Астана мен Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты мектеп оқушылары 9 ақпан күні қашықтан оқуға жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Астана қаласының және Павлодар облысының білім басқармалары мәлімдеді.

"2024 жылғы 9 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген Астана қалалық білім басқармасының хабарламасында. 

Павлодар облысында да бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылаған.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада қатты желден университеттің шатыры ұшып кеткені туралы жазған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.