Қысқа мерзімді жоспар Пән



жүктеу 51.32 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі51.32 Kb.

Қысқа мерзімді жоспар




Пән: физика, 9 сынып




Мектеп: М. Маметова атындағы №27 физика – математика бағытындағы мектеп - лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Умирова А.С.




Тақырыбы:

Ауыр ядролардың бөлінуі. Тізбекті реакция. Ядролық реактордың жұмыс істеу принципі. Атом электр станциялары.




Мақсаты

Ауыр ядро және олардың бөлінуі, тізбекті реакция, ядролық реактор, оның жұмыс істеу принципі туралы түсінік беру.




Күтілетін нәтиже

А.Радиоактивті ыдырау заңын біледі

В.Ядролық реактордың жұмыс істеу принципін түсінеді

С.Ядролық энергияны өмірмен байланыстырады, есептер шығарғанда радиоактивті ыдырау заңын қолдана алады




Керекті жабдықтар

ресурс парақтары, жұмыс дәптері, маркер, АКТ, презентация, карточкалар




Әдіс-тәсілдер

«Мені тап», «Эстафеталық таяқша», өздік, жеке, топтық жұмыс




Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе
(10 мин.)


-Оқушылармен амандасу.

-сыныпты түгендейді

-кезекшілік қызметін қадағалау

-оқушылардың назарларын сабаққа аудару

-психологиялық дайындық.

Оқушылардың сыни ойлауына негізделген «Мені тап» әдісімен физикалық шамаларды ұсыну арқылы белгілі бір заңдылықты немесе анықтаманы тауып, топқа бөлу


І топ:«Кинематика және динамика»

ІІ топ: «Тербелістер мен толқындар»

ІІІ топ: «Атомдық құбылыстар»
Үй тапсырмасын «Эстафеталық таяқша» әдісін қолданып, оқушыларға таяқшаны ұсынып, оны бір-біріне жалғап, сұрақ қою арқылы тексеру.

1. Ядроның құрамына кіретін бөлшектер?

2. Изотоптар дегеніміз не?
3.Радиоактивті сәулелерді ата.

4.Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз не?

5.Меншікті байланыс энергиясы дегеніміз не?
6. Масалар ақауы дегеніміз не?

7. Ядролық физикадағы ұзындық бірлігін ата.


8. Массалық сан дегеніміз не?

9. Ядролық күштер дегеніміз не?

10. Атом физикасындағы энергияның өлшем бірлігі?

11. Нейтронды алғаш кім және қай жылы ашты?

12. Нуклид дегеніміз не?


-Мұғаліммен амандасады
-кезекшілік қызметін атқарады

-сабаққа зер салады


Топтарға бөлінеді.

Топтар сұрақтарға жауап беру арқылы тапсырманы орындайды. Бір біріне көмектеседі.

Слайдтағы бейнелерді көрсетіп, сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.



Тұсау-

Кесер
(20 мин.)




Топтарға ресурстық парақтар үлестіріледі. «Джиксо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу, игеру ұсынылады.

Бағдаршам арқылы Выготскийдің ЖАДАна сәйкес қажет болған жағдайда оқушыға көмектесу. Нәтижесі жарнама, постер немесе интелект карта қорғаумен аяқталады.

«Бас бармақ» әдісі арқылы тусіну дәрежесін бағалаймын.

Венн диаграммасы арқылы өткен тақырыппен байланыстырып, ұқсастықты тағайындау



Әр топ тақырып бойынша жұмыстанады. Тапсырманы жеке оқу; топпен талдау; постер қорғау.
Топпен өзара бағалау критерийлерін ескере отырып, екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.

Негізгі бөлім

(10 мин. )



1.Оқушыларға «Өздік жұмыс» арқылы есептер шығарту, сәйкес тапсырманы орындату. Қажет болған жағдайда «Дос көмегі» әдісін қолдану.

Есептер

І топ

1. Радиоактивті элементтің активтілігі 3 тәулікте 8 есе кеміді. Жартылай ыдырау периоды неге тең?

2. Мынадай ядролық реакцияда энергия бөліне ме әлде жұтыла ма?
3. Азот ядросын нейтрондармен атқылағанда көміртек ядросы және протон пайда болады. Реакцияны жазыңдар. Көміртек изотопының алынған ядросы β-радиоактивті. Оның ыдырау реакциясын жазыңдар.
ІІ топ

1. Радиоактивті изотоптың йодтың атомдары 109 тең, жартылай ыдырау периоды 25 мин. 50 мин уақытта қанша мөлшердегі изотоп ядролары саны радиоактивті ыдырайды?

2. Мынадай ядролық реакцияда энергия бөліне ме әлде жұтыла ма?
3. Бор изотопын α-бөлшектермен атқылағанда азот изотопы пайда болады. Мұндай ядролық реакцияда тағы қандай бөлшек шығады? Азот изотопы позитронды ыдырау тудыратын радиоактивті изотоп болып табылады. Позитронды ыдыраудың реакциясын жазыңдар.
ІІІ топ

1. Цезий радиоактивті изотобында 109 атом бар, оның жартылай ыдырау периоды 26 жыл. 52 жыл ішінде оның ядроларының радиоактивті ыдырауға ұшырайтын мөлшері?

2. Мынадай ядролық реакцияда энергия бөліне ме әлде жұтыла ма?
3. Гелий атомы ядросының байланыс энергиясын табыңдар.


Әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, есеп шығарады,

Дарынды оқушылар «Дос көмегі» әдісі арқылы бір біріне көмектеседі.

Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.



Қоры-

тынды


(5 мин.)


Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет