Қаржылық пирамида құрды деп айыпталып, Қырғызстанда ұсталған қазақстандықтың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: mvd.gov.kg

Бішкек ішкі істер басқармасының хабарлауынша, өткен жылдың соңында Бішкекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы ("Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару") бойынша айыпталған 1985 жылғы шетелдік азамат О.А. ұсталды. Оны қамауға алу туралы үкім шықты. 

“Ұсталған азамат 2000 жылы қайтыс болған Қырғыз республикасы азаматының паспортын заңсыз алып, бірнеше рет пайдаланғаны анықталды”, — делінген хабарламада.

  • Шығын көлемі 1 миллиард теңге: "Капитал мечты" қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
  • 12 жылға сотталған Mudarabah Capital басшысының анасы қарттар үйіне түсіп қалды

Ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып, Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтті, ал тіркеу органындағы лауазымды адамдар оған республикада одан әрі заңды жүруге жәрдемдескен. 

"Сонымен қатар, ол есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып, 150 мың сом айыппұл төлеп үлгерген", — деп атап өтті Ішкі істер басқармасы.

Қылмыстық кодекстің 347-бабы ("Паспортты заңсыз беру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Паспортты заңсыз берді деген күдікпен Бішкектегі халықты тіркеу департаменті Октябрь ауданының паспорттық-визалық және тіркеу жұмысы бөлімінің жетекші маманы 1981 жылы туған К.А. ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Бұған дейін Қырғызстан астанасы Бішкекте қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық ұсталғанын хабарлаған едік. 

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 23 маусымда Алматыдағы Алмалы аудандық соты танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа Mudarabah Capital қаржы пирамидасы туралы іс бойынша үкім шығарды.

Алмалы ауданының соты вайнер Мейіржан Төребаевқа қауіпсіздігі ең төмен колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаса, Мейірхан Шерниязовқа да дәл осындай айып берілді. Басқа қатысушыларға 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот жәбірленушілердің 1 миллиард 861 миллион 752 мың 441 теңгеден аса сомадағы талабын қанағаттандырды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.