Іс-шаралар Аяқтау түрі



жүктеу 276.91 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі276.91 Kb.
түріБағдарламасы

Қарағанды облысының 2007 - 2009 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі ақпарат


01.04.09ж.жағдай бойынша





Іс-шаралар

Аяқтау түрі

Орындау мерзімі

Іс-шараларды орындау

1. Бизнестің және әлеуметтік маңызды жобалардың инновациялық саласына инвестиция мен шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту бойынша имидждік жұмысты ұйымдастыру

1.

2.


3.

4.


Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін Қарағанды аймағының мүмкіндіктері мен басымдықтары туралы PR-стратегиялар әзірлеу және жүзеге асыру

Қарағанды қ. аумағында халықаралық деңгейде көрмелік кешен құрылысы

Көрмелік кешеннің жұмыс істеуі үшін көрмелік жабдықтар алу

Қазақстанның басқа өңірлерінен және шет елдерден бизнесмендердің, ғалым-экономистердің қатысуымен жыл сайын бизнес – форумдар өткізу



жоба

көрмелік кешен

жабдық

бизнес-форумдар



2008-2009ж.

2008ж.

2008ж.

2007-2009ж.



2008 ж. 1976 мың теңге соммасына бұқаралық ақпарат құралдарында шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін Қарағанды аймағының мүмкіндіктері мен басымдықтары туралы айдар ашылды және PR-мақалалар сериясы шығарылады. Қарағанды облысының кәсіпорындары туралы 1100 мың теңге сомасына 300 каталог әзірленіп шығарылды. Қарағандылық брендтік өнімдер туралы 585 мың теңге сомасына 3 фильм шығарылды.
Қарағанды облысында бұл жобаны «Атакент Экспо» компаниясы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Қарағанды қ. әкімдігімен осы жобаға қала аумағынан жер телімін бөлу мәселесі бойынша және қажетті рұқсат рәсімдерден өту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобаны жүзеге асыруды бастау 2008 ж. ІІ жартыжылдығына жоспарланып отыр. Жоба 3 кезеңнен тұрады: 1 – көрмелік кешен құрылысы; 2 – бизнес-орталық, мейманхана құрылысы; 3 – коммерциялық тұрғын жай құрылысы.

03.09.08ж. Қарағанды қ. бойынша қалалық жер комитетімен «ATAKENT» Іскерлік ынтымақтастық орталығының басшылығына аталған жоба туралы халықаралық көрмелік кешен мен «Рамстор» құрылысы үшін жер телімін беруді сұраған және «Қарағанды қ. архитектура және қала құрылысы бөлімі» ММ-ге Қарағанды қ. құрылысқа болжалған объектіні орналастыру мүмкіндігі туралы хат жолданды.

«ATAKENT» Іскерлік ынтымақтастық орталығының өкілдері өз өтінімдерін қалалық жер комитетінен қайтып алды.

Көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру үшін 7000 мың теңге соммасына көрмелік жабдық жасалды. Байқау жеңімпазы: «DILDA TRADING» ЖШС фирмасы.


2008 жылдың 30-31 мамырында Қарағанды қ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К. Мәсімовтың қатысуымен «Қарағанды Инвест – 2008» IІ Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті.

Қазақстанның бәсекеге аса қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясының аясында бұл шара қолайлы инвестициялық климатты жақсартуға және облыс экономикасына отандық және шетелдік инвестициялардың құйылуын одан әрі ынталандыруға бағытталды.

Форум жұмысына алыс және жақын шетелдердің 35 елінен 900-ден аса өкіл қатысты.

Әлеуетті шетелдік және отандық инвесторлардың қарауына жалпы сомасы 5827,5 млн. АҚШ долларына 147 жоба таныстырылды. Бұл жобалар сегіз секцияның жұмысында таныстырылды.

«Қарағанды Инвест – 2008» IІ Халықаралық Инвестициялық Форумы шеңберінде сегіз бағыт бойынша өткен секция жұмысының нәтижесінде 18 меморандум, келісім, шарт және хаттама-ниетке қол қойылды.

2008 ж. 3-тоқсанында Қарағанды облысының СӨП мүшелері, сондай-ақ Қарағанды аймағының кәсіпорындары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сапары аясында төмендегідей іс-шараларға қатысты:

- 15-22 тамызда 55-Халықаралық Дамас көрмесі (Сирия) аясында «ҚР кәсіпорындарының экспорттық тауарларының сириялық нарықта алға басуы» тақырыбында өткен бизнес-семинарға;

- 6-8 тамызда «Қазақстан-Монғолия» бизнес-Форумына;

- 24-26 қыркүйекте «Қарағанды-Build-2008» жыл сайынғы аймақтық көрмесіне.



5.

Қарағандылық кәсіпкерлердің сауда миссияларына, шетелдік көрмелерге және форумдарға қатысуы

өкілдер құру

Жыл сайын

2008 жылы Қарағанды аймағының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі төменгдегідей халықаралық көрмелерге қатысты:

- «Промстройиндустрия –Астана – 2008»;

- «KazBuild-2008»;

- «СТРОЙСИБ» Ресей, Новосибирск қ.;

- «Сибирь для детей. Сибигрушка» Ресей, Новосибирск қ.;

- «MinTech-2008».

Сонымен бірге облыс кәсіпорындары:

- Қазақстан-Қытай Бизнес-Форумына (8-11 сәуір, ҚХР, Пекин қ.);

- «Тұрақты өсу үшін бизнесті жаңарту» Ғаламдық халықаралық Форумға (6-8 мамыр, Швеция, Стокгольм қ.);

- «Дамудың инновациялық жолы – еуразиялық экономикалық бірігудің өзегі» Қазақстандық-Ресейлік Бизнес-Форумға (16-18 маусым, Астана қ.);

- Халықаралық Экономикалық Форумға (26-27 маусым, Астана қ.).

2008ж. 17-18 наурызында Ресей Федерациясы Томск облысының губернатор В.М. Кресс бастаған делегаттарының Қарағанды облысына келуі барысында іскер ортаның сауда-экономикалық миссиясы болды. Бұл сапардың мақсаты бизнес-байланыстарды кеңейту үшін Томск кәсіпорындарын таныстыру болып табылды. Сондай-ақ сапар шеңберінде Қарағанды облысының әкімдігі және Томск облысының әкімшілігі арасында және Қарағанды мен Томск облысының сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

2008 жылдың 19 наурызында Қарағанды облысының әкімі Н.З. Нығматулин бастаған Қарағанды облысының кәсіпкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріне іс-сапармен барды. Іс-сапар мақсаты Қарағанды облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру еді. Іс-сапар барысында Абу-Даби қ. мен Қарағанды облысының Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы екі тарапты Келісімге қол қойылды.

2008 ж. 3-тоқсанында кәсіпкерлер «Отандық дайын өнімнің үздік экспортшысы» республикалық байқауына қатысты. 2008ж. 24-26 қыркүйегінде 50-ден аса кездесу өтті, Қарағанды мен Омск облысының кәсіпорындары арасында одан әрі ынтымақтастыққа байланыстар орнатылды.



6

Кәсіпкерлер, экономикалық саланың жұмыскерлері және инфроқұрылым субъектілері арасында жыл сайын конкурс өткізу

облыстық конкурс

2008-2009ж.

«Қарағанды облысының Ресурстық Орталығы» жұмысының аясында Қарағанды облысының бармендері мен рестораторлары ассоциациясының қатысуы арқылы жыл бойы төмендегідей шаралардан тұратын «Мінсіз сервис-2008» іс-шарасы өткізілді:

- маусым айында бармендер мен даяшылардың конкурсы;

- мейманхана жұмыскерлерінің конкурсы;

- бөлшек сауда кәсіпорындарының форумы;

Мамыр айында «Каир» мейрамханасында аспазшылардың конкурсы, жеңімпаздар Днепропетровск қ. тағлымдамадан өтуге жіберілді.

2008 жылдың сәуір айында Қазақстандағы Украин жылы аясында Қазақстандағы Украин елшілігі өкілдігінің қатысуымен «Алтын Қазан – «Ласково просимо» аспазшылардың конкурсы өтті.

2008 жылдың маусым айында «Алтын табақ»даяшылардың конкурсы өтті, қыркүйек айында бөлшек сауда кәсіпорындарының фестивалін өткізу жоспарланып отыр.

06.09.08 ж. Балқаш қ. бірінші туристік форумның аясында «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ ҚФ қатысуымен Балқаш қ. кәсіпкерлері үшін қызмет көрсету саласында бизнес-жоспарлау, маркетинг жөнінде семинар-тренинг өтті.

24 қазанда кәсіпкерлер арасында «Жастар жұлдыздары» өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер конкурсы өтті, оның мақсатты бағыттары: тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, өзін-өзі шығармашылық билеу үшін жағдай жасау және тұлғаның өз бетімен дамуы.

2008 ж. 21 қарашасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «замандас 2008» конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты өз жұмысында табысты адамның жинақталған образын қалыптастыру.



7.

Облыста халықтың әлеметтік әлсіз топтарына арналған әлеметтік дүкендер ашу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру

Іс-шаралар жоспары

2008ж.

Қарағанды облысының кәсіпкерлерімен, қоғамдық ұйымдарымен, даму институттарымен халықтың әлеметтік әлсіз топтарына арналған әлеметтік дүкендер ашуға қатысты жұмыстар жалғасуда.

«Қарағанды Агро-Орталық» ЖШС 15 әлеуметтік көкеніс павильондарын орнату бойынша жобаны жүзеге асырды. Сонымен қатар «Қарағанды Агро-Орталық» ЖШС республиканың оңтүстік облыстары мен белгілі бір мемлекеттерден жеміс-жидек өнімдерін сатып алу арқылы Қарағанды қ. үшін көкөніс өнімдері мен картоптың азық-түліктік қорын жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр және оны нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағамен сатуды іске асырады.

Қараша айында «Агроконсалтинг-К» АҚ базасында 1 000 тн. көкөніс қоймасы пайдалануға берілді.

2009 ж. қаңтар айында облыстық бюджеттен қосымша 15 қосарлы әлеметтік көкөніс павильонын ашуға 90 млн. теңге бөлінді. Бұл павильондарды орналастыру орындары бөлінді. Сәуір айында қосарлы павильондарды ашуға және пайдалануға енгізуге конкурс өтеді.



9.

Бизнестің инновациялық салаларындағы маркетинг және менеджмент мәселесі бойынша шағын кәсіпкерлік өкілдеріне арналған оқыту семинарларын өткізу

семинарлары

Жыл сайын

«Прагма» корпорациясымен (ЮСАИД, АҚШ) және «Қарағанды облысының кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚБ-мен бірлесіп Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоба жүзеге асырылды. жоба шеңберінде кәсіпкерлермен жұмыс істеу үшін 20 кеңесші дайындалды. кеңесшілердің өзі (17 адам) кәсіпкерлерге кеңес беруді тек Қарағанды өңірінде ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша іске асыру құқығын алған «Консалтинг негідері» курсынан өтті.

2008 ж. Ассоциацияның серіктес ұйымдарының кеңесшілері:

- Петропавловск қ. маркетинг бойынша семинар-тренингтер;

- Петропавловск, Орал қалаларында ИСО сериялы сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша, мейманханалық бизнесті ұйымдастыру бойынша семинар-тренингтер;

- Астана және Павлодар қалаларында сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша семинар-тренингтер өткізді.

2008 ж. бірінші жартыжылдығында Қарағанды қ. Ресурстық орталығы төмендегідей семинарлар өткізді:

- Облысымыздың Балқаш қ. мен Қарқаралы ауданыында Жас кәсіпкер әйелдерге арналған «Бизнесті ұйымдастыру негіздері» бойынша;

- Қарағнды қ. жұмыссыздарға, жастарға және жас кәсіпкерлерге арналған «Өз бизнесіңді ұйымдастыру негіздері» бойынша – 3 семинар-тренинг;

Шілде айында бірінші туристік форумның аясында Балқаш қаласында «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ ҚФ қатысуымен Балқаш қ. кәсіпкерлері үшін қызмет көрсету саласында бизнес-жоспарлау, маркетинг жөнінде семинар-тренинг өтті.

Ресурстық орталықтың қолдауымен кәсіпкерлер үшін маркетинг және менеджмент, сондай-ақ бизнесті жоспарлау мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты барлық қатысушыларға күнделікті өмірде, маркетинг, басқару менеджменті және қаржылық жоспарлау негіздерінде қажетті білімді кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және дұрыс, әрі едәуір тиімді құру жолында негізгі баспалдақ ретінде өзектендіру еді.



2. Шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын дамыту және қолдау

1.

Инновациялық бизнесті дамыту саласындағы Жас мамандар қорын құру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

Іс-шаралар жоспары

2008ж.

Қарағанды облысының ЖОО-дарымен, қоғамдық ұйымдармен, даму институттарымен Қорды құруға қатысты жұмыстар жалғастырылуда.

Сонымен қатар облыстың жоғары оқу орындарында жас ғалымдардың интелектуалдық, шығармашылық әлеуетін қолдау, оқыту үрдістерін жетілдіру, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жоғары оқу орындарында элективті пәндердің каталогын жасауда жұмыс берушілер кеңінен тартылады, бірлескен дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинар-тренингтер, оның ішінде білім сапасын және жұмыс берушілер үшін маңыздылығын арттыруға бағытталған «ЖОО – кәсіпкерлік интерфайсының Темпус - Тұжырымдамасы» бағдарламасы аясында университеттегі еуропалық әріптестердің әлеуетін пайдалана отырып өткізіліп тұрады.

ҚарМТУ-де ғылым мен техниканың қоры құрылды. Оның басты мақсаты – оқыту үрдісінің ғылыми қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, жас мамандардың келешегі бар жобаларын ынталандыру болып табылады. Студенттік ұжымдар ұсынған ғылыми-техникалық жобалардың байқауы өткізілді, осы жобаларды жүзеге асыру үшін гранттар бөлінді.

«Қазақстанның инновациялық дамуының экономикалық және әлеуметтік мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, ҚР БҒМ-нің «ҚР бәсекеге қабілетті басқару және бизнес оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу және жүзеге асыру» эксперименттік бағдарламасы бойынша жұмыс аяқталды. Инновациялық жұмыстар әлеуметтік идеялар мен жобалардың «Күшті Қазақстан - әлеуметтік-жауапкершілікті мемлекет» жәрмеңкесінде таныстырылды.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. «Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму мәселесі нарықтық түрленудің жаңа кезеңінде» тақырыбында ғылыми зерттеу (2005-2010жж.)жүргізіліп жатыр. 2006 жылдан бастап экономика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен жас ғалымдары ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясына сәйкес әзірленген «Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму мәселесі нарықтық түрленудің жаңа кезеңінде» тақырыбында ғылыми зерттеуді жүргізіп келеді. Осы тақырып бойынша зерттеулер түрлі жоолардың жинақтарында жарық көрді.

ҚарМТУ-де «Жобалық бағдарланған жоғарғы басқару білімінің моделі» эксперименттік оқыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның шеңберінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистрлік дайындықты қоса алғанда инновациялық басқару білімінің әдістемелік негізі болып табылатын 14 оқыту-әдістемелік әзірлемелер орындалды.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап эксперименттік бағдарлама шеңберінде «Жаһандану жағдайындағы экономика мен инновациялық даму» бағыты бойынша РhD дайындығы іске асуда; жас ғалымдарды ҚР және жақын шетелдерде ғылыми тағылымдамадан өткізуге көмектесу мақсатында жас ғалымдардың грантына байқау ұйымдастырылды. Өткен байқаудың қорытындысы бойынша 5 студент жеңімпаз деп танылды.





4.

Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшн ресурстық орталықтар құру


Мемлекеттік тапсырыс

2007-2008жж.

2007 жылы Қарағанды қаласында «Қарағанды облысының кәсіпкерлерінің Ассоциациясы» ҚБ базасында Қарағанды облысындағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың Ресурстық орталығы құрылды.

2008 жылы Жезқазған қаласында облыс кәсіпкерлері үшін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың Ресурстық орталығы құрылды. 2009 жылы жаңа ақпараттық технологияларды оқыту үшін, бизнес-менеджмент саласында интерактивті оқыту үшін Интернет-класс ашу жоспарланып отыр. Кәсіпкерлер үшін заңдық сұрақтар бойынша кеңес беретін шұғыл желі жұмыс істейді.




5.

Кәсіпкерлікті қолдауға арналған облыстық, қалалық және аудандық іс-шараларды ұйымдастыру (конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б.)

іс-шаралар

2007-2009 жж.

29.02.2008ж. Шет ауданының Ағадыр елді мекенінде Қарағанды облысы Шет ауданының кәсіпкерлерінің Форумы өтті. Онда шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қарастырылды. Аталған шараға ауданның 50 шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өкілдері, облыстық даму институттарының, ассоциациялардың басшылары қатысты. Кәсіпкерлер өз кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, оқыту бағдарламаларына, семинарларға, форумдарға қатысу қажеттігі атап айтылды. Бизнесті жаңадан бастау, қуатын арттыру үшін даму институттарынан несие қаржысын алу үдерісі түсіндірілді. Сондай-ақ ауданның инвестициялық мүмкіндіктері жөніндегі насихатты кеңінен жүргізу туралы ұсыныстар айтылды.

12.03.2008ж. Нұра ауданының кәсіпкерлік бөлімі «Шағын және орта бизнесті қаржыландыру» тақырыбына арнап облыстық даму институттарының, ассоциацияларды қатыстыра отырып аудан басшылығы мен кәсіпкерлердің кездесуін өткізді.

«Қарағанды облысының Ресурстық орталығы» жұмысының бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша Ассоциация серіктестерімен («Кәсіби бухгалтерлер институты», «Бармендер мен рестораторлар Ассоциациясы», Қарағанды кәсіпкерлік және менеджмент мәдениеті институты, «Қарағанды сапа институты» ЖШС) бірлесе отырып арнайы оқыту бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және іске асыру мәселелері туралы семинар-тренингтер өткізілді.

2008 жылдың 1 жарты жылдығы ішінде Қарағанды қ. Ресурстық орталығы 12 бизнес-жоспар жасап, 100 кеңес берді, семинар-тренингтер өткізді:

- Балқаш және Қарқаралы қалаларында «Бизнесті ұйымдастыру негіздері» бойынша жаңа бастап жатқан әйел-кәсіпкерлер үшін;

- Қарағанды қаласында «Жеке бизнесті ұйымдастыру негіздері» бойынша жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер, жұмыссыздар, жастар үшін 3 семинар-тренинг.

Кәсіпкерлермен көшпелі кездесулер өткзілді:


  • Нұра ауданында;

  • Осакаров ауданында;

  • Ақтоғай ауданында;

  • Шет ауданында;

  • Теміртау қ.

Кездесулер барысында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері, кәсіпкерлік турасындағы ҚР заңнамалық актілеріндегі соңғы өзгерістер талқыланды, жеке кеңестер берілді.

Жезқазған қ. Ресурстық орталығы 3 бизнес-жоспар жасап, 20 шақты кеңестер беріп, «Бизнесті ұйымдастыру негіздері» бойынша 6 семинар-тренинг өткізді.

Балқаш қаласының Ресурстық орталығы «Жосраланған бизнес», «Қызмет көрсету саласындағы маркетинг», «Мейманхананы басқару», «Даяшыларға арналға шеберлік класы» бағыттары бойынша шеберлік кластарын өткізді. Бұл шаралар Қазақстандық туристік ассоциациясының, Мейманханалар мен мейрамханалар асоциациясы (Алматы қ.) және «Кәсіби бухгалтерлер институтының» жоғары білікті мамандары өткізді.

«Кәсіпкерлер күнінде» қалалар мен аудандар әкімдерінің кәсіпкерлермен кездесулері жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Аудандық «Абай-Ақиқат» газетінде кәсіпкерлікті дамыту және инфляциялық үдерстерді тежеу жөніндегі мақалалар шығып тұрады.

Жезқазған қаласы бойынша әдістемелік-кеңестік көмек көрсетуге қаржы бөлініп, байқау қорытындысы бойынша «Жезконсалтинг» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Жезқазған аймағының кәсіпкерлері арасында олардың қызметі бойынша семинарлар, тренингтер өткізіліп, «Салық және құқық», «Менеджмент және сапа жүйесі», «Персоналды басқару», «Маркетинг және сату» курстары бойынша сертификаттар беріледі. Биылғы жылдың 25 ақпаны мен 19 наурыз аралығында аталмыш ЖШС әдістемелік-кеңес беру бойынша келесі жұмыстарды атқарды: салық есептілігін, оның құқықтық жақтары туралы 8 кеңес берілді, 4 инвестициялық және бизнес-жобалар жасалды. Бұл жұмыс 2009 жылдың аяғына дейін жалғасатын болады.


6.

Облыстың ЖОО-да нарықтық ойлауды және кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыру мәселелері бойынша эксперименттік оқыту бағдарламаларын енгізу

бағдарламалар

2007-2009жж.

«Қарағанды әдіснамалық ойын техникалық орталығы» ЖУ ҚарМТУ базасында «Жобалау-бағдарланған жоғары басқару білімінің моделі» тақырыбы бойынша эксперименттік оқыту бағдарламасын іске асыруда.

Бәсекеге қабілетті басқару және кәсіпкерлік қабілеттерді дамытудың педагогикалық инновациялық технологиясы әзірленіп, сынақтан өткізілді. Жаңа модель ұйымдастырушылық- басқарушылық және оқыту-педагогикалық инновацияларды, «Мемлекетті және жергіліктібасқару», «Менеджмент» мамандықтары бойыншакүндізгі бөлімде оқитын студенттер мен магистранттардың рефлексті ойлау қабілеттерін дамытудың педагогикалық методологиясын кіріктіруді көздейді.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де «Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму мәселесі нарықтық түрленудің жаңа кезеңінде» тақырыбында ғылыми зерттеу (2005-2010жж.) жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орындалып жатқан бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында «Орталық Қазақстанның өнеркәсібіндегі шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері» ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.

2006 жылдан бастап экономика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен жас ғалымдары ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясына сәйкес әзірленген «Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму мәселесі нарықтық түрленудің жаңа кезеңінде» тақырыбында ғылыми зерттеуді жүргізіп келеді. Осы тақырып бойынша зерттеулер түрлі жоолардың жинақтарында жарық көрді.

Жоғары оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі –халықаралық талаптарға сай жас мамандарды даярлау, кредиттік жүйені және қашықтықтан оқытуды жетілдіру болып табылады. Кредиттік жүйені іске асыру бір жағынан студенттер мен оқытушыларға деген талапты күшейтсе, екінші жағынан, жұмыс берушілердің сенімін қанағаттандырады. Бұл қазіргі жиі өзгеретін жағдайда креативті ойлап, тез әрі тиімді шешім қабылдай білуге үйрететін интерактивті әдістерді қолдануға байланысты. Оқытудың инновациялық құралдары есебінде оқу үрдісінде мультимедиялық технологиялар, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқытуда бейне конференциялар пайдаланылады. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де 3 тоқсанда кредиттік жүйенің қорытындысы бойынша оқу үрдісінің әдістемелік және материалдық-техникалық жабдықталуының жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Университет ұжымы қашықтықтан оқыту әдісін енгізуге көп күш жұмсап, соның нәтижесінде 2008 жылдың шілде айында Римде өткен қашықтықтан оқытудың ІV Халықаралық университеттер форумына қатыса алды. Осының арқасында университет қашықтықтан оқытудың Біріккен Еуропадағы ең ірі халықаралық ассоциациясы – қашықтықтан оқытудың жаһандық университеттер ассоциациясының құрамына кірді. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында университетте көптілді оқыту бағдарламасын енгізубойынша эксперимент басталды. Көптілді оқыту тұжырымдамасы Астана қаласында 11.09.2008 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өткен Халықаралы ғылыми-практикалық конференцияда қарастырылып, мақұлданған болатын.

Облыстың жоғары оқу орындары аймақтық кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламасында белгіленген міндеттерді орындауға бағытталған нарықтық ойлау мен кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыру мәселелері бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағыттағы қызмет аймақта кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпіліс береді, шағын және орта кәсіпкерлік санының өсуі, аймақта жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі үшін іргетас қалыптастырады.

Орталық қазақстан технология және менджмент институтында (Балқаш гуманитарлық-техникалық университеті) Балқаш қаласында туристік кластерді дамыту мүмкіндіктерін кафедралық зерттеу іске асырылып жатыр, студенттер мен оқытушылардың бизнеске кіріспеге қазірде бар амалды жетілдіру және жаңа тәсілдерін ендіру, сапа мен қызметкерлер құрамын басқару технологиясы саласында бірлескен жұмыс жүріп жатыр.


3. Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін құқықтық қамтамасыз ету

1.

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер арасында бизнес пен биліктің тиімді өзара әрекет етуі мәселесі бойынша семинар-тренингтер сериясын өткізу

семинарлар

Жыл сайын

Қоғамдық бастамалар қалыптастыруға және дамытуға, «билік – қоғам» сындарлы диалогын құруға көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысының кәсіпкерлер ассоциациясы билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеті проблемасы жөнінде 4 ақпараттық бюллетень дайындап шығарды.

ҮЕҰ қызметінің құқықтық және экономикалық мәселелері жөнінде әдістемелік құралдар дайындалып жатыр.

Ресурстық орталық шеңберінде төмендегі кәсіпкерлік бөлімдерімен консалтингтік жұмыс жүргізілді:

- Балқаш қ. – кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін бюджеттік бағдарламалар жасау бойынша, «Балқаш қ. кәсіпкерлер ассоциациясымен» конструкциялық жұмыс ұйымдастыру механизмі бойынша;

- Жезқазған қ. – Жезқазған қ. Ресурстық орталығы жұмысын ұйымдастыру бойынша, кәсіпкерлер қызметіндегі әкімшілік кедергілерді азайту мәселесі бойынша.

Сонымен бірге, 17.04.2008 ж. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жөнге салу мәселесі бойынша «Дөңгелек үстел» отырысы өтті.

2008 ж. 17-18 шілдесінде ресурстық орталық базасында және соның қолдауымен депутаттар мен бизнесмендер және ҮЕҰ арасында құқықтық мәдениет мәселесі жайында семинар-тренинг өткізілді. семинар қатысушылар арсында құқықтық сауаттылықты дамытуға, өз тәжірибелерін жеңіл-желрі талдауға, қатысқандардың өз әрекеттеріне және қоршаған ортаның әркетіне қатысы бойынша көзқарасын өзгертуге бағытталды.

Балқаш қ., Қарағанды қ., Жезқазған қ. Ресурстық орталық базасында 4- тоқсанда келесі бағыттар бойынша семинар-тренингтер өтті: «Жоспарлау бойынша бизнес», «қызмет көрсету саласындағы маркетинг», «Кәсіпорындарда қызметкерлер құрамын басқару», «Шағын бизнестегі қаржылық менеджмент». Жас кәсіпкерлерге арналған аумақтық салық комитеттері мен мемлекеттік органдардың қатысуымен оқыту семинарлары өткізілді, онда жас кәсіпкерлер проблемалы мәселелері бойынша түсініктеме ала алды. 2008 ж. 2 қазанында құқық қорғау органдары өкілдерінің және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен «мемлекеттік бақылау (қадағалау) туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау бойынша семинар-кеңес өтті.

17.12.2008 ж. «Атамекен одағы» Қазақстанның Ұлттық-экономикалық палатасының төрағасы А.Т. Перуашевтың кәсіпкерлермен Қарағанды өңірінде кәсіпкерлікті дамытудың келешегі туралы кездесуі болды.


2.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шұғыл құқықтық көмек көрсету пунктерін ашу және жұмыс істету - «ыстық желі», «кезекші адвокат»

жоба

2007-2009жж..

2007 жылдың наурыз айынан Ресурстық орталықта Қарағанды облысының кәсіпкерлері үшін Қарағанды қ. кәсіпкерлерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша талқылау және кеңес беру бойынша «ыстық желі» жұмыс істейді. «Ыстық желінің» телефон нөмірі – 400863.

2008 жылда Қарағанды облысының Ресурстық орталығына облыс кәсіпкерлерінен 86-дан аса өтініш түсті, оларға құқықтық кеңес, бизнес-жоспар құру және аудит жүргізу түрінде жан-жақты жауап берілді.

Жезқазған қ. Ресурстық орталығында да «ыстық желі» телефоны бар – 735523. Үстіміздегі жылы кәсіпкерлерге 42 кеңес берілген.

Қарағанды қ. Ресурстық орталығында 2009 ж. 1- тоқсанында кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге 21 кеңес берілді.



3.

Создание при акиматах городов и районов, департаментах и управлениях области экспертных советов по вопросам предпринимательства

экспертные советы

2007г.

Согласно Закону РК «О частном предпринимательстве» с целью проведения общественной экспертизы нормативно-правовых актов, касающихся вопросов предпринимательства созданы Экспертные советы по вопросам предпринимательства. На сегодняшний день такие советы созданы на областном уровне и в 17 регионах.

4.

Кәсіпкерлік қызметін реттейтін заңнамаларды жетілдіру бойынша талдау жасау және ұсыныстар әзірлеу

Ұсыныстар пакеті

үнемі

«Қарағанды облысының кәсіпкерлер асоциациясы» ҚБ келесі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарау жөнінде жұмысты жалғастыруда:

- «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі;

- «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

- Қазақстан Республикасының Кеден кодексі.

03.03.2008 ж. - «Қарағанды облысының кәсіпкерлер асоциациясы» ҚБ Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К. Мәсімовпен кездесуде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарау жөнінде ұсыныс енгізді. Кездесу нәтижесінде «Қарағанды облысының кәсіпкерлер асоциациясы» ҚБ шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту және бизнес-климатты жақсарту мәселесі жөніндегі Үкіметтік топтың құрамына кірді.

3- тоқсанда ҚР Үкіметі жанындағы әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі комиссия жұмысының шеңберінде «Қарағанды облысының кәсіпкерлер асоциациясы» ҚБ келісумен тексеріс және рұқсат рәсімдері саласындағы заңнамаларды талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Осыған байланысты жеке кәсіпкерлікті тексеру туралы заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді, ол заңнама бойынша мекемеаралық отырыста қаралған болатын.

25.07.2008 ж. «Нұр-Отан» ХДП мәжіліс-залында шағын және орта бизнес субъектілері қызметіндегі әкімшілік кедергілер мәселесін талқылау бойынша «Дөңгелек үстел» өтті. Мәжіліс қорытындысында шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту және бизнес-климатты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

2008 ж. 4 желтоқсанында «Космонавт» мейманханасында Қарағанды облысының кәсіпкерлер асоциациясының 10 жылдығы аясында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен келешегі жөнінде аймақаралық кездесу-мәжіліс өтті. Кездесу-мәжілістің нәтижесінде қатысушылар ҚР Премьер-Министріне Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен келешегі жөнінде хат әзірледі.



4. Селода шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету

1.

«Инновациялық бизнес мектебі» жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, әдістемелік құралдар шығару.

жоба

2007-2009жж.

Қазіргі уақытта «Қарағанды облысының кәсіпкерлер асоциациясы» ҚБ «Қарағанды методологиялық ойынтехникалық орталығы» ЖМ-мен және қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп «Инновациялық бизнес мектебі» жобасын әзірлеп жатыр.

«Инновациялық бизнес мектебі» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру 2009 ж. күтілуде.



2.

«Тауарлық кредиттеу» жобасын жүзеге асыру

жоба

2007-2009жж.

Облыста «тауарлық кредиттеу» бағдарламасы Ақтоғай және Ұлытау аудандарында жүзеге асырылып жатыр. 01.01.2008 ж. бағдарламаны жүзеге асыру аясында 188 шаруа қожалығына 13,2 мың бас қой берілді, оның ішінде бюджет қаражатынан 5 715 бас, бұл жерде 192 жұмыссыз еңбекке тартылды.

«Тауарлық кредиттеу» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру 2009 ж. күтілуде.



4.

Селода жүзеге асырылатын инновациялық жобалар арасында жыл сайынғы конкурсты өткізу

конкурс

Жыл сайын

8.08.2008 ж. «Алтын сапа» сапа саласындағы конкурс өтті. ХІ аймақтың конкурстың «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясының лауреаттары мыналар болып табылды: «Техол» ЗПХ ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ КД және «Караганданеруд» АҚ Стандартты емес жабдықтаржәне шағын механизация зауыты. «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясын мыналар алды: «Сантехпром» ЖШС, Қарағанды металл өнімі зауыты және «ТЭГАМ» ЖШС. «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясының жеңімпаздары: «Қарағанды кәмпиттері» АҚ, «Евразиан ФУДС» АҚ және «Ақнар ПФ» фирмасы ЖШС. «Алтын Сапа» XI аймақтық конкурсының «Сапа саласын жетілдіруге талпынысы үшін» дипломымен келесі кәсіпорындар марапатталды: «Арселор Миталл Темиртау» АҚ, «Техол» ЗПХ ЖШС, «Караганда ГИИЗ и К» ЖШС, «ТРЭК» ЖШС, «Темірқұрылысиндустриясы» ЖШС, фирма «Темір» ЖШС, «Сенімді құрылыс технологиясы» ЖШС, «ЕСКО» ЖШС, «ТАиС» ЖШС, «Гласир» ЖШС, «Эгофом» ЖШС, «Мебель плюс» ЖШС, СП «Карал Plast» ЖШС, «Pers International» ЖШС, «Стивал Манн» ЖШС, «НұрӘсем» ЖШС, «Профиль М» ЖШС, «Арша Мебель» ЖШС, «Караганда Тексти Лайн» ПКФ ЖШС, Компания Рахат», ЖК «Абдыкаримов», ЖК «Ситор», фирма «Ақнар ПФ» ЖШС, «Сарыарка Нан» ЖШС, шахтинский филиал «Апрель» ЖШС, «Айза» ЖШС, «Балхаш Туз» ЖШС, «Морделикатес» ЖШС, «СладоПир» ЖШС, «Татьяна» шағын наубайханасы» ЖШС, «Аян М» ЖШС, ЖК «Барекенова», «Real Tec» ЖШС. «Алтын-Сапа» XI аймақтық конкурсының лауреаттары Астана қ. 2008 ж. қарашасында өткен «Алтын Сапа» республикалық конкурсына қатысуға шақырылды.

5.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бағдарламасы аясында селода шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін кепілдендіруді қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар өткізу

Іс-шаралар жоспары

2007-2009жж.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы селода шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін кепілдендіруді қамтамасыз ету үшін Қарағанды қ. Ресурстық Орталығымен облысымыздың Ақтоғай, Шет, Қарқаралы аудандарының кәсіпкерлеріне арналған 12 бизнес-жоспар әзірленді.

Жезқазған қ. Ресурстық Орталығы 3 бизнес-жоспарды құруға жәрдемдесті.

1.11.2008 ж. Бұқар жырау ауданында 3 ауданның (Абай, Бұқар жырау және Осакаров) село халқын кредиттейтін «Шаруа-Қаржы» микрокредиттік ұйым ашылды, 66 село адамына 15 млн. теңге бөлінді.

1.12.2008 ж. жағдай бойынша ауыл шаруашылығын кредиттеуге «Еуразиялық банк» АҚ арқылы 58 млн. теңге сомасына 3 кәсіпорын қаржыландырылды: ЖК «Өркен», ЖК «Дәуітова», «Нектар» ШҚ. «БТА банк» АҚ арқылы «Топаев» ШҚ 3 млн. теңге сомасына кредиттелді.

Селода МКҰ дамыту бағдарламасы шеңберінде «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2008ж. 14 қазанынан 14 қарашаға дейін екінші конкурс өткізді. Екінші нонкурстың қорытындысы бойынша біздің аймақ бойынша 4 МКҰ таңдалды. «МКО «SV- регион» ЖШС, «МКҰ Халықтық» ЖШС, «МКҰ «Самрұқ» ЖШС, «МКҰ «Тұмар» ЖШС, қаржыландыруға өтінімнің жалпы сомасы 460 млн. теңге.

2009 ж. 15-26 ақпан аралығында үшінші конкурс өтті, қаржыландыруға өтінімнің жалпы сомасы 610 млн. теңгені құрады. Кредиттік ресурстарды алуға 13 кандидат қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 2009 ж. 9 сәуірінен кешікпей кагдидаттар кредит алуға «Даму» Қорының корпоративтік сайтында орналасқан құжаттар тізіміне сай құжаттардың толық пакетін тапсыруы керек.



5. Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін материалдық және қаржылық қамтамасыз ету

2.

Қайтарымсыз негізде жер телімдерін бөлу үшін халыққа қызмет көрсету саласындағы үздік жобаға (қоғамдық тамақтану, туризм, мейманханалық сервис) конкурс өткізу

конкурс

2008ж.

Қайтарымсыз негізде жер телімдерін бөлу үшін халыққа қызмет көрсету саласындағы үздік жобаға (қоғамдық тамақтану, туризм, мейманханалық сервис) конкурс өткізуді ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру Комитетін құру жөнінде дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

«Кәсіби бухгалтерлер институты» ЖМ мамандары сарапшылармен, «ADI Hotel and Travel services» тренері Т.С. Беловамен өткізген даяшылар үшін шебер-класс өткізді. сертификат берілетін оқыту семинар-тренингтері сериясын өткізуге « Балқаш қ. кәсіпкерлер кеңесі» ҚБ «Кәсіби бухгалтерлер институты» ЖМ-мен «Туризм» кластері бойынша ұсыныстарға сәйкес шарт жасасты.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге облыстық бюджеттен 1450 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат «Даму» Қорының шотына аударылды.


3.

Қарағанды облыстық мәслихатының 22.05.2008ж. VІ сессиясының №119 шешіміне сәйкес осы тармақ жаңа редакцияда мазмұндалды: Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кредиттеу

Іс-шаралар жоспары

2007-2009жж.

Қазіргі таңда облыста облыстық бюджет пен «Даму» Қоры қаражатынан екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 1450 млн. теңге бөлінді. Бірінші транш 500 млн. теге соммада екінші деңгейлі банктермен игеріліп те қойды, 897 млн. теңге соммасына 25 жоба кредиттелді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы №1039 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №361 қаулысына сәйкес «ҚазАгро ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының филиалдық желілері арқылы ауыл халқын кредиттеу үшін қаржат шоғырландырылатын болады.

Осыған байланысты «Даму» Қорының ақпараты бойынша 830 млн. теңге мөлшеріндегі қалған сомма ҚазАгро мен Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы микрокредиттеуді дамыту үшін 2009 жылдың 3 наурызында бюджетке қайтарылды.

27.01.2009ж. қалған 120 млн. теңге соммаға (бюджеттік қаражат) «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» КҚ және «Банк Центр Кредит» АҚ арасында кредиттік келісім жасасты. 31.01.2009ж. осы сомма «Банк Центр Кредит» АҚ шотына түсті, оны игеру жұмыстары жүріп жатыр. қазіргі уақытта 2,5 млн. теңге соммаға 1 жоба кредиттелді.


4.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарлар мен қызметтерді көтере сатып алулардың жалпы көлемінен 30%-ға дейінгі мөлшерде кепілді түрде көтере сатып алуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу

Іс-шаралар жоспары

2007-2009жж.

2008 жылда тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік көтере сатып алу бойынша барлығы 689 конкурс өткізілді. Жеңімпаздары шағын кәсіпкерлік субъектілері болған конкурстар саны – 368. Конкурсқа қатысуға жіберілген қатысушылар саны – 2332. Конкурсқа қатысуға жіберілген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1292.

6. Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін ақпараттық қамтамасыз ету

1.

Аймақ үшін маңызды экономикалық іс-шаралардың жыл сайынғы каталогын шығару (көрмелер, форумдар, акциялар және т.б.)

жинақ

жыл сайын

Қарағанды қ. Ресурстық орталығы жұмысының шеңберінде бұл жұмыс кәсіпкерлік құрылымдар адресіне алда болатын көрмелер мен басқа да бизнес-шарлар туралы ақпараттық хабаларды электронды тасымалдау түрінде жүргізіледі.

«ҚарағандыИнвест» ІІ Халықаралық инвестициялық Форум жұмысын ұйымдастыру үшін Қарағанды облысының инвестициялық жобалары туралы ақпараттық каталогтар және «Қарағанды облысы – Сіздің іскер серіктесіңіз» таныстыру каталогы шығарылып тратылды.



2












Каталог: files program
files program -> Бағдарламасы қарағанды 2004 мазмұны паспорт 3
files program -> Жоба абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту туралы
files program -> С. С. Пономарева, заместитель директора по учебно-воспитательной работе Детской школы искусств (хореографической) города Вологды
files program -> 007 жыл мазмұны кіріспе Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе Тарау Аймақ бағасы 9
files program -> Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты отандастар!
files program -> Бағдарламасы шымкент, 2010ж. Қабылдау эмтиханының бағдарламасы 6М072400 Технологиялық машиналар және жабдықдар мамандығы «Мұнай және газ өндірістерінің машиналары мен аппараттары»
files program -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 015 жыл Мазмұны Паспорт 2
files program -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 016 жыл Мазмұны Паспорт 2
files program -> Қазақстан республикасы бас прокуратурасы жанындағЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау органдарының академиясы «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет