Іс-шаралар Аяқтау нысаны



жүктеу 0.7 Mb.
бет2/4
Дата22.04.2019
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4

2. «Инфрақұрылым» факторы

2.02.  «Автожолдар сапасы» индикаторы (ИДМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 115 орын (бұрынғы - 108 орын) (проблемалық индикатор)

59.

Автомобиль жолдары саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету:

3) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын 1800 км реконструкциялау


4) 300 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау

5) 5 400 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу

6) қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісін салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстау


БҚК ақпарат

ИДМ ақпарат




2018-2019 жж.

сәуір-қазан

Жарты жылда 1 рет


ИДМ

Облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері


3) Ағымдағы жылы 257,8 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары орташа жөндеумен қамтылған. «Мақаншы-Жалаңашкөл» автожолында жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, жоспарға сәйкес Бородулиха және Шемонаиха, Көкпекті-Самар жолдары арасындағы уческелер жөнделуде, «Семей-Қарауыл», «Қараул-Кеңгірбай би», «Жамбыл-Дайыр-Көкжыра», «Ұлан-Бозанбай», «Герасимовка ауылына кіреберіс» жолдарын орташа жөндеу жүргізілуде.

4) Ағымдағы жылы Күршім ауданында ұзындығы 3,8 шақырым «Ақжайлау – Ұрынхай» теліміндегі «Теректі - Ұрынхай – Төсқайын» автожолын қайта жаңғырту аяқтауды жоспарлануда. Сонымен қатар, Ұлан ауданындағы Саратовка ауылында ұзындығы 1 шақырым жол салынды.

5) Облыстық орталықта 1 млрд. теңге сомасына жалпы ұзақтығы 13 шақырым 6 учаске орташа жөндеуден өткізілді (Тәуелсіздік даңғылы, Карбышев көшесі, Пограничная көшесі, Энтуазистов көшесі).

Семей қаласы бойынша Мичурин, Орманды және Белібаев көшелерін күрделі жөндеуден өткізуге 628,3 млн. теңге қарастырылған, жұмыстар ағымдағы жылы аяқталатын болады, жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге 27 км көше орташа жөндеуден өткізілген.

Жалпы көше-жол желілерін орташа жөндеуден өткізуге 3,34 млрд. теңге қарастырылған, қалалар мен кент көшелерінің 74,5 км жөндеумен қамтылған. Риддер, Аягөз, Глубокое, Жарма, Зырян, Шемонаиха аудандарында жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

6) Ағымдағы жылы қалалар мен ауылдық елді мекендерде көше-жол желілерін жөндеуге 10,7 млрд. теңге бөлінді. Жалпы сомасы 5,6 млрд. теңгеге Өскемен қаласының көше-жол желілерінің 11 учаскесі қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Бүгінгі күні 2 учаскеде (Славский атындағы Набережная жағалауы Әуезов даңғылынан Даңқ мемориалына және Әуежай алдындағы тұраққа дейін), жылдың аяғына дейін тағы 5 учаскеге (жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, Протозанов көшесі, оң жақты бұрылыстары құрылысымен Жибек Жолы көшесі, Астана көшесі, Крылов көшесі жарнасында Үлбі өзені арқылы өтетін көпірдің жол жүру бөлімі) жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.


2.05. «Әуе көлігі инфрақұрылымының сапасы» индикаторы (ИДМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 90 орын (бұрынғы - 90 орын)

63.

Іске асырылатын жобалар шегінде әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғыртуды және әуежайларды ИКАО талаптарына сәйкестікке келтіруді қамтамасыз ету

БҚК ақпарат

2018-2019жж.

сәуір-қазан




ИДМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы

қ. қ. әкімдіктері



2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Сағатына 200 жолаушыға арналған Өскемен қаласының халықаралық әуежайының ұшып келу терминалы» құрылысын аяқтады.

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Семей қаласының әуежайының қайта жаңарту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Өскемен қаласындағы әуежай кешенін қайта жаңарту» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін «ҚазАэроЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты.


64.

ИДМ-ға жергілікті әуежайлар желісін дамыту және жергілікті әуе желілерінің аэродромдарын жаңғырту бойынша, соның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы, ұсыныстарды енгізу

ИДМ ұсыныстар

2018 ж. наурыз

Облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері

Шекара маңындағы аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Үржар және Зайсан өңірлік әуежайларының ұшып-қону жолақтарын қайта құру жоспарланып отыр (жобалау құжаттамасыЖБ, ҚМЖ - РБ).

Шағын авиацияны дамыту мәселелері жөнінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Маминнің төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасына сәйкес әр аэродромның сметалық құны 500 млн. теңге болатын 16 топырақты аэродромды салу мәселесін пысықтау белгіленген. Ақсуат (Тарбағатай ауданы), Қабанбай (Үржар ауданы) жергілікті аэродромдардың желісін дамыту пысықталуда.



2.07.  «Электрмен жабдықтау сапасы» индикаторы (ЭМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 82 орын (бұрынғы - 81 орын) (проблемалық индикатор)

67.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді үздіксін қуатпен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау:

  1. электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін сақтаудың мониторингін және оларды бұзғаны үшін энергия жеткізуші компанияларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету

  2. иесіз электр желілерін түгендеу

  3. иесіз электр желілерін энергия жеткізетін компаниялардың (ҚР электрэнергетика саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін) балансына табыстау

  4. проблемалық мәселелерді анықтау және шешу мақсатында электр энергияны тұтынушылардың электржабдықтаудың сапасына, оны жеткізуге, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындармен ШОБ электр желілеріне қосылуға техникалық талаптарды беру бөлігінде ҚР электрэнергетика саласындағы заңнама талаптары мен мерзімін сақтауына қанағаттанғандығын анықтау бойынша тұрақты сауалнамаларды өткізу

БҚК ақпарат



2018-2019жж.

сәуір-қазан



ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, ҚР АЭҚБК

(келісім бойынша)





Бүгінгі күні облыста иесіз 205,1 км электр желісі және 91 қосалқы станция анықталды. Соның ішінде ағымдағы жылы 64,5 км ЭЖ және 37 ҚС есепке алынды. 40 км ЭЖ және 10 ҚС-ны есепке алу үшін тіркеуші органға өтініш жолданды. Қазіргі уақытта коммуналдық меншіктегі электр желілерін электржелілік компанияның басқаруына беру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

(Ақпарат 2018 жылдың 20 қыркүйегінде № 4/1979 ҚР Энергетика министрлігіне жолданды).

3.03. «Орташа жылдық инфляция» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, АШМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 130 орын (бұрынғы - 113 орын)

77.

ӨКП, ҮЕҰ мен БАҚ тартумен жергілікті деңгейде бағаларды тұрақтандыру бойынша құрамында мыналар бар шараларды қабылдау:

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдері бағаларына тұрақты мониторинг;

2) тауарлық интервенцияларды өткізу;

3) жалға берілетін үй-жайлар мен сауда алаңдары құнына мониторинг және үй-жайлар мен сауда алаңдарының меншік иелерімен жұмыс жүргізу;

4) қосымша сауда павильондарын ашу;

5) МЖӘ қағидаттарында жаңа бастамаларды іске асыру



ҰЭМ ақпарат

2018-2019жж.

сәуір-қазан



Облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

1) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдерінің бағаларына тұрақты мониторинг.

ШҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен ӘМАӨ және мұнай өнімдері бағасының қозғалысына шұғыл әрекет ету мақсатында тауарларды сатуға арналған бөлшек бағаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі, бағалардың өсу фактілерін анықтаған кезде, себептерге талдау жүргізіліп, баға өсімінің алдын алу үшін шаралар қабылданады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне тұрақты негізде (апта сайын) ақпарат жолданады.

Сондай-ақ, басқармада қалалар мен аудандар бойынша күн сайын ЖЖМ бағалары мен қорлары бойынша мониторинг жүргізіледі, деректер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-аналитикалық орталығы» АҚ жіберіледі. 19.09.2018 жағдайы бойынша АИ-92 орташа бағасы 158,6 теңге, АИ-95 – 172,7 теңге, дизель отыны (жаздық) – 191,6 теңге.

2) Тауар түгендеуін жүргізу.

Тұрақтандыру қорының ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында сатып алу сұрақтары бойынша және ішкі азық-түлік базарларын тұрақтандыру қорының өнімдерімен қамтамасыз ету туралы Өңірлік тұрақтандыру қорын жүргізу бойынша комиссияның отырысында қарастырылады. 2018-2019 жж. мерзімінде азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау үшін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін өңірлік тұрақтандыру қорына «Астана әмбебап тауар биржасы» АҚ арқылы жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушіден 2018 жылғы астықтан 7500 тонна көлемінде биржалық сауда әдісімен, жеміс-көкөніс өнімдері (картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз) фьючерстік жолмен сатып алынды.

3) Жалға берілетін үй-жайлар мен сауда алаңдарының құңына мониторинг және үй-жайлар мен сауда алаңдарының меншік иелерімен жұмыс жүргізу.

Аймақтық статистика органдары коммерциялық жылжымайтын мүліктің ай сайынғы жалдау бағасын қадағалайды, деректер ҚР ҰЭМ статистикалық комитетінің сайтында «Бағалар және тарифтер» бөлімінде жарияланады. Сонымен қатар, сауда объектілерінің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, 17.09. 2018 ж. қалалар мен аудандардың әкімдіктері сауда-саттық базарларын сертикаттауды өткізілді, жалға берілетін алаңдар бойынша нарық әкімшіліктермен әңгімелесулер өткізілді.

4) Қосымша сауда павильондарын ашу.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен кәсіпкерлік өкілдерімен дүңгіршіктер/ павильондарды орнату бойынша жер учаскелерін бөлу мәселесі бойынша жүйелі негізде консультациялар жүргізіледі. Маусымның 29-ы күні Өскемен қаласында жер учаскелерін ұсыну (Крылова, Ворошилов, Братская) сатылған жер учаскелерін беру бойынша аукцион өткізілді.



(Ақпарат 2018 жылдың 1 қазанында № 9/15427 ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды).

4. «Денсаулық сақтау және бастауыш білім беру» факторы

4.03. «Туберкулезбен сырқаттанушылық»  индикаторы (ДСМ )

Ағымдағы көрсеткіш – 90 орын (бұрынғы - 92 орын)

4.04. «Бизнеске туберкулездің орта мерзімді әсері» индикаторы (ДСМ )

Ағымдағы көрсеткіш – 107 (бұрынғы - 106 орын)

80.

Амбулаториялық емделудегі ТБ науқастарды әлеуметтік қолдауға жұмсалатын шығыстар деңгейін туберкулезге бөлінетін қаржыландырудың жалпы бюджетінен 4% дейін жеткізу (ДДСҰ ұсынымы бойынша 4%)

ДСМ ақпарат

2018ж. желтоқсан


Облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері


Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы қаржыландыру жалпы туберкулез нозологиясы бойынша 3,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде туберкулез ауруына шалдыққандарға амбулаториялық кезеңде әлеуметтік қолдау көрсетуге 45,6 млн. теңге (жалпы көлемнің 1,3%-ы) бөлінген.



81.

Туберкулезді:

  1. АМСК мекемелерінде ТБ күдік бар тексерілген адамдардың санынан кемінде 5% бактериоскопиялық әдіспен (ДДСҰ ұсынымы бойынша 5-10%);

  2. 1000 тексерілгенге 3-тен кем емес ТБ анықтаумен тәуекел тобы адамдары арасында флюрографиялық әдіспен (ДДСҰ ұсынымы бойынша 1000 тексерілгенге анықтауды қамтамасыз ету

БҚК ақпарат

2018-2019жж.

сәуір-қазан



ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері

1) 2018 жылдың 8 айында қақырықты бактериоскопиялық әдісімен анықталу 5,6% (2017 жылы 8 айында-8,4%) құрады.

2) 2018 жылдың 8 айында жоғары тәуекел тобы арасында флюорография әдісімен анықталу 1,5% құрады (2017 жылдың 8 айында-1,3%). 2018 жылдың 8 айында флюорография әдісімен жалпы қарап тексеру 0,6% (сәйкес кезеңінде 0,6%) құрады.



(Ақпарат 2018 жылдың 20 қыркүйегінде № 9/19825 ҚР денсаулық сақтау министрлігіне жолданды).

4.05. «АИТВ таралуы» индикаторы (ДСМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 1 орын (бұрынғы -1 орын)

4.06. «Бизнеске АИТВ/ЖИТС орта мерзімді ықпалы» индикаторы (ДСМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 100 орын (бұрынғы - 81 орын) (проблемалық индикатор)

82.

Мыналарды қамтуды қамтамасыз ету:

  1. АИТВ-инфекциясымен науқастарды Клиникалық емдеу хаттамаларына сәйкес антиретровирустық терапиямен қамту;

  2. Халықтың әлсіз топтарын профилактикалық бағдарламалармен қамту

БҚК ақпарат

2018-2019жж.

сәуір-қазан



ДСМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері

1) 01.09.2018 ж. ШҚО ЖИТС орталығының диспансерлік есебінде 2531 адам АИТВ жұқпасымен тіркелген. Жалпы санының 205-і бас бостандығынан айырған жерлерде (8,0%) 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында АИТВ жұқтырған туберкулезден емге мұқтаж 90 адамның 82-не алдын алу емі жүргізілді, оның ішінде ББА жерде 10 адам.

Антиретровирустық препараттарды тағайындау АИТВ індетін жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратындарды вирусқа қарсы емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

2) 2018 жылы облыста 10 сенім пункттері жұмысын жалғастырды, соның ішінде 8 стационарлық және 2 мобильді. Іс-шараға 3620 есірткі тұтынушы қамтылды немесе 21,5%. Сенім пунктінен келген 1024 адам АИТВ/ЖИТС бойынша тестілеуден өткізілді, 2091 есірткі қолданушылары психо-әлеуметтік кеңес берумен қамтылды. ЕИТ арасында алдын-алу бағдарламаларын жүзеге асыруға 16 аутрич қызметкер көмек көрсетті.

(Ақпарат 2018 жылдың 20 қыркүйегінде № 9/19825 ҚР денсаулық сақтау министрлігіне жолданды).


83.

АИТВ/ЖИТС және туберкулез профилактикасы мәселелері бойынша бизнес-құрылымдардың хабардарлылығын арттыру мақсатында ҮЕҰ және бизнес-құрылымдардың басшыларымен жұмыс жүргізу

ДСМ ақпарат

2018-2019жж.

сәуір-қазан



Облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

ЖИТС/АИТВ алдын алу бойынша:

2018 жылдың 1 жарты жылдығында өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесу өткізілді, бірлескен жұмыс жоспары бекітілді, 3 ақпараттық хат жазылды және Палатаның кеңсесінде стендте 3 ақпарат орналастырылды. Кішігірім кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпорындарға 1685 ақпараттық бюллетеньдер жіберілді, 223 кәсіпорын басшылары арасында ақпараттық жұмыс жүргізілді.



Туберкулездің алдын алу бойынша:

2018 жылға аумақтық Кәсіпкерлер Палатасының директоры И.В. Шацкимен келісілген, бизнес-құрылымдардың басшыларын туберкулезді алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыруды жоғарлату жайлы іс-шаралар жоспары құрастырылған. Аудандық орталық ауруханалардың бас дәрігерлерімен бекітілген кіші, орта және ірі бизнес кәсіптермен біріккен туберкулездің бизнеске әсері жайлы және алдын-алу мәселесі бойынша жалпы жоспар құрылған. Аудандық орталық аурухана тарапынан жергілікті әкімшіліктен орта, кіші және ірі бизнес кәсіптердің тізімі сұратылған. Облыс әкімшілігінде бизнес құрылымында туберкулезді алдын алу бойынша 2 отырыс жүргізілді. Өңірлік кәсіпкерлер кеңсесінде 2 ақпарат стендтерде орналастырылды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына 5 ақпараттық хат жолданды. Ірі бизнес басшыларына 25 ақпараттық хат жөнелтілді. ДЭФ ЖБҚИ бойынша 30 ірі кәсіпкерлер басшыларына анкета жүргізілді. Орта бизнес кәсіп басшыларына 15 ақпараттық хат жөнелтілді. ДЭФ ЖБҚИ бойынша 48 орта бизнес кәсіпкерлер басшыларына анкета жүргізілді. 4 орта бизнес басшылары туберкулездің бизнеске әсерін 6 балдан жоғары бағалады.

Орта бизнес кәсіп басшыларына 242 ақпараттық қағаз жөнелтілді. Бизнес–құрылым басшыларына 2 дөңгелек стол ұйымдастырылған.

(Ақпарат 2018 жылдың 20 қыркүйегінде № 9/19825 ҚР денсаулық сақтау министрлігіне жолданды).


85.

АИТВ/ЖИТС және ТБ мәселелері бойынша мемтапсырыс бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ қаржыландыруды қамтамасыз ету және әдіснамалық көмекті жақсарту

ДСМ ақпарат

Сәуір,

2018-2019 жж.



Облыстар, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2 әлеуметтік жоба бойынша ҮЕҰ-да 1,5 млн. теңге бөлінді. Конкурстың өтуі 2018 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған.

(Ақпарат 2018 жылдың 20 қыркүйегінде № 9/19825 ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолданды).

4.07. «Балалар өлім-жітімі»  индикаторы (ДСМ )

Ағымдағы көрсеткіш -70 орын (бұрынғы - 71 орын) (проблемалық индикатор)

87.

Балалар жарақаттанушылығынан, жазатайым оқиғалардан болатын өлім көрсеткішін төмендету бойынша шаралар қабылдау (5 жасқа дейінгі балалардың әрбір бесінші өлімінің  себебі)

БҚК ақпарат

2018-2019жж.

сәуір-қазан



ДСМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері

Балалар жарақаттануы мен жазатайым оқиғаларды төмендету бойынша шаралар қабылданады: 2018 жылдың өткен кезеңінде 225 дәріс, 382 әңгімелер, 39 денсаулық бұрышы, 28 санбюллетдер жүргізілді, 695 парақшалар мен кітапшалар таратылды ; 2017 жылдың кезеңінде 205 дәріс, 358 әңгімелер, 36 денсаулық бұрышын, 20 санбюллетдер жүргізілді, 638 парақшалар мен кітапшалар таратылды.

(Ақпарат 2018 жылдың 20 қыркүйегінде № 9/19825 ҚР денсаулық сақтау министрлігіне жолданды).

4.08. «Орташа өмір сүрудің ұзақтығы, жас»  индикаторы (ДСМ, МСМ, ІІМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 88 орын (бұрынғы - 90 орын)

88.

Өлім-жітімнің негізгі себептерін мыналар арқылы төмендету:

  1. елдің барлық өңірлерінде созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларын енгізу

  2. инсульттық орталықтар желісін құру (28 инсульттық орталық)

  3. қан айналымы жүйесі аурулары мен қатерлі ісіктер диагностикасы және емдеу

  4. жазатайым оқиғалардан, жарақаттанудан және уланудан болатын өлім-жітімді алдын алу бойынша жұмыс жүргізу

  5. салауатты өмір салтын насихаттау

БҚК ақпарат

2018-2019жж.

сәуір-қазан



ДСМ, ІІМ, АКМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері


Өлім-жітімнің негізгі себептерін төмендету бойынша жұмыс мыналар арқылы жалғасуда: еліміздің барлық аймақтарында созылмалы аурулар басқару бағдарламаларын енгізу; инсульт орталықтарының желісін құру; қан айналымы жүйесі аурулары және қатерлі ісіктерді диагностикалау және емдеу; жазатайым жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу, жарақаттанулар мен уланулар; салауатты өмір салтын насихаттау.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру Кешенді жоспары әзірленіп, енгізілуде (бұдан әрі-Жоспар).

Қазіргі таңда ары қарай шетелге жолданумен 28 маман 3 айлық ағылшын тілін үйренуде. 3 жылда барлығы 150 басым бағыттары бойынша мамандар оқыту жоспарлануда. Шетелде оқытылған мамандар каскадтық оқытуды орындарында жүргізетін болады және озық тәжірибені біздің клиника енгізетін болады. Медициналық технологияларды жаңғырту аясында «Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында жоғары технологиялық хирургия орталығы жұмыс істейді және алғашқы оталар жасалды. Хирургия және урология бейініндегі дәрігерлер мен медициналық мейірбикелер Италия және Германия мамандандырылған оқыту орталығында оқытылды.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5,6 млрд. теңге сомаға, соның ішінде: толық жөндеу – 0,3 млрд. теңге.

Қазіргі уақытта 200 керуертке арналған қалалық балалар ауруханасының құрылысы жалғасады және 2018 жылдың 4 тоқсанына Өскемен қ. Дружбы Народов көшесі, 1 ғимаратындағы ауысымына 212 адам қабылдайтын емхананы қайта құру нысанын пайдалануға беру жоспарланған.

2019-2021 жылдары 5 аурухана салу жоспарлануда, соның ішінде, 3 мемлекеттік - жеке меншік серіктестік шегінде.

Қазіргі күнде 5 инсульт орталығы жұмыс істейді (Өскемен қ. -2, Семей қ.-1, Аягөз ауданы-1, Зырян ауданы-1).

Өткізілген іс-шаралар халықтың денсаулығын жақсартты.

Қатерлі ісіктермен аурушаңдықтың көрсеткіші 2018 жылдың 8 айы бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 185,3 құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға төмен (2017 жылдың 8 айы бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда – 189,8), қатерлі ісіктермен аурушаңдықтан өлім-жітім көрсеткіші 12,2%-ға төмен, 100 мың тұрғынға шаққанда 70,6 (2017 жылдың 8 айы бойынша – 80,4).

Осы орайда туберкулезбен сырқаттанушылық 4,2%-ға өсуі, 100 мың тұрғынға шаққанда 35,7-ден 37,7-ге дейін, нәрестелердің өлім-жітім көрсеткіші 8,2%-ға өсуі, 1000 тірі туғандарға шаққанда 7,3-тен 7,9-ға дейін байқалады. Ана өлімі көрсеткіші бойынша 3 оқиға тіркелген.

2018 жылдың 7 айы бойынша 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан, уланудан өлім-жітім көрсеткіші 5,1%-ға өсті, 100 мың тұрғынға шаққанда 121,36 құрады.

(Ақпарат 2018 жылдың 20 қыркүйегінде № 9/19825 ҚР денсаулық сақтау министрлігіне жолданды).




5. «Жоғары білім беру және кәсіби дайындық» факторы

5.01. «Орта білім берумен қамту (жалпы)» индикаторы (БҒМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 18 орын (бұрынғы - 21 орын)

94.

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту

БҒМ ақпарат

2018-2019жж. қыркүйек, бұдан әрі – жыл сайын


Облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері

Жыл сайын техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен өңірдегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен келісілген қалалар мен аудандардың әкімдіктерінен құрылған талап етілетін мамандықтар бойынша еңбек нарығының объективті сұранысына негізделеді. 2022 жылға дейін техникалық және кәсіптік білімі бар қызметкерлердің объективті қажеттілігі 13139 орынды құрайды (қалалар мен аудандардың әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімімен келісілген). Келесі профильдегі танымал кадрлардың ең көп саны: «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» - 2595 (19,8%), «Медицина, фармацевтика» - 1666 (12,7%), «Геология, кен ісі және кен ісі» - 1547 (11,8% Көлік (сала бойынша) - 1284 (9,8%).

(Ақпарат 2018 жылдың 13 қыркүйегінде № 9/19218 ҚР білім беру министрлігіне жолданды).

95.

Оқытуға жататын барлық балаларды орта біліммен қамтуды қамтамасыз ету:

  1. оқытуға жататын балаларды уақытылы айқындау және мектепке қайтару

  2. мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балаларды жеткізуді ұйымдастыру

БҒМ ақпарат

2018-2019жж.

сәуір-қазан



Облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері

Орта білім.

1) Облыста 655 жалпы білім беру орта мектебі жұмыс жасайды. Оқушылар саны – 182 472 адам.

ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларының 2 т. 7) тармақшасына сәйкес білім басқармасы 10 күн бойы мектепке келмейтін балаларды ай сайын есепке алып отырады. Ағымдағы жылдың 1 қазан бойынша, себепсіз 10 және одан көп күн мектепке келмеген балалардың саны – 5 адам.

2) Облыста мектебі жоқ 384 елді мекенде мектеп жасындағы 5 956 бала тұрады.

5 113 мектеп оқушысы үшін күнделікті тасымалдау ұйымдастырылған. Балаларды күнделікті тасымалдаумен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. Мектеп жанындағы интернаттарда 843 оқушы оқиды.

Тасымалдауға 213 мектеп автобустары пайдаланылады.

Балаларды қауіпсіз, сапалы тасымалдау мақсатында 2017 жылы қалалық және аудандық мектептерді арнайы автобустармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 537,9 млн. теңгеге 20 автобус сатып алынды.


96.

«Тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету

БҒМ ақпарат

2018-2019 жж. қыркүйек

Облыстардың, Астана және Алматы қ.қ. әкімдіктері

2018-2019 оқу жылында ШҚО білім беру мекемелерінде «Барлық адамдар үшін тегін кәсіптік- техникалық білім беру» мемлекеттік жобасы бойынша оқыту екі бағытта жүзеге асырылады:

- «2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша - 1730 орын.

- мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 5560 орын (оның ішінде «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!», «Серпін-2050» - 210 орын).

2018 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы орындары жасалса, жұмысқа орналасуға басымдық берілді, ол 3 694 орынды (52%) құрады.

(Ақпарат 2018 жылдың 13 қыркүйегінде № 9/19218 ҚР білім беру министрлігіне жолданды).


Каталог: assets
assets -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
assets -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
assets -> Конверттерді ашу хаттамасы
assets -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
assets -> Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет