Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстан заңнамасында "харассмент" және "аңду" ұғымдары пайда болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: tattooinfo.ru

Ол бұл ұғымдардың заңнамалық кодификацияда пайда болуына алғышарттардың бар екенін атап өтті. Оның ішінде қоғам тарапынан да сұраныс жетерлік.

  • "Әйелдерінен қысым көретін еркектер де бар": Мәжілісмен Аманжол Әлтай әйелдер туралы заң жобасында еркектердің сөзін сөйлеп шықты
  • "Харассмент жиі орын алатын жерлер жұмыс орны": Депутат елімізде алымсақтыққа қарсы заңды бекітуді талап етті

"Барлығын жай көшіріп қана қоймай, сабырмен, мұқият және асықпай жасау керек. Себебі менталитет бөлек, біздің елде басқа елдерге қарағанда мүлдем басқаша қабылданатын нәрселер бар. Сондай-ақ буллинг туралы да көптеген мәселелер болды. Қазір мұны енгізіп жатырмыз. Бұл норма қалай жұмыс істейтінін көрейік. Харассмент мәселесін де енгіземіз. Себебі, бұл мәселеге  шағымданатын әйелдер көп", – деді вице министр.

Айта кетейік, бұған дейін ІІМ өкілі педофилдерді хирургиялық кастрациялау туралы ұсыныстан не себепті бас тартқанын айтқаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.