Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің жеке мәліметтері, оның ішінде пәктіктің бар-жоғы туралы ақпараттың таралуына қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dknews

Министр аталған факті бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Нәтижесінде медициналық орталық қызметкері мен деканат қызметкері қателік жібергені белгілі болды.

Оның айтуынша, медициналық орталық қызметкері қосымша медициналық ақпарат жазылған жолақтарды алып тастамай, флюорографиядан өтпеген студенттердің тізімін университетке жіберген. Деканат қызметкері де бұл ақпаратқа мән бермей немесе маңызды деп санамай студенттерге жіберген.

  • "Тізім ауызша жинақталған": Аурухана директоры ҚазҰУ студенттерінің "пәктігі" туралы деректер не үшін керек екенін айтты
  • Дәрігерлер қыздардың пәктігі туралы ақпаратты білуі керек – Денсаулық сақтау вице-министрі

"Міне, ең бастысы. Сіздер неге олар пәктікке тексеру жүргізді деген сұрақ қойып отырсыздар. Негізінде, бұл студенттердің гинекологтың немесе белгілі бір маманның тексеруінен өткен, өтпегенін көрсетеді. Мәселе пәктікті анықтауда емес. Бұл қарапайым гинекологтың стандартты тексеруі және олар оны медициналық бланкіге белгілеген. Бұл жерде екі қателік орын алды. Біріншіден, медициналық орталық бұл форматта ақпараттық бюллетень жібермеуі керек еді. Екіншіден, деканат құжатты тексеріп алуы тиіс еді. Бұл "пәк қыздар тізімі" емес. Құжат гинекологтың тексеруінен өткен немесе өтпегендердің тізімі", – деді министр.

Ғылым және жоғары білім министрі тергеу аяқталғанша күтуді сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыдағы жоғары оқу орнында оқитын студенттердің ішіндегі пәк қыздардың тізімі желіге жарияланып кетуі фактісі бойынша әдейі ұйымдастыру анықталмағанын айтқаны туралы жазған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.