2023 жылдың соңында Жапонияның номиналды жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) доллармен есептегенде 4,21 триллион долларға дейін төмендеген. Оған дейін экономика бойынша үшінші орында тұрған Жапонияны Германия басып озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Asia Nikkei сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Германияның ЖІӨ 4,46 триллион долларға жетіп, әлем елдері арасында экономика бойынша үздік үштікке кірді.  

Жапонияның номиналды ЖІӨ-і тұтынушылық пен корпоративтік инвестицияның төмендеуіне байланысты 0,4%-ға қысқарды.

Ведомствоның мәліметінше, биыл қаңтар-наурыз аралығында экспорттың төмендеуіне байланысты бұл көрсеткіші одан әрі құлдырауы мүмкін. Сонымен қатар иен құнсызданып жатыр.

Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников Ресей экономикасы ЖІӨ-і 2%-ға жыл сайын өссе, үш-төрт жыл ішінде Жапонияны басып озуы мүмкін екенін айтты. Себебі олардың экономикасында айтарлықтай алшақтық жоқ дейді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.