«instagram» арқылы табысымды 10 есеге арттырдым insta-жұлдыз



бет1/6
Дата13.05.2022
өлшемі13.42 Kb.
#173837
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
инста
ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ 30 ЖОБА


«INSTAGRAM» АРҚЫЛЫ ТАБЫСЫМДЫ 10 ЕСЕГЕ АРТТЫРДЫМ

Insta-жұлдыз

Қазір әлеуметтік желі арқылы елге таңсық дүниені үйреніп, кәсіпке айналдырып жүрген жандар аз емес. Айдарымыздың бүгінгі қонағы Аида Молдабек те аймақ тұрғындарына беймәлім эпоксидті шайырдан жасалатын таңғажайып бұйымдарды өндіру тәсілдерін алғашқылардың бірі болып үйренді. Кейіпкеріміз бізге үлкен шеберлікті қажет ететін бұл ерекше кәсібі жайлы тереңірек баяндап, үйден шықпай-ақ табыс табудың құпияларымен бөлісетін болады.

Аида ханым, өміріңіз үнемі шығармашылықпен байланысты болды ма? Бұл кәсіпті игеру туралы идея қайдан келді?

– Негізгі мамандығым – қаржыгер. Университет қабырғасында 4 жыл білім алғаннан кейін, диплом бойынша 1 жылдан астам уақыт жұмыс істедім, алайда өзіме ұнамады. Мекемеде еңбек етіп жүрген кезімде «Instagram» желісі арқылы эпоксидті шайырдан жасалған өнімдер туралы естідім. 2-3 айдай шығармашылықтың бұл түрімен тұрақты түрде айналысып жүрген адамдардың парақшасын бақылап жүрдім. Ақыр аяғында, 2020 жылы Алматы қаласына арнайып барып, суретші, Resin Art техникасының білгірі Екатерина Нумеровскаяның 2 күндік шеберлік сағатына қатыстым. Процесс маған қатты ұнады, шығармашылықпен айналысу арқылы мидың бір сәт демалатынын, қолөнермен өмірімді тұтастай байланыстырғым келетінімді ұғындым. Кейін құрал-жабдықтарымды сатып алып, кәсібімді бастау мақсатында Тараз қаласына қайта оралдым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет