Ақтауда Toyota Hilux жүргізушісі Toyota Camry көлігімен соқтығысып, бағананы қиратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: na_dorogah_aktau Instagram парақшасынан

Жол апаты видеоға түсіп қалған. Оқиға 26 қаңтар күні сағат 13:30 шамасында болған.

Полицейлердің мәліметінше, 19-ықшамаудандағы жолдардың бірінде Toyota Hilux жүргізушісі үлкен жолдың бойымен келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Camry жүргізушісі материалдық шығынға ұшырады.

"Toyota Hilux көлігінің 52 жастағы жүргізушісіне көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды және басқа да құрылыстарды бүлдіргені немесе материалдық залал келтірген өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", — делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасына кінәліге жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2024 ж. 73 840 теңге – шамамен) айыппұл салынады немесе алты айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалады.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от На дорогах Актау (@na_dorogah_aktau)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.