Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы апатты-құтқару жұмыстары қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 

Құтқарушылар алыс жолға шықпауға кеңес бергенімен, кей тұрғындар ескертуді елемей сапарлаймын деп қар құрсауында қалып жатыр. 

Бүгін МИ-8 әуе бөлімшесінің тікұшағымен қар құрсауынан тағы 32 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен 12 адам эвакуацияланды.

Video tag not supported. Download the video here

Видео: Төтенше жағдайлар министрлігі 

“Жолаушылар автобусынан “Вахта” автокөлігіне дейін өтімділігі жоғары техниканың көмегімен 30 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Сонымен қатар зардап шеккен 4 адам туралы ақпарат бар. Үсік дәрежесі анықталып жатыр. Эвакуацияланғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды”, делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында. 

Video tag not supported. Download the video here

Видео: Төтенше жағдайлар министрлігі 

Жедел республикалық және облыстық штаб жұмыс істейді.

Сенім телефоны ашылды: 8 7222 35-38-31.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 

Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін Қалбатау ауылының "Абай атындағы көпсалалы мектеп — гимназиясында” психолог жұмыс істеп жатыр. 

Video tag not supported. Download the video here

Видео: Төтенше жағдайлар министрлігі

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазіргі уақытта сайтта жеке құрамның 19 адамы және 4 бірлік техника жұмыс атқарып жатыр.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Абай облысының ТЖ департаментінің жедел желісіне  25 қоңырау түскен. Оның алтауы шұғыл психологиялық көмек көрсетуді сұраған. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.