Түркістан облысында ботулизм дертін жұқтырған екі адамның бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Белгілі болғандай, олар үй жағдайында дайындалған консервіленген қиярды тұтынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа қарағанда, Түркістан облысының екі тұрғыны ботулизм дертін жұқтырған. Белгілі болғандай, олар үй жағдайында дайындалған консервіленген қиярды тұтынған. Нәтижесінде екі азаматта да үрей, құсу, бас айналу, сияқты ботулизмге тән клиникалық көріністер байқалған.

Созақ ауданының 34 жастағы тұрғыны ауыр халде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Ордабасы ауданының 39 жастағы тұрғыны аудандық ауруханада ем қабылдауда. Оның жағдайы тұрақты екені айтылады.

  • Ақтөбеде әлеуметтік желіде басталған жанжал екі жасөспірімнің өлімімен аяқталды
  • "Көктемде бостандыққа шығуым мүмкін": Мұрат Әбділдә түрмеде өмірі жайлы айтып берді

Атап өтілгендей, аталған факті бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің қызметкерлері емдеу мекемелерінен келіп түскен жедел хабарламалар негізінде ауру ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіп, науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтарды есепке алған.

Айта кетейік, ботулизм – бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытында дәрігерге көрінбесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Көбінесе үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ,баклажан, көкөніс, салат, ет, балық консервілерін пайдаланғаннан болады.Белгілері – әлсіздік, іш ауруы, құсудың пайда болуы, көз алды торланып, бұлдырайды, ішкен асы тамақтан өтпей шашалады, жұтыну қиындайды, даусы қарлығып , мұрын арқылы сөйлейді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.