Ірі қара малдың ет және сүт өнімділігі. Оны есептеу әдістері Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата11.01.2022
өлшемі22.23 Kb.
#169649
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ет сүт өнімділігін анықтау әдісі
жеке даму, ешкі шаруашылығы (1)

Ірі қара малдың ет және сүт өнімділігі. Оны есептеу әдістері

Сабақтың мақсаты: сиырдың сүттілігін анықтаудың жолдарымен танысу. Малдың еттілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерімен танысу және малды ет өнімділігі бойынша бағалау әдістерін меңгеру.

Сабақ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: мал шаруашылығы өнімдерінің үлгілері, бақылау және өлшеуіш жабдықтары мен құралдары.

Сабақ мазмұны мен әдістемесі. Малдың тірі кезінде, оның еттілік қасиетіне дұрыс баға берудің селекциялық маңызы үлкен. Малдың тірісінде еттілік қасиетін ауық–ауық салмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын салмағын есептеу арқылы бағалайды. Сонымен қатар малдың еттілік қасиетін, оның сырт пішінімен, үлкен-кішілігіне қарап, біршама баға беруге болады.

Қазақстанда кең тараған мамандандырылған етті сиырлар қатарына қазақтың ақбас, қалмақ, герефорд, санта-гертруда, абердин-ангус тұқымды сиырларды атап кетуге болады. Етті сиырлардың өнімін негізінен 2 топ-қа бөледі: сиырдың негізгі еті және қосалқы өнімі терісі, мүйізі т.б.

Ірі қара сиырын оның жасы мен жынысына қарай 4 топқа: 1 өгіз, II бұқа, III тана, IV бұзаулар 14 күннен 3 айдың арасы, ал қоңдылығына қарай: жоғары, орта және ортадан төмен деп 3 категорияға бөлінеді.

Етті ірі қара малының өнімділігін төмендегі көрсеткіштер арқылы бағалайды: тірі салмағы, сойыс салмағы және оның шығымы.

Сойыс салмағына сойған малдың қанын ағызып, басын, терісін, құйрығын, өкпе-бауырын, ішек-қарынын, сирағын алып тастағаннан кейінгі қалған таза еті мен іш майы кіреді. Сойыс салмағының малдың сояр алдындағы тірілей салмағына пайыздық қатынасын сойыс салмақ шығымы деп атайды. Таза етінің сояр алдындағы салмағына қатынасын ет түсімі (шығым) деп атайды. Таза еттің (ұшаның) сапасын оның салмағына, түріне, сұрпы еті мен сүйек, шеміршек қатынасына, химиялық және биологиялық құрамына қарап бағалайды.

Ет малын өсіру үшін мамандандырылған ірі ет өндіретін кешендер қолайлы. Мұнда ет өндіру жаңа технологиялық бағытқа қойылған. Малды жасанды жайылымдарға бағып жаяды. Бұл жайылымдардың шөп қоры малдың қажетін өтеп, сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Ет малын осындай жайылымдарға бағып өсірудің тиімділігі, көп жағдайда ұйымдастыру жүйесі мен мал басын топтастыруға, жасына, жынысына, бағу кезеңіне, жайылымды дұрыс пайдалануына т.б. жағдайларға қарап байланысты болады.

Малды жайылымда бағу алдында оның салмағын, түр-түсін, жеке нөмірін анықтап алу қажет. Сонан соң олардың жасына, жынысына, түсіне және де салмағына қарай арнайы ведомысы толтырылады. Салмағы 400 кг жетіп асқан мал жоғары қоңдылықпен етке өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет