Инвестицияның аймақТЫҚ-салалық теңгерімі берікова А. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ



Дата03.05.2019
өлшемі57.5 Kb.
#130843

ӘОЖ 330.322.5
ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ АЙМАҚТЫҚ-САЛАЛЫҚ ТЕҢГЕРІМІ
Берікова А.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Капиталды жинақтауды қосымша мақсаттық бағытта қолдануды аймақтың экономикалық секторының күшейтілген аграрлық инвестициялауы ұсынған жорамал болжайды.

Ауыл шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың қалыптасуын жаңарту ауыл шаруашылығының өсуін инвестициялаудың негізгі бағыты болады.

Ауылшаруашылығы өндірісінің технологиялық және техникалық қаруланған инвестициялау мен субсидиялауға мемлекеттің әсері бағытталуы тиіс.

Осы кезеңде тамшылап суғару технологиясы енгізілген ауылшаруашылықтың суғармалы жерлері мен суғарудың қазіргі жүйесін қалпына келтіру қажет.

Осы технологияларды енгізу суғарғыш судың шығынын үнемдейді және суғармалы жерлердің астығын көбейтеді. Жаңа технологиялар мал шаруашылығында жемдік базаны нығайтады, картопты, көкөністерді, техникалық және бақшалық мәдениетті, жүзімді өндіруді көбейтеді.

Мал шаруашылығы өндірісі өнімінің құрылымы табиғи жайылымдар мен шөптерді қолдану мақсатында өзгереді.

Сүт және үлкен мүйізді қара малдар, шошқа, құс еттері өндірісінде солтүстік аймақ мамандандырылады. Қой, ешкі, жылқы, түйе еттері, қаракөл жүндері, сонымен қатар қымыз бен шұбат өндірісінде батыс және орталық аймақтар мамандандырылады. Жайылымдарды таңдау мен тиянақты бағу жүйелерін енгізудің көмегімен қой, жылқы үйірі, түйе шаруашылығы аймақтың шөлді және жартылай шөлді аймақтарда орналасқан аудандардың (Атырау, Ақтобе және Қарағанды облыстарында) басым бөлігінде дамытылады.

Ол ауыл шаруашылығын қолдау шараларын жүзеге асыру барысында шығынсыз, жоғары технологиялы бәсекеге қабілетті болады. Нәтижесінде Қазақстан астық және басқа шаруашылық өнімдерінің сыртқы нарығында үнемі сыртқа шығарушы болады.

Қант қызылшасынан жасалған қант, жүзім жемістерінің жеке өндірісі есебінен ғылыми-тиянақты мөлшер бойынша халық сұраныстарын барлық негізгі азық-түліктермен (нан, және басқа наннан жасалған азық-түлікпен, картоп, көкөніс, ет және сүт) 100 % қамтамасыз етеді.

Табиғи-экономикалық аумақтар бойынша ауыл шаруашылығы өндірісі салалары мен салаларының бөлігінде орналастыруға байланысты құрылымдық өзгерістер болады. Астықтың негізгі көлемі Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында; Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – бидай; Алматы және Қызылордада – күріш; Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында – күнбағыс орналастырылған.

Оңтүстік аймақтың суармалы жерлерінің дақылдық талаптарға жауап беретін табиғи ауасы жақсы жерлеріне техникалық дақылдық өндірістер жинастырылған.

Мақта-шикізаты өндірісі – Оңтүстік Қазақстанда, қант қызылшасы – Алматы және Жамбыл облыстарында орналастырылған.

Қазақстанның барлық облыстарындағы табиғатты аудандарының негізгі суармалы жерлерінде картоп, көкеніс өндірісі орналастырылған. Бірақ картоп өндірісінің үлестік салмағының көпшілігі Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, көкеністер мен бақша дақылы – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында орналастырылған.

Қазіргі технологияның дақылдық жер өңдеу және оларда егіс айналымын өсіруді бақылау кезінде табиғи-шаруашылық аумақ пен облыстарда өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру жүргізіледі:



  • дәнді дақылдар (дәнді дақылдар егу үшін айдалып тасталатын егістік және отамалы дәнді дақылдар), күріш және техникалық дақылдар (көп жылдық өсімдіктің егіс айналымы);

  • картоп және бақшалық жеміс дақылдары (минеральдық және органикалық тыңайтқыштар бойынша тиімді үлгілерді мамандандырылған айналмалы егістік алқабында қолдану)

Ауылшаруашылығы егін дақылдарының жоғарылауы және егілетін аудандардың құрылымын оңтайландыру есебінен өсімдік шаруашылығы өндіріс өнімінің өсу нәтижесі қамтамасыз етіледі.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында жүзім мен жемістер өндірісі шоғырланған.

Жануарлардың өсуі өндірісте өнімді болғандықтан және олардың ғылыми үлгілері мен тұқымдары құрамының шоғырлануын толыққанды азықтандыруды қамтудың, қара мал басы, құстардың өсуі мен үйірлердің шоғырланған құрылымын қалыптастыру есебінен мал шаруашылығы саласынында өнімді өндірудің өсуі болады.

Егілген көп жылдық шөптерді қолдану азықтандыру өндірісінің қорын кеңейтеді.

Етті тұқымды қара мал басын көбейту есебінен Актобе, Қарағанды, Атырау, Алматыда ірі мүйізді қара малдың көбеюі топшыланған.

Қой мен ешкі басының жылдық орташа өсу қарқының көпшілігі Кызылорда, Павлодар, Карағанды, Атырау, Актөбе облыстарында болады. Бұл аймақтан табылатын табиғи жайылым аудандарды қолдану жолдары арқылы жылқы, түйе басының өсуі осы облыстарда қадағаланады.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында аумақ және облыс бойынша қара мал бастары мен құстардың оңтайлы орналасуы нәтижесінде ет өндірудің үлкен көлемі шоғырланған.

Қазіргі уақытта толық қолданылмайтын аудандар мен табиғи азықтандырудың пайдалы жерінде шаруқожалығы мен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорны өндіріс құрылымдарының өзгеруінен қара мал басы мен құстардың, сонымен қатар мал шаруашылығы өнімі өсуінің бірқатар әлеуеті жасалады.

Ірі мүйізді қара мал басының көбеюінің бірқатар мүмкіндіктерін шаруашылық белгілерінде есептеулер көрсетеді.

Республикада халықтың ішкі сұраныстарын қанағаттандыру үшін жеке тұтынушы ретінде де, өнеркәсіптік өңдеулерде де осы өнімдерді ішкі сұранысқа қолдану есебі ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің негізгі түрлері көлемінің ахуалына сәйкес дайындалған.

Облыс аралық тасымалдауды (шеттен әкелу-тасып шығару) есепке алудың, тұтынушылар бюджетінің ең аз мөлшері, сонымен қатар сақтандыру қорларын құру, дәндерге, мал шаруашылығын азықтандыруға сұраныстың ішкі және өнімді сыртқа шығару көлемдері бойынша облыс халқының сұраныстарындағы өнімнің барлық негізгі түрлерін өндіріс көлемі қамтамасыз ететінін есептеулер көрсетеді.

Алдағы жылда жермен айналысудың жалпы мәселелері бойынша жоғарыда айтылған айтылған қиындықтарға сәйкес өндіріске төмендегі жаңа технологияларды дайындау және енгізу қажет.



  • ауылшаруашылығының жеміс дайындау өлшемдердің негізгі бағасын есептеудің автоматикалық жүйесін құру және көп желілі ғарыштық ақпараттарды қолдану;

  • елдің барлық табиғи аумақтарына кішігірім жерға астық дақылдарының егудің технологиялары;

  • барлық аймақтардың антропогендік қызмет үдерісінде бұзылған жерлерге орналастыру және үйлестіру технологиясы;

  • тұзды жерлердің технологиясын меңгеру;

  • кішігірім жер өңдеу негізінде белгілі аймақтардың дақылдары үшін жаңа және дәстүрлі емес технологиялары;

  • өсімдік және жер жағдайын стратегиялық және жылдам қабылдау үшін компьютерлік техника мен ғарыштық ақпараттарды қолдану технологиялары;

  • аймақтағы ауылшаруашылық дақылдарының төмен азық-түлікті жер өнімін жоғарылатын жаңа экологиялық таза агротехнологиялар;

  • астық сатында тұзды жер, астық ішіндегі, жеміс бақшасының, жемдердің, техникалық дақылдардың игерудің жаңа агротехнологиялары;

  • кішігірім суарғыш жер дайындау жүйесінің технологияларын жетілдіру, сонымен қатар тыңайтқыштар қолдану;

  • жуу және оңтайландырудың жүйелі жұмыстарын жетілдіру жолдарымен жерді тұздан тазарту;

  • жерасты тұзды, тұрып қалған, лас суды ауыл шаруашылығында қолдануды жою;

  • ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру технологиялары мен техникалық мөлшері;

  • ауылшаруашылығында жайылымдарды су басуға байланысты су жөндеу жұмыстарының технологиясы мен механикаландыру жүйелері;

Аймақтың ауыл шаруашылығының биотехнологияларына төмендегі технологияларды дайындау және енгізу:

  • арнайы егілген және жабайы шыққан өсімдіктер мен жеміс дақылдарының тұқымқуалаушы қорларының ұзақ сақталуының қазіргі технологиялары;

  • қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларында жоғары беріктікке ие болған картоп, жеміс дақылдарының жаңа түрлерін жасау;

  • жоғары өндіруші көлік пен өсімдіктерді қорғаудың тиімділігін қолдана отырып, жеміс-жидек дақылдарын, картоп пен жүзімді жинауды көбейтудің жаңа технологиялары;

  • ең алдымен техникалық (мақта өсімдігі, зығыр және т.б.), азықтық және орман дақылдары бойынша жоғары шаруашылық белгілермен трансгендік өсімдіктер мен генетикалық өзгерістер технологиясын алу [1].

Ауыл шаруашылығы биотехнологияларының дамуы үшін төмендегі мәселелерді шешу қажет:

  • материалды-техникалық база құру, қаржымен қамтамасыз ету және мамандар дайындау;

  • биотехнологиялар дайындаумен айналысатын министрліктің әртүрлі кәсіпорындармен, ғылыми-зерттеу ұйымдармен тығыз байланыс жасау керек;

  • дене мүшесіне тұқым қуалауды таралмауын және биоқауіпсіздігін қадағалау бойынша Қазақстанда заңнамалық және нормативті-құқықтық актілер қабылдауды жылдамдату.

Республикада мал шаруашылығы өнімдерінің өндірістегі дамуын жүзеге асыруда олардың әлемдік саудаға шығуын қамтамасыз етуге, шетелге апаруға қарсылық көрсетілген.

Ол үшін аймақтың өндірістік әлеуетін республиканың табиғи-экологиялық, ахуалдық жағдайларды ескере отырып, тұқымдарға бөлуде мал шаруашылығы құрылымының ішкі салаларын тағы да оңтайландыру қажет.

Бұл мәселелерді шешу үшін мынадай инвестициялық бағыттар ұсынылады:


  • ауыл шаруашылығында жануарларды тамақтандырудың қазіргі талаптарына сай келетін берік және тиімді жемдік база құру;

  • тұқымқуалау әлеуетін жақсарту және ірі қара мал тұқымының санын көбейту;

  • технологиялық жаңалау үдерісімен кіші заттардан мамандандырылған орташа және ірі заттар өндірісіне өту.

Инвестициялық кеңістіктегі жағымды өзгерістер тұрақты және кері айналмайтын мінез танытпады. Инвестициялар тек тұрақты төлем қабілеттілікті, шығынын тез ақтамайтын салаларда артты, әсіресе табиғи монополиялар субъекттерінде шоғырланады. Кезінде қаржылық ресурстар тапшылығы болды, ал қазір инвестиция тапшылығының жаңа үлгісі- материалдың ресурстар тапшылығы кездеседі. Жағымды инвестициялық климат капитал ағымына жағдай жасайды, инвестицияларды белсенді әрекеттерге талпындырады. Климат жағымсыз болған жағдайда, капитал ағымы кеміп, инвестициялық қызмет өз жұмысын тоқтатады. Инвестициялық тәуекелдер тікелей инвестициялық климатқа тәуелді. Инвестициялық климатты аймақтық инвестициялық саясаттың объектісі ретінде қарастыруға болады. Аймақтағы биліктің барлық деңгейлерінде инвестициялық саясаттың инвестициялық салымдарға оңтайлы жағдай құруға бағытталған. Бұған басқару органдарының тарапынан ұйымдастырушылық және экономикалық іс-шаралар бағытталуы тиіс [2].

Аймақтың дамуын басқару әртүрлі кең спектрлі стратегиялар, бағдарламалар, нақты әрекеттер жүргізіледі, олардың көмегімен жергілікті билік органдары аймақ экономикасына жағдай жасауға талпынады. Амйақтағы инвестициялық процесстердің дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық базасын кеңейтуге, аймақ деңгейінде жаңа өнеркәсіптік, сервистік және ақпараттық технологияларды тарту және пайдалану бойынша мүмкіндіктерді күшейтуге септігін тигізеді.



Қазақстан экономикасының инвестициялық үдерістерін дамытуда функционалдандырудың, реттеудің және басқарудың территориялық аспекті ерекше маңызды рөл атқарады. Тек аймақта өндірістің құрылымын өзгерту, диверсификациялау және жаңарту бойынша нақты іс-шаралар іске асырылады, аймақтарда инвестициялық жобалардың нақты кәсіпорындарға қатысты жүргізіледі, кәсіпкерлік дамып, нарықтық реформалар жасалады. Аталған мәселелерді шешуде Қазақстан аймақтарының белсенді әрекетінсіз инвестициялық дағдарыстан өту, экономикалық тұрақтандыруға жету мүмкін емес.

Әдебиеттер


  1. Николаева Ю. Оценка инвестиционной емкости региона // Финансы. 2004. -№9.

  2. Сергеев И.В., Веретенникова И.И. Организация и финансирование инвестиций: Учеб. пособие. - М.: Финансы и статистика, 2000.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 I
konf 2014 I -> Әож 340. 141 ДӘСТҮрлі қазақ ҚҰҚЫҚ ЖҮйесін қайта қолданудың маңызы
konf 2014 I -> Қазақстан республикасының заңнамасы бойынша арал теңізінің Қоршаған ортаға келтіретін экологиялық Әсерін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жунисалиев А. Т., Махан Т. У., Қожахметова А. А
konf 2014 I -> Нєзір т¤РЕЌ¦ловтыњ Ќазаќтан шыќЌан т¦ЊЃыш елші ретінде
konf 2014 I -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 I -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 I -> Әож 903/904(574)(092) талас өҢіріндегі қалалар туралы парсы деректері шолпанқұлова Қ. А. Тармпи, Тараз қ
konf 2014 I -> ҚҰрамы рыскелдіұлы Е. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ,Тараз қ
konf 2014 I -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет