Астанада халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі растады.

"Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасын ұстады. Соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекс шеңберінде жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада. 

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының сайтында жарияланған мәліметте компанияның басқарма төрағасы 39 жастағы Олжас Ағабеков екені айтылған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.