Apple Vision Pro кеңейтілген шындық көзілдірігін сатып алған америкалық пайдаланушылар қолдану кезіндегі ыңғайсыздыққа байланысты дүкендерге кері қайтарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Verge порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: infocity.tech

Apple Vision Pro көзілдірігі адамда бас ауруы мен жүрек айнуын тудырады. Сондай-ақ пайдаланушылар құрылғыдағы негізгі жүктеме бастың алдыңғы бөлігіне түсетінін айтып шағымдануда. 

  • Apple компаниясы жақында патенттеген смарт сақинаның ерекшелігін атады
  • 2024 жылы iPhone 16 смартфоны Apple тарихындағы ең үлкен экранмен шығарылады

Жаңа құрылғыны қолданушы Паркер Ортолани гаджетті пайдалану кезінде "көз тамырларының жарылуын" бастан өткергенін айтты. Сонымен бірге ол көзілдірік кию тым ыңғайсыз болғанын атап өтті.

Айта кетейік, Apple Vision Pro көзілдірігінің сатылымы АҚШ-та 2 ақпанда басталды. Құрылғының Қазақстандағы бағасы 2 миллион 936 538 теңгеге дейін. Ал АҚШ-тағы бағасы 3899 доллар.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.