Журналист Кристиан Фальктың айтуынша, Баварияның бұрынғы бас жаттықтырушысы маусым аяқталғаннан кейін Барселонадан кететінін жариялаған Хавидің орнына үміткер болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

58 жастағы маман 2023 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыссыз отыр.

2021 жылы "Барселона" Президенті Джоан Лапорта Фликті көндіруге тырысқан, бірақ ол бас тартқан еді. Осыдан кейін бас бапкер лауазымына Хави тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Хави "Барселонаны" 2021 жылдың қарашасында басқарды, оның Каталония клубымен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін созылып, тағы бір маусымға ұзартылуы мүмкін. Өткен маусымда оның тізгіндеген командасы Ла лига Чемпионатына және Испания Суперкубогында жеңіске жетті.

Испания чемпионатында "Барселона" 44 ұпай еншілеп, төртінші орында тұр. Олар топ бастап тұрған "Жиронадан" 11 балл аз жинады. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.