық қатысушыларын (балалар, ата-аналар, мұғалімдер, білім жүйесінің басшыларын) дамуында шектеуі бар оқушылармен өзара қарым-қатынаста қатар өмір сүруге дайындау.
Қалыпты білім беру кеңістігіне арнайы оқу қажеттіліктері бар
Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру.
Жаппай білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері
Төртінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды арнайы психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу.
Бала дамуындағы бұзылыс оның оқу материалын меңгеруіне және қоршаған адамдармен (құрдастарымен, үлкендермен) жеке дара қарым-қатынас жасауына әсер етеді.
Бесінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын толықтыру.
Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың оқу үрдісі мен әлеуметтік бейімдеуінің табыстылығы таңдап алған оқу бағдарламаның оқушының танымдық және функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкестігіне және нақты оқу жетістіктерін тұрақты бақылау арқылы қол жеткізіледі
Анықтамалар мен қысқартулар
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар.
Білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет