Iшкi iстер органдары жол полициясы бөлiмшелерiнiң көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы



жүктеу 217.5 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі217.5 Kb.

Iшкi iстер органдары жол полициясы бөлiмшелерiнiң көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Iшкi iстер министрiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы N 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 7 наурызда тiркелдi. Тiркеу N 2194.



      Көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылаудың тиiмдiлiгiн жетiлдiру және арттыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Iшкi iстер органдары жол полициясы бөлiмшелерiнiң көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Астана, Алматы қалалары IIББ-ның, облыстар IIББ-IIБ-ның бастықтары:
      1) жол полициясы қызметкерлерiнiң осы Нұсқаулықты зерделеуiн қамтамасыз етсiн;
      2) iшкi iстер органдары жол полициясы бөлiмшелерiнiң көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөнiндегi жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын;
      3) көлiк құралдарының иелерiн (заңды және жеке тұлғаларды) осы Нұсқаулықтың талаптары туралы хабардар ету жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1329 қаулысының "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi" талаптарына сәйкес автокөлiк құралдарын жарыққа шағылысатын материалмен кезең-кезеңмен таңбалау мерзiмдерiнiң сақталуына бақылау орнатылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi, полиция генерал-майоры И.И.Оттаға және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiне (Б.Н.Өмiрзақов) жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

       Министр


      генерал-полковник

Қазақстан Республикасы   


Iшкi iстер министрiнiң   
2003 жылғы 13 ақпандағы  
N 87 бұйрығымен бекiтiлген

  Iшкi iстер органдары жол полициясы бөлiмшелерiнiң көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын


бақылауды ұйымдастыруы жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық iшкi iстер органдары жол полициясы бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - жол полициясы) жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде  көлiк құралдарының және оларға тiркемелердiң (бұдан әрi - көлiк құралдары) конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруының тәртiбiн айқындайды.
      Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      көлiк құралы конструкциясының өзгеруi - жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал ететiн нақты көлiк құралының конструкциясымен көзделген құрамдас бөлiктердi және жабдықтардың заттарын алып тастау немесе конструкциямен көзделмегендердi орнату;
      көлiк құралдарының конструкциясын бақылау - көлiк құралдарының конструкциясы мен оларды қосымша жабдықтау заттарының нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
      көлiк құралдарының техникалық жағдайын бақылау - көлiк құралдары мен оларды қосымша жабдықтау заттары техникалық жағдайының нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
      сәйкестiк сертификаты - сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiнiң ережелерi бойынша берiлген, лайықты түрде бiрегейлендiрiлген өнiм, процесс, жұмыс, қызмет көрсету техникалық регламенттердiң, стандарттардың немесе өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келетiндiгi туралы қажеттi сенiмдiлiк қамтамасыз етiлетiндiгiн көрсететiн құжат.

      2. Жол полициясының көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Нұсқаулыққа негiзделедi.

      3. Жол полициясының көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөнiндегi негiзгi мiндеттерi:
      1) көлiк құралдары мен олардың қосымша жабдықтарының конструкциясы мен техникалық жағдайының нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келмеуiнен пайда болатын жол-көлiк оқиғалары зардаптарының алдын алу және ауырлығын төмендету;
      2) көлiк құралдарын пайдалануға байланысты жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.

      4. Көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөнiндегi негiзгi мiндеттердi орындауды:


      1) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу қызметi);
      2) көлiк құралдарын мемлекеттiк техникалық байқау (бұдан әрi - техникалық байқау);
      3) жол қозғалысын қадағалау;
      4) заңды тұлғалардың жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексеру (бұдан әрi - заңды тұлғаларды тексерулер);
      5) көлiк құралдарын дайындауға (құрастыруға) арналған жобалау-техникалық құжаттамаларды келiсу;
      6) көлiк құралының конструкциясына өзгерiстер енгiзудi келiсу;
      7) көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiн қабылдаулық сынақтан өткiзу;
      8) көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат ету кезiнде жол полициясы жүзеге асырады.

      5. Халықаралық құқық нормаларына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын дипломаттық, консулдық және өзге де өкiлдiктердi, сондай-ақ бұл өкiлдiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдiк заңды тұлғалар көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Пайдаланудағы көлiк құралдарының конструкциясы
мен техникалық жағдайын бақылау

      6. Пайдаланудағы көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау:


      1) көлiк құралдарына арналған тиiстi құжаттарды тексеру;
      2) көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайының нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
      3) бақылаудың нәтижелерiн ресiмдеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Пайдаланудағы көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау кезiнде тексеруге жататын құжаттардың тiзбесi, сондай-ақ бақылаудың нәтижелерiн ресiмдеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасындағы Жол қозғалысының ережелерiмен, Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк тiркеудiң ережелерiмен, Көлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң ережелерiмен және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдермен айқындалады.

      8. Көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайының нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестiгiн тексеру көлiк құралдарын байқау жолымен жүзеге асырылады.

      9. Көлiк құралдарын байқау кезiнде көлiк құралының маркасының, үлгiсiнiң, модификациясының, түрiнiң, шыққан жылының, бiрегейлендiру нөмiрлерiнiң (VIN) (егер оны дайындаушы ұйым берген болса) шассиiнiң (рамасының), кузовының (коляскасының, тiркемесiнiң), двигателiнiң бiрегейлендiру (реттiк өндiрiстiк) нөмiрлерiнiң, мемлекеттiк тiркеу белгiсiнiң көлiк құралдарына арналған тiркеу құжаттарында көрсетiлген мәлiметтермен сәйкестiгi анықталады.

      10. Байқау кезiнде нақты көлiк құралы конструкциясының ерекшелiктерiне (кузовының, двигателiнiң түрiне, арнаулы шешiп алынбайтын жабдықтардың болуына, жолаушылар отырғыштарының, жағармай бактарының саны мен орналасуына және басқаларға) ерекше назар аударылады, сондай-ақ:
      көлiк құралдарының бүйiр және арт жағының контурларын жарыққа шағылысатын материалдармен маркировкалау;
      көлiк құралдарын арнаулы жарықтық және дыбыстық белгi беру құралдарымен жабдықтау;
      оларсыз көлiк құралдарын пайдалануға тиым салынатын қосымша жабдықтау бұйымдарымен жарақтандыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарының сақталуы тексерiледi.

      11. Тiркелген көлiк құралында тiркеу құжаттарына енгiзуге жататын және енгiзiлмеген өзгерiстер анықталған жағдайда мұндай көлiк құралын басқаратын адамдарға, сондай-ақ көлiк құралдарының техникалық жағдайы және оларды пайдалану үшiн жауапты лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы  кодексiне сәйкес шаралар қолданылады.

      12. Көлiк құралы, оның нөмiрлi агрегаттары және ұсынылатын құжаттар түпнұсқалылығына техникалық құралдарды пайдалану арқылы және арнаулы есеп жүргiзiлуi тиiстi автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйесiн пайдалану арқылы тексерiледi.

      13. Ұсынылған құжаттардың, мемлекеттiк тiркеу белгiлерiнiң, көлiк құралдарын маркировкалаудың жасандылығы нышандары аңғарылған не агрегаттар нөмiрлерiнiң ұсынылған құжаттарда көрсетiлген мәлiметтермен сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, сондай-ақ көлiк құралы (нөмiрлi агрегаттар) немесе ұсынылған құжаттар iздестiрiлуде деп ұйғарым жасауға жеткiлiктi негiздемелер болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.

      14. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы пайдаланудағы көлiк құралдарының және олардың қосымша жабдықтары заттарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестiгiне тексерiледi.

      15. Техникалық байқауды жүргiзу кезiнде көлiк құралдарының техникалық жағдайын бақылау диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану арқылы белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      16. Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде көлiк құралдарын конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау үшiн тоқтатуға:
      автомобильдiң алдыңғы әйнегiнiң оң жақ төменгi бұрышында техникалық байқаудан өткендiгi туралы талонның болмауы;
      жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн техникалық ақаулардың және жағдайлардың болуы негiздеме болып табылады.

      17. Белгiленген бағытпен жүретiн автобустардың конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау тек қана бағыттардың соңғы станцияларында және жолаушылар автотұрақтарында жүргiзiлуi мүмкiн.

      18. Заңды тұлғалар көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау заңнамада белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердi жүргiзу кезiнде жүзеге асырылады.

      19. Заңды тұлғалар көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын тексерудi олардың орналасқан жерлерiнде аталған заңды тұлғаның автомобиль паркi техникалық жағдайының сипаттамасы үшiн жеткiлiктi мөлшерде iрiктеп жол полициясы жүргiзедi. Бұл ретте көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру техникалық бақылаудың жылжымалы пункттерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      20. Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда жол полициясы жолсыздықтар мен оларды жою үшiн қажеттi шараларды көрсете отырып орындау үшiн мiндеттi ұйғарымдама бередi.
      Ұйғарымдаманы орындамаған жағдайда лауазымды және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне сәйкес шаралар қолданылады.

      21. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат беру туралы мәселенi қарау кезiнде жүзеге асырылады.      

      22. Көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат берудiң тәртiбi, сондай-ақ мұндай көлiк құралдарының конструкциясына, техникалық жағдайына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 990 болып тiркелген) бекiтiлген Мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзу тәртiбiне және "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық диагностикалау. Жұмыстардың технологиясына қойылатын жалпы техникалық талаптар" Қазақстан Республикасы мемлекеттiк стандартының 1086-2003 МС "В" қосымшасы 11-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады. P0
       Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Iшкi iстер министрлiгiнiң 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168   бұйрығымен .

      23. Көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат ету (3-қосымша) көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiк беру арқылы жүргiзiледi.


       Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Iшкi iстер министрлiгiнiң 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168   бұйрығымен .

      24. Көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат ету туралы куәлiктi берудi көлiк құралдарының тiркелген (уақытша тiркелген) жерi бойынша мемлекеттiк техникалық байқаудың нәтижелерi негiзiнде жол полициясы жүзеге асырады.


      Әр көлiк құралына жеке көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат ету туралы куәлiк берiлуi, байқау нәтижелерi көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат ету туралы куәлiктердi тiркеу журналына (4-қосымша) енгiзiлуi тиiс.
       Ескерту: 24-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - Iшкi iстер министрлiгiнiң 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168   бұйрығымен .

      25. Көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат ету туралы куәлiктiң қолданылу мерзiмi оның берiлген сәтiнен бастап 12 айға белгiленедi.


       Ескерту: 25-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - Iшкi iстер министрлiгiнiң 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168   бұйрығымен .

  3. Көлiк құралдарын дайындау (құрастыру) және


олардың конструкцияларын өзгерту кезiнде
көлiк құралдарының конструкциясын бақылау

      26. Көлiк құралдарын дайындау (құрастыру) кезiнде олардың конструкциясын бақылау техникалық тапсырмаларды (бұдан әрi - ТТ), техникалық жобаларды (бұдан әрi - ТЖ), техникалық шарттарды (бұдан әрi - ТШ) келiсу сатысында, сондай-ақ көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiн сынау және оларды өндiрiске қабылдау кезiнде жүзеге асырылады.

      27. Көлiк құралдарының конструкциясына өзгерiстер енгiзу кезiнде олардың конструкциясын бақылау, егер ол көлемi мен салмақтық өлшемдерiн, двигатель үлгiсiн, оның салмағы мен қуатын, жанармай беру жүйесiн, тежегiш жүйесiн, санын, орнату орындарын, көру бұрыштарын, жарық беру және жарықты белгi беру аспаптарының жарықтық және түстiк сипаттарын, жүру бөлiктерiн, рөлмен басқаруды, сондай-ақ конструкциясын көру, шолу ауқымын, бәсең және авариядан кейiнгi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн құрамдас бөлiктерiн өзгертуге байланысты болса ТШ-ны келiсу сатысында және көлiк құралдарының сынақтық үлгiлерiн қабылдауға сынақтан өткiзудi жүргiзу кезiнде жүзеге асырылады. Сонымен қатар автобустардың конструкциясына өзгерiстер енгiзуге рұқсат етiлмейдi.

      28. ТТ-ны, ТЖ-ны, ТШ-ны келiсу сатыларында көлiк құралдарының конструкциясын бақылауды Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментi (бұдан әрi - ЖПД) жүзеге асырады.

      29. ТТ-ны келiсу кезiнде оларда жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты мынадай мәлiметтердiң:
      1) бұйымды пайдалану саласындағы қысқаша сипаттаманың
      2) көлiк құралы арналған жол жағдайы мен пайдалану режимдерiнiң
      3) көлiк құралының тарту-жылдамдық сипаттамаларының
      4) двигателдiң өлшемдерiнiң
      5) салмақтық өлшемдерiнiң (жабдықталған түрдегi салмағы, толық салмағы, жүк көтергiштiгi, жолаушылар орнының саны, толық салмақтың бiлiктер бойынша бөлiнуi, сүйрелетiн тiркеменiң, жартылай тiркеменiң толық салмағы), ауқымдық мөлшерлерiнiң (енi, биiктiгi, ұзындығы);
      6) жолға сәуле түсiруiнiң, бұрылудың радиустарының
      7) дөңгелектерi, бiлiктерi санының, негiзгi бiлiк жетегiнiң, дөңгелектердiң мөлшерi мен сипаттамасының
      8) бiлiктер бойынша тежегiш жүйе конструкциясының, жетек түрiнiң
      9) рөлдiк басқару, жетектi күшейткiш конструкциясының
      10) сыртқы жарықтық аспаптар конструкциясының, санының
      11) бәсең қауiпсiздiктiң пайдаланылатын құралдарының
      12) жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мен стандарттардың басқа да талаптарының болуы бақыланады.

      30. Келiсуге олардың құзыретiне сәйкес басқа да мемлекеттiк органдарда алдын ала келiсуден өткен ТТ-ның жобалары қабылданады.

      31. Келiсуге ұсынылған ТТ-ның жобасы бойынша ЖПД-ның уәкiлеттi қызметкерi екi данада жазбаша қорытынды жасайды. Қорытындының бiрiншi данасы ТТ-ны әзiрлеушiге жолданады, екiншiсi жобаның көшiрмесiмен бiрге бақылау үшiн ЖПД-да қалады.

      32. Ескертпелер болмаған жағдайда ТТ-ның жобасын келiсу "Келiсiлдi" деген белгiмен және мөрмен немесе жеке құжатпен (хатпен) расталған ЖПД бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның түпнұсқалық қолымен ресiмделедi. Бұл ретте "Келiсiлдi" белгiсiмен ТТ-ның жобасы келiсiлген құжаттың күнi, нөмiрi және атауы көрсетiледi.

      33. Егер ТТ-ның жобасында нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптары ескерiлмеген болса немесе ол көлiк құралының конструкциясы туралы толық түсiнiк бермесе, онда жоба бойынша қорытындыда бар кемшiлiктер атап көрсетiле отырып жоба келiсiлмейдi.
      34. ТЖ-ны келiсу кезiнде ТТ-дағы кемшiлiктердiң жойылуы мен оның бекiтiлуi, ТТ-да көрсетiлген нормативтiк құқықтық кесiмдер, стандарттар талаптарының толық орындалуы бақыланады.
      ТЖ-ға көлiк құралы мен оның конструкциясының жол қозғалысының қауiпсiздiгiне ықпал ететiн құрамдас бөлiктерi жалпы көрiнiсiнiң сызбалары енгiзiледi.

      35. ТЖ-ны келiсу осы Нұсқаулықтың 30-33-тармақтарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      36. ЖПД-ға қарауға ұсынылған ТЖ-мен бiр уақытта көлiк құралдарының сынақтық үлгiлерiн сынаудың бағдарлама-әдiстемесiн келiсу жүргiзiледi. Егер бұйымда сериялық көлiк құралының құрамдас бөлiгi қолданылатын болса, онда бұл бұйымдарды сынаудың бағдарлама-әдiстемесi өзгерген өлшемдердi ғана тексерудi көздеуi мүмкiн.

      37. Бағдарлама-әдiстеменi келiсу ТЖ үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      38. Көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiн сынау және өндiрiске қабылдау сатысындағы бақылау қабылдаулық сынақтар жөнiндегi комиссияға қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      39. Көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiн қабылдаулық сынақтар жөнiндегi комиссияның құрамына ЖПД-ның уәкiлеттi қызметкерi немесе ЖПД-ның жазбаша тапсырмасы бойынша аумағында сынақ жүргiзу ұйғарылған Астана, Алматы қалаларының IIББ, облыстардың IIББ, IIБ Жол полициясы басқармасының (бұдан әрi - ЖПБ) өкiлi қатысады.

      40. Көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiн қабылдаулық сынақ белгiленген тәртiппен ЖПД-да келiсiлген көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiн сынаудың бағдарлама-әдiстемесiне сәйкес жүргiзiледi.

      41. Көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiнiң конструкциясы мен техникалық жағдайын қабылдаулық сынақтар барысында тиiстi жобалау-техникалық құжаттамалардың, сондай-ақ нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестiгi тексерiледi.

      42. Көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiн сынаудың нәтижелерi бойынша қабылдау комиссиясы хаттама мен көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiн қабылдаудың актiсiн жасайды.

      43. Егер үлгiлер сынақтан өтпесе хаттамада конструкцияны пысықтау туралы ұсыныс жазылады және жол полициясының уәкiлеттi қызметкерi көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiн қабылдау актiсiне қол қоймайды. Конструкцияның пысықталған құрамдас бөлiктерi қайта сынақтан өтедi.

      44. ТШ-ны келiсу кезiнде:
      көлiк құралының конструкциясына, оны дайындауға, бақылауға және қабылдауға қойылатын талаптардың толық кешенiнiң болуы;
      белгiленетiн ТШ нормаларының жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық талаптарға сәйкестiгi;
      қабылдау сынақтарының нәтижелерi бойынша хаттама мен актiнiң болуы;
      көлiк құралдарының тәжiрибелiк үлгiлерiне арналған сертификаттардың болуы бақыланады.

      45. ТШ көлiк құралдарының нақты түрлерiнiң сериясына әзiрленедi, сондай-ақ ЖПД-ның шешiмi бойынша бiр нақты көлiк құралына әзiрленуi мүмкiн.

      46. ТШ-ны келiсудiң мерзiмi ол түскен күннен бастап 15 күннен аспауы тиiс.

      47. Техникалық шарттардың жобаларын келiсудi ресiмдеу осы Нұсқаулықтың 30-33-тармақтарында көзделген тәртiппен орындалады.

      48. ТШ-ға енгiзiлетiн өзгерiстер ТШ үшiн белгiленген тәртiппен келiсiледi.

      49. Келiсуден кейiн техникалық шарттар заңнамамен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жатады. ТШ-ны мемлекеттiк тiркеудiң нәтижелерi бойынша ЖПД көлiк құралдарын дайындауды не оның конструкциясына өзгерiстер енгiзудi жүзеге асыратын ұйымға Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде көлiк құралының конструкциясына келiсу туралы куәлiк (бұдан әрi - Куәлiк) (1-қосымша) беру туралы шешiм қабылдайды.

      50. ЖПД көлiк құралдарын дайындауды не оның конструкциясына өзгерiстер енгiзудi жүзеге асыратын ұйымға ЖПД-да ТТ-ны, ТЖ-ны, ТШ-ны келiсуге, қабылдаулық сынақтарға, ТШ-ны мемлекеттiк тiркеуге қатысты құжаттар мен аталған ұйымның қызметiне қатысты басқа да құжаттамалар сақталатын байқаулық iс қағаздары жүргiзiледi.

      51. ЖПД Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде көлiк құралының конструкциясына келiсу туралы куәлiк берiлген ұйымдар туралы ақпаратты ЖПБ-ның назарына жеткiзедi.

      52. ЖПБ көлiк құралдары ТШ-ның, нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың және жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптарын бұза отырып дайындалған не конструкциясына өзгерiстер енгiзiлген жағдайлар туралы заңнамамен көзделген шаралар қабылдау үшiн ЖПД-ны хабардар етедi.

      53. Жобалау-техникалық құжаттамаларды әзiрлеместен, бiрақ көлiк құралының үлгiсiмен - дайындаушы зауыттың баламасымен қатаң сәйкестiкте және жол полициясымен келiсiм бойынша көлiк құралдарының конструкциясына мынадай өзгерiстердi:


      1) қораптың түрiн конструкциясы, саны және материалы бойынша көлiк құралының қорабын немесе цистернасын - дайындаушы зауыттың баламасын бекiтудiң элементтерiне баламды бекiту элементтерiн қолдану арқылы көлiк құралдары мен тiркемелердiң шассиiне дайындаушы зауыттар көлiк құралының аталған үлгiсi үшiн дайындаған стандартты, көлiк құралының аталған маркiсiнiң құрамында сертификатталған самосвалдық және борттық қораптарды, цистерналарды, фургон қораптарды орнату арқылы өзгертудi;
      2) жүк автомобилдерiне конструкциясы, саны және материалы бойынша дайындаушы зауыттың үлгiсiндегi - баламасындағы бекiту элементтерiне баламды бекiту элементтерiн қолдану арқылы дайындаушы зауыттың үлгiсiне-баламасына сәйкестiкте зауытта дайындалған, көлiк құралының аталған маркiсiнiң құрамында сертификатталған қосымша жанармай бактарын орнатуды;
      3) жүк автомобилдерiне конструкциясы, саны және материалы бойынша дайындаушы зауыттың үлгiсiндегi - баламасындағы бекiту элементтерiне баламды бекiту элементтерiн қолдану арқылы дайындаушы зауыттың үлгiсiне-баламасына сәйкестiкте көлiк құралының аталған маркiсiнiң құрамында сертификатталған жүктердi өз бетiнше тиеуге және түсiруге арналған жүк көтергiш борттарды, шығырларды және гидравликалық көтергiштердi орнатуды;
      4) көлiк құралдары мен тiркемелерге, оның iшiнде жеңiл автомобилдiң салонына стандартты бекiту тетiктерiн пайдалану арқылы көлiк құралының аталған маркiсiнiң құрамында сертификатталған арнаулы алынбайтын жабдықтарды орнатуды;
      5) қорапты жүк автомобилдерге және қорапты екi дөңгелектi тiркемелерге стандартты бекiту тетiктерi мен шуды болдырмайтын құралдарды қолдану арқылы борттардың орнына кониктердi орнатуды;
      6) жүк автомобилдерiнiң шассиiне дайындаушы зауыттың үлгiсiндегi - баламасындағы бекiту элементтерiне баламды бекiту элементтерiн қолдану арқылы дайындаушы зауыттың үлгiсiне-баламасына сәйкестiкте көлiк құралының аталған маркiсiнiң құрамында сертификатталған почта, өнеркәсiптiк және азық-түлiктiк тауарларды тасымалдауға арналған фургон қораптар орнатуды енгiзуге рұқсат етiледi.

      54. Осы Нұсқаулықтың 53-тармағында көрсетiлген өзгерiстердi енгiзуге арналған өтiнiштi ЖПД және/немесе көлiк құралының есепте тұрған жерi бойынша ЖПБ қарайды.

      55. Өтiнiш қарауға көлiк құралының конструкциясына енгiзiлетiн өзгерiстердi тәптiштеп баяндау арқылы қабылданады.

      56. Жол полициясы көлiк құралының конструкциясына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiштi қараудың нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiге қабылданған шешiмдi көрсете отырып жазбаша жауап қайтарады.

      57. Оң шешiмде нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттардың оларға сәйкес көлiк құралының конструкциясына өзгерiстер енгiзудi жүргiзу қажет талаптары көрсетiледi, тиiстi жұмыстарды орындау мүмкiн болатын өндiрiстiк-техникалық базаны таңдау жөнiнде кеңес берiледi, сондай-ақ көлiк құралын қарауға уәкiлеттi жол полициясы бөлiмшесiнiң атауы көрсетiледi.

      58. Конструкциясына өзгерiстер енгiзiлген көлiк құралы заңнамамен белгiленген тәртiппен сертификаттауға жатады.

      59. Өзгерiстер енгiзiлгеннен және сертификатталғаннан кейiн көлiк құралының конструкциясы мен техникалық жағдайын иесiне Көлiк құралын тексеру актiсiн (2-қосымша) беру арқылы жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мен стандарттарға сәйкестiгiн жол полициясы тексередi.

      60. Конструкциясына өзгерiстер енгiзiлген көлiк құралының конструкциясы мен техникалық жағдайын тексеру кезiнде көлiк құралының конструкциясына өзгерiстер енгiзу жүргiзiлген ұйымдардың орындалған жұмыстар туралы растаушы құжаттарында көрсетiлген орындалған жұмыстардың көлемi мен сапасының сәйкестiгi бақыланады. Ол туралы мәлiмет Көлiк құралын тексеру актiсiнiң "Тексеру барысында анықталған жолсыздықтар туралы ескертпелер және қосымша ақпараттар" деген бағанына енгiзiледi.

                                         Қазақстан Республикасы
                                         Iшкi iстер министрiнiң
                                        2003 жылғы 13 ақпандағы
                                       N 87 бұйрығымен бекiтiлген
                                        Iшкi iстер органдары жол
                                     полициясы бөлiмшелерiнiң көлiк
                                     құралдарының конструкциясы мен
                                     техникалық жағдайын бақылауды
                                         ұйымдастыруы жөнiндегi
                                          нұсқаулыққа 1-қосымша

                                Куәлiктiң түпнұсқадан ксерографиялық


                                   немесе соған сәйкес тәсiлмен
                                   алынған, кәсiпорынның мөрiмен
                                  расталған көшiрмесiн дайындаушы
                                 кәсiпорын әрбiр дайындалған, қайта  
                                 жабдықталған көлiк құралына бередi
                                және жол полициясы автокөлiк құралын 
                                 тiркеуге арналған негiздемелердiң  
                                      бiрi ретiнде қабылдайды.     

          Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз


        ету бөлiгiнде көлiк құралының конструкциясына
                        келiсу туралы
                            КУӘЛIК

1. Техникалық құжаттаманы әзiрлеушi ұйымның атауы мен мекен-жайы:


2. Көлiк құралын дайындауды (конструкциясына өзгерiстер енгiзудi)
жүзеге асырған кәсiпорынның атауы мен мекен-жайы:
3. Көлiк құралының түрi мен үлгiсi:
4. Көлiк құралының конструкциясына енгiзiлетiн өзгерiс:
5. Жоғарыда көрсетiлген көлiк құралдарын дайындауға (конструкциясына
өзгерiстер енгiзуге) арналған техникалық құжаттама ҚР IIМ Жол
полициясы департаментiмен келiсiлген және толық көлемде
__________________________________________________________________
  (техникалық құжаттамалардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымның атауы)
қолында.

Осы Куәлiк 200__жылдың "__" _______ дейiн қолданылу мерзiмiмен берiлдi.



ҚР IIМ Жол полициясы департаментiнiң
бастығы - ҚР бас мемлекеттiк автоинспекторы

                                           ____________________


                                                  (қолы)

М.О.
200__жылы "__" _______



Мекеменiң басшысы
М.О.
200__жылы "__" _______                     ______________________
                                                    (қолы)

                                         Қазақстан Республикасы


                                         Iшкi iстер министрiнiң
                                        2003 жылғы 13 ақпандағы
                                       N 87 бұйрығымен бекiтiлген
                                        Iшкi iстер органдары жол
                                     полициясы бөлiмшелерiнiң көлiк
                                     құралдарының конструкциясы мен
                                     техникалық жағдайын бақылауды
                                         ұйымдастыруы жөнiндегi
                                          нұсқаулыққа 2-қосымша

                   Көлiк құралын тексеру


                           АКТIСI

200_ жылғы "__" _________ жасалды.


___________________________________________________________________
             (ЖП қызметкерiнiң аты-жөнi, лауазымы, атағы)
1. Көлiк құралының маркасы, үлгiсi, түсi __________________________
___________________________________________________________________
2. Нөмiрлiк белгiсi ____________ 4. Двигатель _____________________
3. Шасси ____________________    5. Кузов _________________________
6. Шыққан жылы ____________    7. КҚТК сериясы, нөмiрi ____________
8. Көлiк құралының иесi ___________________________________________
___________________________________________________________________
9. Иесiнiң мекен-жайы _____________________________________________
10. Тексеру барысында анықталған жолсыздықтар туралы ескертпелер
және қосымша ақпарат: _____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

12. Техникалық жағдайы туралы қорытынды: Автомобильдiң конструкция.


сына жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы
заңнаманың талаптары сақтала отырып (сақталмай) _______
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
байланысты өзгерiстер енгiзiлдi.

Жол полициясы қызметкерi ___________________________
                                   (қолы)
Көлiк құралының иесi ________________________________
                                   (қолы)

                                    Қазақстан Республикасы Iшкi


                                   iстер министрiнiң 2003 жылғы
                                   13 ақпандағы N 87 бұйрығымен
                                  бекiтiлген Iшкi iстер органдары
                                    жол полициясы бөлiмшелерiнiң
                                  көлiк құралдарының конструкциясы
                                      мен техникалық жағдайын
                                  бақылауды ұйымдастыруы жөнiндегi
                                       нұсқаулыққа 3-қосымша

       Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - Iшкi iстер


министрлiгiнiң 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168   бұйрығымен .

               Көлiк құралына қауiптi жүктердi


               тасымалдауға рұқсат беру туралы

                           Куәлiк

      1. Осы куәлiк төменде көрсетiлген көлiк құралының, жол
қозғалысының Ережелерiндегi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен
тасымалдау Ережелерiндегi талаптарға жауап беретiндiгiн және
олардың тасымалдауына рұқсат етiлетiндiгiн куәландырады.
      2. Осы куәлiк, көрсетiлген көлiк құралы пайдаланудан алып
тасталған, иесi өзгерген, куәлiктiң берiлген мерзiмi өткен және
көлiк құралы қайтадан жабдықталған жағдайда, берген жол полициясы
бөлiмшесiне қайтарылуға жатады.
      3. Көлiк құралының үлгiсi (автомобиль, тiркеме, жартылай
тiркеме) және маркасы _____________________________________________
      4. Көлiк құралының мемлекеттiк нөмiрлiк белгiсi үлгiсi
(автомобиль, тiркеме, жартылай тiркеме) ___________________________
      5. Көлiк құралының кузов үлгiсi _____________________________
      6. Тахографтың заводтық нөмiрi _______, _____________20___ ж.
дейiн жарамды.
      7. Көлiк құралының исi және оның мекенжайы __________________
___________________________________________________________________
      8. "___"_________20__ ж. көлiк құралы тексерiлдi және мына
қауiптi жүктердi тасымалдауға жiберiлуi мүмкiн
___________________________________________________________________
                    (аты мен сыныбын көрсет)

      9. _____________20___ ж. _____________20___ ж. дейiн жарамды.

      жол полициясының бастығы
      ______________________                 ______________________
      "___" ________ 20__ ж.   (қолы, мөр)      (Фамилиясы, аты,
                                                  әкесiнiң аты)

      10. Осы куәлiк мерзiмi "___" _______ 20__ ж. дейiн ұзартылған

      жол полициясының бастығы
      ______________________                 ______________________
      "___" ________ 20__ ж.   (қолы, мөр)      (Фамилиясы, аты,
                                                  әкесiнiң аты)

      Ескертпе: Осы куәлiк жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз


ету бөлiгiндегi қауiптi жүктi тасымалдауға көлiк құралына рұқсат
берудi айқындайды және егер көлiк құралы 5-тармақта көрсетiлген
басқа тасымалдаушыға, операторға немесе иесiне берiлсе, куәлiктiң
жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн және көлiк құралының бiр немесе
одан да көп негiзгi сипаттамалары айтарлықтай өзгерсе АКҚ пайдалану
тоқтатылғаннан кейiн оны берген Жол полициясы бөлiмшесiне
қайтарылуы тиiс.

                                   Қазақстан Республикасы Iшкi


                                   iстер министрiнiң 2003 жылғы
                                   13 ақпандағы N 87 бұйрығымен
                                  бекiтiлген Iшкi iстер органдары
                                    жол полициясы бөлiмшелерiнiң
                                  көлiк құралдарының конструкциясы
                                      мен техникалық жағдайын
                                  бақылауды ұйымдастыруы жөнiндегi
                                       нұсқаулыққа 4-қосымша

       Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - Iшкi iстер


министрлiгiнiң 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168   бұйрығымен

       Көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасмалдауға


        рұқсат ету туралы куәлiктердi тiркеу журналы

N
қ/қ

Қауiптi жүктi тасымалдаушы туралы
мәлiметтер
(атауы,
мекен-жайы)

Көлiк құралының маркасы, мемлекеттiк нөмiрi

Жүк класы

Куәлiк берiлген күн

Куәлiк алған адамның
Т.А.Ә.А. және қолы

1

2

3

4

5

6

Каталог: images -> npa
npa -> Ќазаќстан Республикасы
npa -> Формат (содержание) справки об итогах деятельности за 2008 год
npa -> Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология
npa -> Утверждена
npa -> Қазақстан Республикасындағы ішкі су жолдарының кеме жүру қауіпсіздігін қастамасыз ету бойынша жол жұмыстарын жүргізу және жосп
npa -> Сравнительная таблица
npa -> «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет