Интеллект психологиясы үсенова С. М., Абдыбаева Г. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ



жүктеу 54.62 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі54.62 Kb.

ӘОЖ 41.612
ИНТЕЛЛЕКТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Үсенова С.М., Абдыбаева Г.М.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Адамдар жануарлардан интеллектісімен ерекшеленеді. Адам интеллектісі машина интеллектісінен ерекше. Балалар интеллектісі ересектер интеллектісінен ерекшеленеді. Сондай-ақ, бір жас кезеңіндегі адамдар интеллектісінде де айырмашылықтар болады.

Психологиялық диагностика әр түрлі психологиялық белгілері бойынша адамдар арасындағы индивидуалды ерекшеліктерін құруға мүмкіндік беретін түрлі әдістемелерді (тестілерді) кең ауқымда ұсынады. Солардың ішінде интеллектуалды даму деңгейін өлшеу үшін жасалған әдістемелер ерекше топты құрайды.

Интеллектіні өлшеу тек психологтарды ғана емес, сондай-ақ барша қоғамды толғандыратын мәселе. Қабілеттіліктегі индивидуалды ерекшеліктерді ашатын интеллект тестілерін қолдану үлкен әлеуметтілікке ие.

Ресейде интеллект тестілері 1920-1930жж. кеңінен қолданылды (А.Шубертін 1930ж. мәліметтері бойынша, 1920-1930жж. кезеңінде 25 ресейлік және 17 шетелдік тестілер пайдаланылды, оның ішінде біршама бөлігі интеллект диагностикасына арналған). Бұл жылдары ұлттық білімде, кәсіби бағдар беру мен кәсіби іріктеуде тесті қолданған жыл. 1930ж. ортасында идеология бойынша тестілеуді доғару психологияны интеллектуалды даму деңгейін өлшейтін құралдардан құр қалдырды. Интеллект өлшейтін тестілердің «екінші жаңғыруы» 1970ж. болды. Бұлар негізінен американдық тестілер болатын. Олардың көпшілігі ұзақ тарихи дамудан өтіп, жұмыс тәжірибесі шетел психологтарының бір ұрпағынан екіншісіне беріліп отырды. Тестілермен бірге, әрине, интеллект өлшеу кезіндегі барлық мәселелер көтеріледі. Бұл мәселелер бүгінгі күнде біз үшін жаңа әрі танымалы болып қала береді.

Бұл тестілер интеллектіні өлшеуге нұсқалған деп жорамалданады. Психологиялық энциклопедиялар мен сөздіктер бұл түсініктің әртүрлі анықтамаларын береді. Сонымен, тестілер қандай интеллектіні өлшейді? Шетел психодиагностикасында дәстүрлі болып есептелетін интеллектінің психометриялық моделі қалыптасады. Бұл модель келесі жағдайда орнығады.


  1. G немесе жалпы интеллект деп аталатын бірегей барлығына енетін қабілеттердің бар болуы.

  2. Жалпы интеллект биологиялық негізге ие, осыған сәйкес тұқымқуалаушылықпен (h) және түрлі психофизиологиялық көрсеткіштермен жоғары корреляциялайды / өзара қатысты болады/.

  3. Биологиялық интеллекті интеллект тестілер арқылы өлшейді.

Интеллектінің психометриялық моделі әрдайым дамып отырады және IQ мен жүйке сигналының берілу жылдамдығының, реакция уақытының т.б. байланысы құрылатын көптеген зеррттеулермен нақтыланады. Қазіргі шетелдік психологиялық әдебиеттердегі көп орынды бұл зерттеулердің қысқаша шолу үлгілері ғана иеленген. Интеллектінің дәстүрлі психометриялық моделінің дұрыстығы қаншалықты? Оның табиғаты, сол арқылы интеллект тестілерімен не өлшенетіні жайындағы, басқа да жорамалдар мүмкін бе? Интеллект дамуының деңгейінде индивидуалды ерекшеліктердің себептері қандай? Бұл сұрақтарға жауап ретінде осы оқу құралы арналады.

1921ж американдық он жеті жетекші психологтарға келесі үш сұрақ қойылды.

1. Интеллект дегеніміз не?

2. Ол топтық тестілермен қаншалықты жақсы өлшенуі мүмкін?

3. Оны зерттеуде келесі қадам қандай болуы керек?

Нәтижесінде екі сәйкес жауап алынбады. Бұл ситуация бүгінде қайталанады деуге болмайды, алайда бұл сұрақтарды сол психологтарға қояр болсақ, көп сәйкес жауаптар алатынымыз екіталай екендігіне сенімді болуымызға болады.

Осылайша, бүгін де кешегі сияқты интеллектіні анықтауда біз үлкен қиыншылықтарға кезігеміз. Келесі негізгі әдістемелік кешендерді көрсетуге болады.Осы жерде бірнеше интеллект анықтамасын беруді жөн көрдік және оларды ретімен қарастырдық

♦ Интеллект – бұл интеллект тестілерімен өлшенеді.

♦ Интеллект – бұл оқуға деген жалпы қабілеттілік.

♦ Интеллект – бұл абстрактілі ойлауға қабілеттілік.

♦ Интеллект – бұл күрделі ортада адаптация (бейімделуі), мінез-құлық тиімділігін қамтамасыз етеді.

Тестпен өлшенетін интеллект анықтамасын алғаш Эдвин Боринг (Boring, 1923) ұсынды. Бұл көзқарас интеллект түсінігінде біртұтас позицияның жоқтығын көрсетті. Алайда, интеллект өлшеу құралы арқылы анықталып және оның мазмұнды талдауынан бас тарту ретінде қабылданса да, интеллектінің мұндай анықтамасы көңілге қонымды. Интеллектіні осылайша анықтай отырып, зерттеушілер интеллект сөзінің мағынасында емес, адам күнделікті өмірде шешетін түрлі міндеттерді сәтті, ұтымды шешу негізінде анықталған интеллект жайында сөз етуге ұмтылған болуы мүмкін. Г.Айзенк «Интеллект IQ тестілерінің көмегімен көрсетілген психометриялық қасиеттер негізінде анықтау қарапайым оңайырақ, сондықтан, қолдануға ыңғайлы... . Бір қарағанда ол тавталогиялы және тривиалды болып көрінеді, алайда, бұл олай емес. Интеллект тестілері оңай құрыла салмайды: олар позитивті көптүрлілік сияқты, анықталған және жақсы танымал табиғи заңдылықтарға негізделеді, яғни, когнитивті тапсырмалар арасындағы кез-келген корреляциялар (өзара қатыста), табиғаты әр түрлі болғанымен, сыналушының түрлі қабілеттерін тестілеу шартында оң (положительный) болады деген факті болып табылады. Берілген анықтамада, сондай-ақ, тестілер арасындағы өзара корреляциялардың (өзара қатыстын, байланыстын) матрицаларында өте күшті жалпы фактордың бар екендігін жорамалдайтын, бірлікке жақын ранг бар делінеді» (Айзенк, 1995) деп дұрыс айтады.

Бұл біршама дәлелді, көне, терең дәстүрлері бар түсінік, сондықтан бұл интеллектіні оқуға деген қабілеттілік деп түсіну болып табылады. Алайда, интеллектіні оқуға деген қабілеттілік деп түсініп, біз бірін тілейміз немесе қаламаймыз да, іс-әрекеттің тек бір түрінің міндеттеріне «ендіреміз». Интеллектінің бұл түсінігін қарастыра отырып, Анастази: не нәрсеге оқыту? деп сұрақ қояды. Және осы сұраққа жауап бере отырып, «біздің мәдениетте интеллект дәстүрлі түрде мектептік оқытумен байланысты болды» деп көрсетеді.

Шынында да, көптеген жұмыстарда интеллект тестілерінің көмегімен алынған мәліметтер оқу үлгірімімен корреляцияланатыны (өзара байланысты) көрсетілген (корреляция коэффициенті шамамен 0,50 тең, тәуелділік бастауыш сыныптарда жоғары, ал содан соң біршама төмендейді). Бірақ үлгірім бағасын оқыту процесі емес, оның нәтижесі бейнелейді, ал корреляцияның өздері, тестілердің көпшілігі индивидтің мектепте игеретін интеллектуалды біліктілігінің қаншалықты болатынын өлшейтінімен түсіндіріледі (интеллектіні өлшеуге арналған тестілер валидтылығының (жарамдылығын) сыртқы критериясы ретінде мектептегі үлгірім болатыны белгілі). Интеллект тестілері де, мектептегі бағалар да адамның көптеген өмірлік ситуациялардан қалай шығатынын болжап айтуға мүмкіндік бермейді.

Әйтеуір, біздің жағдайда сөз ең әуелі ойлау біліктілігі жайында болып отырғанда, түрлі біліктілікке, операцияларға, әрекеттерге үйрету (оқыту), олардың өзіндік ерекшелігіне тәуелді болады. Осы себептен, интеллектіні оқуға деген жалпыланған қабілеттілікпен теңдестіруге болмайды.

Интеллектіні абстрактілі ойлауға, сызбалар мен символдарды тиімді қолдануға қабілеттілік ретінде қарау, тек интеллект түсінігін ғана емес, сондай-ақ, оның пайда болып көріну аясын да тарылтады. Бұл міндеттерді шешу қабілеттілігіне кіріктірілген интеллектінің процессуалды сипаттамаларына өз назарын аударған когнитивтік психологияда жақсы көрініс тапқан. Егер интеллект интеллектуалды тестілермен өлшенетіндерден жоғары нәрсе болса, онда концептуализация (белгілі бір жағдайдағы жүйесі) және абстрактілі талқылау қабілеттіліктерімен тіпті де шектелмейтіндігін елестету қиын емес.

Интеллектінің бейімді іс-әрекет арқылы берілетін анықтамасын жақтаушылар көп. Пиаже (Piaget, 1960) үшін интеллектінің мәні орта мен ағза арасындағы қатынасты құрылымдауда көрінеді, ал оның дамуы біршама адекватты бейімделуде көрінеді. Вернон (Vernon, 1960) интеллектіні өмір ағымында қалыптасқан, тұлғаның мінез-құлық схемасындағы (үлгісінде) күрделілік пен икемділіктің жалпы деңгейіне сәйкес келеді деп көрсетеді.

Осыған қарағанда, интеллектіні индивидтің қоршаған ортамен өзара әрекеттестігінің көп түрлі формаларынан тыс анықтау мүмкін емес. Бұл өзара әрекеттестік жай икемделу, бейімділік емес, белсенді әрекет ретінде қарастырылады. «Интеллект секілді түсінік тек индивидтің қоршаған орта шындығымен нақты әрекеттегі өзара қатынас жоспарында ашылады».



Интеллектінің мұндай түсінігі оны оқуға деген қабілеттілік, абстрактілі ойлау және т.б. түрінде көрінетін нәтиже емес, процесс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Каталог: rus -> all.doc -> sovremennost20 -> 1-tom
1-tom -> ӘОЖ: 338. 24 АумақТЫҚ экономикалық ЖҮйелердің БӘсекеге қабілеттілігін дамыту шарттары мен факторлары
1-tom -> Хіх ғасырдың ІІ жартысындағы жетісу өҢіріндегі жер мәселесі рүстемова М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> Әож 936. Орыс билігінің Жетісуға енуі және жетісу қазақтарының азаттық қозғалысы
1-tom -> Әож 936. 1917 жылдағы ақпан төнкерісі және сыр бойындағы жергілікті халықТЫҢ саяси-әлеуметтік жағдайы
1-tom -> Экоцид қылмысының ТҮсінігі тұрсынбаев М. Б., Жадраев И. К. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> ҚҰс атауларының СӨзжасамдық ҚҰрылымы, типтері мен үлгілері үсен Н. П. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> МоңҒол тілді аңыздар мен ауызша деректер көне түріктер мен қазақтар жайында ақылбеков Р. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
1-tom -> Қазақ халқының материалдық МӘдениетінің даму ерекшеліктері тәжібекова А. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> Әож 801. 311(5 Каз): 81'373. 611 Қазақстан топонимдерінің ҚҰрылымдық ЖҮйесі
1-tom -> ҚҰс атауларының семантикасы үсен Н. П. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет