Ата-анаңыз бастапқы кезде жаңа хоббиіңізге секеммен қарады ма? Кәсібіңізді қалай дамыттыңыз?
– Тараз қаласының тұрғындары үшін де, ата-анам үшін де кәсіптің бұл түрі таңсық болды. Бірақ ата-анам мен туыстарым мені барынша қолдап, мақтау сөз айтатын. Кейіннен «Instagram» парақша аштым, эпоксидті шайырдан жасалған ыдыстар мен картиналардың суреттерін жүктедім. Өз оқырмандарымды жинау мақсатында таргет те жүргіздім, бірақ жазылушылардың саны бірден арта қойған жоқ. Бірақ жаңадан тіркелген адамдардың барлығы менен осы Resin Art техникасының жасалу жолдарын үйрететін шеберлік кластарды сұрайтын. Шеберлік сағаттарын өткізу арқылы да табыс табуға болатынын түсінгеннен кейін бірден қолымды жаттықтыру мақсатында әртүрлі бұйымдар жасай бастадым. Сол сәттен бастап тапсырысым да, оқырмандарымның саны да артты.
–
Достарыңызбен бөлісу: |