Ислам діні және оның ерекшеліктері



жүктеу 387.51 Kb.
бет1/3
Дата21.04.2019
өлшемі387.51 Kb.
түріҚұрамы
  1   2   3



ИСЛАМ ДІНІ және ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Тақырыптар:

— Дін дегеніміз не?

— Қазіргі замандағы Яһудилік пен Христиандық.

— Діндер арасында Исламның алатын орны.

— Ислам және оның ұлы құрамы.

— Ислам дінінің мақсаты.

— Ислам дінінің ерекшеліктері.

— Ислам дінінің әлемдік дін болуының ерекшеліктері.

— Имам Ағзам Әбу Ханифа.
ДІН ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Дін - ақыл-есі дұрыс адамдарды өз қалауларымен дүниеде және ақыретте жақсылық пен бақытқа жеткізетін иләһи (тәңірлік) заң.

Діндер негізінен үшке бөлінеді:

1) Хақ дін.

Аллаһ тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізіліп, ешқандай өзгеріске ұшырамастан және бұзылып, бұрмаланбастан күнімізге дейін жеткен дін. Бұл ерекшеліктер мен қасиеттерді өз бойына сіңірген дін - Ислам діні. (Бұл жайында келесі беттерде кеңінен тоқталамыз)

2) Мұхарраф діндер (бұзылған, бұрмаланған діндер). Аллаһ тарапынан пайғамбарлар арқылы білдірілгенімен кейіннен адамдар тарапынан өзгертіліп, негізі бұрмаланған діндер. Қазіргі кездегі Христиандық пен Яһудилік (иудаизм) мұхарраф діндер болып табылады.

3) Батыл діндер (жалған).

Адамдар тарапынан ойдан шығарылған діндер. Бұл діндердің пайғамбарлар баяндаған діндермен ешқандай қатысы жоқ. Өз ойларынан шығарған Буддизм, Конфуцизм сияқты діндер.




ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЯЬУДИЛІК пен ХРИСТИАНДЫҚ

Яһудилікте кітап ұғымы Таурат


Қазіргі таңдағы Таурат - адамдардың қолындағы киелі кітаптың Жаратылыстың басталуы (бытие), Шығу (исход), Левиліктер (левит), Сандар (числа) және Екізаңдылық (второзаконие) деп аталатын бес тарауынан тұрады. Бұл тараулар яһудилердің киелі кітабының ең маңызды бөлімі деп саналады.

Екізаңдылық тарауында Хазіреті Мұсаның қайтыс болғаны, жерленуі және қауымының азасы туралы баяндалады. Алайда Таурат Мұса (аләйһиссәләм) өмірде болған кезде түсірілген. Сонда бір оқиға іске аспай тұрып қалайша «болған» сияқты нақыл етіледі? Яһудилер осы жағдайды: «Хазіреті Мұсаға Тәңір білдірген, содан ол өлмей тұрып келешекте болатын жағдайларды Тауратқа жазып қойған» - деп жориды. Осы Екізаңдылық тарауында Хазіреті Мұсаның кебінделуі мен жерлену рәсімдерінің баяндалуы Тауратқа адамдар тарапынан килігу болғанының ап-анық дәлелі...



«Аллаһ» ұғымы

Аллаһтың есімі Яһудилікте Яхуе немесе Яхоуа деп екі түрлі аталады. Таурат мәтіндерінде (текст) адамдық сезімдермен безендірілген антропоморфтік (адам сияқты) бір тәңір ұғымы ап-анық түрде көрінеді.

Яхоуа еврейлерде ұлттық тәңір ретінде қабылданады. Құдай Яһуди (еврей) ұлтын таңдап, назары мен ілтипатын тек соларға ғана аударған. Өздерінен басқа тіршілік иелері мен ұлттарды да жаратқан, бірақ олардың еврейлер сияқты бағасы жоқ. Үстем қауым Яһудилер ғана, басқалары, яғни бүкіл мақлұқат - олардың қызметкерлері. Сондықтан, «Яһудилік әлем жүйесі» дүние жүзілік әрі барша адамзатты қамтудан өте алыс.

Тауратта Рабб пенделік сипаттармен безендіріледі. Бұл жағдайды мына мысалдардан көруге болады:

Тәңір Нух топанына қатысты бұйрық береді. Бірақ ұмытып кетеді де кейінірек, берген бұйрығы есіне түседі. Жер мен көктің су ішінде қалғанын көреді. Барлық мақлұқат кемеге мінгеннен кейін кеменің есігін өз қолымен жабады...

Міне осылайша Құдайға ашық түрде ұмыту мен өкіну сипаттарын береді.

Тағы осы сияқты Израил ұлдары (Еврейлер) Раббтарына қарсы келген кезде, Тәңір оларды түгелдей жоюға жарлық береді. Бірақ араға пайғамбарлар кіріп: «жасама, істеме, кетіп қалма!» - деп, Тәңірді берген шешімінен айнытуға тырысады. Тәңір бұған қарап «жібиді». Сол кезде Тәңір «жою» туралы жарлық бергеніне қатты өкінгені туралы айтылады. (ІІ. Самуил, 24/16)

Тіпті Иеремиа кітабында Тәңірдің Израил ұлдарының доғарусыз қарсыласуларына қарап:

«Енді, өкіне-өкіне шаршадым!» - дегені де баяндалады. (Иеремиа,-15/6)

Қазіргі таңдағы Таурат Тәңірдің адам сияқты болғанын баяндайды. Осы жайлы бірталай мысалдар келтіруге де болады.

Тағы да Таураттағы:

«Тәңір әлемді алты күнде жаратты. Жетінші күні дем алды» (Жаратылыстың басталуы 2/3) деген баяндама Аллаһқа әлсіздік жалғастырғанның ақылға қонымсыз мысалы.

Алайда, дем алу, яғни әлсіздік пен қуатсыздықтың белгісі - адамдар мен мақлұқатқа ғана тән ерекшелік.

Бұдан да түсініксізі: уахи арқылы келген кітапқа болуы мүмкін емес нәрселерді енгізіп, өз ойларымен мынадай баяндамаларға жол беріледі:

«Аллаһтың ұлдары Адам атаның қыздарының әдемі болғанын көрді де, барлығы өз таңдағандарымен үйленді». (Жаратылыстың басталуы, 6/2)

Таурат Аллаһ тарапынан түскеннен кейін ұдайы килігулерге душар болып: Аллаһқа шаршау, өкіну, дем алу және «кеменің есігін қолмен жабу» сияқты антропоморфтік ұғымдардың жалғастырылғаны көрінеді.

Тауратта әңгімеленген Яқуп (аләйһиссәләм) туралы ақылға, түйсікке симайтын, қисынға келмейтін және таң қалдыратын мына сөздерге назар аударыңыздар:

«Үй-ішімен бірге Хазіреті Яқуп нағашы ағасының қасынан Кенан аймағына қайтып келе жатып, шөлде бір адаммен кездеседі. Бір-бірлерімен таныспастан дереу күресе кетеді де, содан таң атқанға дейін күреседі... Яқуп (аләйһиссәләм):

«Қойшы кетейін!» - десе де, күрескен адам оны қоя бермейді.

Сол адам бұдан кейін:

«Енді сен Яқуп емес, Израил деп аталасың... Өйткені сен Аллаһпен және адамдармен күресіп жеңдің» - дейді». (Жаратылыстың басталуы, 32/22-32)

Таураттың «Тәңір, адам сияқты бір бейнеге кіріп Яқуппен (аләйһиссәләм) күресті» деген осы баяндамасы ашық түрде антропоморфтік сенімді көрсетеді. Ал, осы сенім тәухидтен (Аллаһтың бір болуынан) мүлдем алыс, кәміл сипаттардан мақрұм және кем сипаттарға ие «тәңір» ұғымының баяндамасы деп табылады...

Тауратта Аллаһ ұғымына сәйкес келмейтін тағы бір оқиға баяндалады:

«Күн салқындағанда жәннат бақшаларын аралаған Рабб (Құдай), Адам мен Хауаны іздейді. Олар ағаштың артына тығылған еді. Құдай оларды таба алмайды да: «Қайдасың» - деп Хазіреті Адамға айқайлайды!». (Жаратылыстың басталуы, 3/8)

Осы мәселелердің барлығы қалай жорылса да адамдар тарапынан килігудің нәтижесінде Таураттың негізгі нұсқасының бұзылып, өзгертілгенін бірден байқауға болады.

Пайғамбар ұғымы

Иудаизмде Пайғамбарлардың екі сипаты бар екендігі айтылады:

1. Адамзатты Аллаһқа құлшылық етуге шақыруы әрі Аллаһқа серік қоспауы керек.

2. Болашаққа қатысты хабарлар беріп және айтқандары қалайда жүзеге асуы керек. (Екізаңдылың, 18/20-21)

Бұларда Ислам дінінде пайғамбарлар үшін уәжіп болған, яғни болуға тиісті бес сипат жоқ. Сондықтан Еврейлердің дінінде: пайғамбарлар айла жасап, адамдарды алдай алады; ойнастың жасай алады; зұлымдық істей алады; өтірік айта алады; тек қана өзінің жеке мүддесін ойлайтындай мінез көрсете алады.

Тіпті олардың Пайғамбарлар туралы айтқан әңгімелері Таураттағы екі шартқа да қайшы келеді. Мысалы, бұзылған Тауратта Карун (Аарон) Пайғамбар ал тыңнан бұзау жасап, соған табынуды әмір еткен деп кінәланады. (Шығу, 32/1-5, 24, 35) Яһудилер осы жағдайды: «Карун (аләйһиссәләм) бұзауды пұтқа табынатын қауымның қысымының нәтижесінде жасады» - деген түрде жорыса да, бұл пайғамбарлық міндетіне мүлдем сәйкеспейді... Өйткені пайғамбарлар «құдайы күшейтумен», яғни Аллаһтан көмек келуге жетерліктей дәрежеде жіберілген. Ал Құран Кәрім Еврейлердің Карун (аләйһиссәләм) туралы өсек-аяңдарын мүлдем қабылдамайды, мәселенің турасын береді. Құранда келтірілген мәлімет бойынша Карун (аләйһиссәләм) пұтты жасамаған, керісінше бұзау түріндегі пұттың жасалуына кедергі болуға тырысқан, тіпті сол себепті Израилұлдары тарапынан өлтіру қаупы туған пайғамбар. (Ағраф сүресі 150-аят; Таһа сүресі 90-94 аяттарын қараңыз).

Пайғамбарларды оларға жат әрі әсте қабыл етілмейтін сипаттармен «безендіреді»:

а. Хазіреті Нұх (Ной) топаннан кейін жүзім өсіріп арақ өндірген, ішкен маскүнем біреу. Бір күні қатты ішкені сондай, шатырында (күрке) мас болып ұйықтап қалады. Дәл осы кезде кіші ұлы Хам ішке кіреді де әкесінің жалаңаш жатқанын көреді. Бауырлары Сам (Сим,-Шам) мен Иафеске (Иафет, Япші) айтып әкесінің үстін жапқызады. Нұх айыққанда кіші ұлының істегенін біледі...

Бірақ Нұх сол себепті ұлын емес, немересі Кенанды (Ханаан, Қанахан) қарғайды. Сондықтан Кенан есімі Яһудилердің ең жек көретін есімдеріне жатады. (Жаратылыстың басталуы, 9/20-29)

ә. Хазіреті Лұт (Лот) Таураттың баяндауы бойынша қыздарымен зина (ойнастық) жасаған болып шығады. Содом мен Гоморе қалалары құрытылып, жойылғанда Лұт пен екі қызы құтылып бір үңгірге кіреді. Хазіреті Лұт ұйықтап қалғанда қыздары:

«Мемлекетте нәсілдің жалғасуы үшін біз тие алатындай еркек қалған жоқ. Әкемізге арақ ішкізейік!» - деп, (дегендерін істеп) әкесімін қосылады. (Жаратылыстың басталуы, 19/30-36)

б. Хазіреті Яқуп (Иаков) әкесінің батасын аларда егізі Ыйсты (Исав, Есау) айла жасап алдайды. (Жаратылыстың басталуы, 27-тарау)

в. Хазіреті Дәуіт (Давид) әйелі көп болған бір патша еді. Сонда да Ұряның (Урия) әйелін көргенде, оған пейілденеді де зина жасайды. Кейіннен Ұряны соғыс айласымен өлтіртеді. (ІІ.Самуил, 11/2 -12/22).

г. Хазіреті Сүлейменнің (Соломон) мың әйелі бар еді. Сүлеймен өмірінің соңғы кездерінде осы әйелдерінің ішіндегі пұтқа табынатындарының соңына еріп, пұттарға табынып кетеді. Осымен Хазіреті Сүлейменнің де «Тәңірдің алдында жаман болған істерді» істегені айтылады. (I. Патшалар, 11/1-7).

Олар өз ішкі дүниелеріндегі нәпсі армандарын Тауратқа жалғап, үнемі өздеріне жеңілдік жасауға тырысқан еді.

Әлбетте осылардың бәрі Яһудилердің өз зұлымдықтары мен сатқындықтарының нәтижесінде айтылған өсек-аяңдар. Осы «лағынеттелген қауым» үшін бұл оқиғалар жай, әдеттегі істер сияқты. Өйткені, олар өздерінің жеке мүдделеріне келіспеген жағдайларда өсек-аяң айтуы былай тұрсын, пайғамбарларын өлтіруден де тайынбаған. Хазіреті Зәкәрия мен ұлы Хазіреті Яхия осылай зұлымдың көріп өлтірілген екі пайғамбар. Еврейлердің осы жағдайын Құран қандай жақсы баяндайды:



«Олардың уағданы бұзғандықтары, Аллаһтың аяттарына қарсы келгендіктері, пайғамбарларды нақақ өлтіргендіктері және «діліміз перделенулі» дегендіктері себепті (қарғысқа ұшыраттық). Олай емес, (олардың жүректері перделенулі емес, керісінше) күпірліктері себепті, Аллаһ олардың жүректерін пешеттеп қойған. Сондықтан аз сандыларынан басқасы иман келтірмейді». (Нисасүресі 155-аят).

Аллаһ Тағала Фатиха сүресінде олар туралы:

«әл-мағдуб - ашуға ұшырағандар» - деп айтады.

Ақырет ұғымы

Таураттағы сенім бойынша Израилұлдары, яғни Яһудилер үнемі жәннатта қалады. Ал күнәһар болғандары тозақта тек қана он екі ай қалып, кейін олар да жәннатқа барады.

Ал, Еврей болмағандардың бәрі тозаққа кіріп мәңгі азап көреді. Өйткені олардың көзқарастары бойынша Еврей болмағандардың бәрі пұтқа табынатындар деп есептеледі.

Алайда олардың өз ұғымдары мен сенімдері түгелімен Аллаһқа серік қосу мен пұтқа табынудан басқа еш нәрсе емес!



Христиандықта кітап ұғымы

Інжіл


Құран Кәрімде баяндалған мәлімет бойынша Хазіреті Исаға Інжіл атымен жалғыз-ақ бір кітап түскен. Қазіргі кездегі христиандардың қолындағы Інжілдер Иса (аләйһиссәләм) қайтыс болғаннан жарты ғасыр кейін жазылған.

325 жылы жиналған Изник консилінде (әлемнің түкпір-түкпіріндегі поптар жиналған жиналыс) саны жүзге тарта Інжілден бір-біріне жақын төрт-ақ кітап қабылданған. Бұлар: Маркос (Марка, Марқа), Матта (Матфей, Матай), Юханна (Иоан, Жохан) және Лука (Лука, Лұқа) Інжілдері. Осы төрт Інжілдің түпнұсқалары да жоқ. Мұны христиандар да мойындайды. Төрт Інжілдің де Аллаһтың Хазіреті Исаға түсірген негізгі, шын Інжілге қатысы жоқ. Осы жайды растайтын дәлел-құжаттар өте көп.

Қазіргі қолданылып жүрген Інжілдердің Маттадан басқасының ең ескі нұсқалары Грек тілінде жазылған. Ал, христиандардың өздері жазған көне кітаптарында Хазіреті Исаның Ибранише-Арамейше сөйлегені және үгітті осы тілде жүргізгені айтылған. Алайда, Інжілдің тілі мен Исаның (аләйһиссәләм) сөздерінің мазмұны қолға алынғанда, тым құрыса түпнұсқаларының Хазіреті Исаның ана тілімен жазылуы және сақталуы керек екендігі көрінеді. Бірақ бүгінде не Інжілдердің тілі, не болмаса Исаның (аләйһиссәләм) өз сөздері оның ана тілінде жазылмаған.

Төрт Інжіл туралы қорытындылап, төмендегідей баға бере аламыз:

1. Бұл кітаптар Хазіреті Иса тарапынан жаздырылмаған және де осы Інжілдердің ешқайсысын Иса (аләйһиссәләм) көрмеген.

2. Осы Інжілдерді жазған адамдардың ғылыми қабілет жағынан бірталай кемшіліктері болған және бірнешесінің кім болғандары да білінбеген адамдар. Тіпті жазған кітаптармен қатысы да білінбейді.

3. Осы жазушылар Інжілдерді төңірегіндегілердің талабы бойынша сұранысқа сәйкес жазған. Сонымен қатар, бұл сұранысты берген адам да, жамағат та белгісіз.

4. Төрт Інжілдің де түпнұсқалары жоқ және осыны христиандар да мойындайды. Інжілдерді бір-бірлерінен көшіргендердің және аударғандардың надандықтарынан тіпті, қастандықтарынан бірталай қателер мен кемшіліктердің пайда болғанын, христиан ғалымдары да мойындап отырғанда, негізгі нұсқаларының жоқ болып, қолдан қолға өткен және аударылған Інжілдердің қаншалықты тура болғанын қайтып, айта аласыз?!

5. Сонымен қатар осы Інжілдердің жазылу тарихтары мәселесінде таласпай, бір шешімге келген екі ғалымды да таба алмайсыз.

Төрт Інжілдегі қайшылықтардың мысалдары


• Маркос пен Юханна Інжілдері Хазіреті Исаның ата тегі туралы мүлдем айтпайды. Ал, Матта мен Лука Оның ата тегін жазады. Бірақ, Матта Хазіреті Исадан Хазіреті Ибраһимге дейін 40 ата санағанымен, Лука 55 ата санайды. Бұдан басқа Лука Хазіреті Адамға дейін 20 кісіні тағы қосып тізбекті 75-ке жеткізген.

Исаның (аләйһиссәләм) ата тегін Ибраһимге (аләйһиссәләм) дейін Маттаның 40 деп санауы Лукада жазылған 15 кісіні ұмытып кеткеннен емес. Ата тегінің тізбегі зерттелгенде көбінің бір-бірлерінен бөлек болғаны тіпті ұқсас есімдерінің өзі, басқа орындарда тұрғаны көзге іліне кетеді.

• Матта Інжілінің 1-бабының 1-17 аяттары арасына жазылған тізбекте Хазіреті Исаның әкесі Жүсіп деген адам болғаны айтылғанымен, дәл осы Інжілдің осы бабының 18-25 аяттары арасында Хазіреті Мәриямның Аллаһтан екіқабат болғаны баяндалады. Осы жағдай төрт Інжілдің арасындағы қайшылықтың бір Інжілдің бір бабындағы аяттары арасында да болғанын көрсетеді.

• Матта Інжілінде Хазіреті Яхияның Ілия екендігі айтылады, бірақ Юханна Інжілінде керісінше Яхия Ілия емес делінген.

• Яхияның (аләйһиссәләм) Хазіреті Исаны танып-танымағаны жайындағы баяндамаларда айырмашылықтар бар. Ал Яхияның (аләйһиссәләм) өлтірілуі Матта мен Маркоста ұзақ айтылғанымен Юханнада бұл мәселе мүлдем қозғалмаған.

• Исаға (аләйһиссәләм) Інжілдерде тәңірлік сипат жалғанғанымен бірге, бірталай жерде адам баласы деп айтылған. Адамның бір жағынан Аллаһтың ұлы, бір жағынан адам баласы болуы мүмкін бе? Мүлдем болмайтын жағдай! Әйтпесе, адамзат Аллаһпен тең болар еді. Бірақ, бұл ой туралы таласуға да болмайды. Өйткені Аллаһ – жаратушы, ал, адамзат - жаратылған мақұлық.

Бірақ христиандар Інжілдерде жазылған «Аллаһтың ұлы» сөзімен Аллаһтың Исаның денесіне кіріп, сонда орналасып, Исаның денесінде адамзатқа көрінгендігін айтып, Исаның Тәңірдей болғанын надандықпен жарияласа да, бұны қабылдау Аллаһтың ұлылық және әр түрлі кемшіліктен пәк болу жағдайымен келіспейді.

Негізінде « Аллаһтың ұлы» деген сөз Исаның Тәңірлігін көрсетуден өте алыс. Өйткені бұл сөз басқа христиандарға да қолданылған. Мысалы Иса (аләйһиссәләм) шәкірттеріне былай айтады:

«Дұшпандарыңды жақсы көріп, сүйіңдер! Сендерге зұлымдық істегендер үшін дұға етіңдер! Егер осылай істесеңдер аспандағы Әкенің ұлы боласыңдар!».

Сенімдегі осы бұзылу мен азуды, ақиқатпен ешқандай келістіріп, жарастырудың мүмкін еместігін ақылы дұрыс әрбір адам түсіне алады. Тіпті, Юханна Інжілі сенімдегі бұзықтың мәселесінде тағы да ілгерілеп, Яхия (аләйһиссәләм) туралы айтыларда иман келтіргендер үшін мына сөздерді қолданады:

«Олар қаннан да, дене сұранысынан да, Исаның талабынан да туған жоқ; керісінше Аллаһтан туды!».

• Авторлар Інжілдерінде Исаны (аләйһиссәләм) өз армандарына сәйкес, қияли түрде сөйлестіріп, Оны бірталай сөз қайшылықтарының ішінде қалдырады. Иса (аләйһиссәләм): «Егер мен өзім үшін куәлік ететін болсам, осы куәлігім тура болмас!» - деп айтады, бірақ, басқа бір жерде: «Менің өзім үшін берген куәлігім тура болады!» -дейді.

• Иса (аләйһиссәләм) крестке керілген кезде Матта және Маркос Інжілдері бойынша: «Құдайым, құдайым! Неге мені тастадың?» - деген. Бірақ мұндай сөз бір пайғамбар айта алатындай сөз емес. Өйткені, пайғамбарлар тәуекелділік пен Аллаһқа берілу жағынан жай адамдар жете алмайтындай биік дәрежеде жаратылған.

Аллаһтың ашуын басу үшін ұлын бір жеміске бола өлтіруі турасындағы сенім, бір алманың айыбын өліммен төлететіндей қандай таң қаларлық сенім. Бұл - есі ауысқандық! Христиандар бұл жағдайларына қарамастан адамдарды өз діндеріне шақырған кезде, Хазіреті Исаның жанын пида етіп, адамзаттың күнәларын мойнына алғанын аңғалдықпен және батылдықпен баяндап, негізі бүтінімен бұзылған діндерін, адамдарға тартымды қылып көрсетуге тырысады.

Христиандардың осы килігуі бір жағынан адамдарды тұрпайы және жаман істерді жасауға еліктіреді (ықпал етеді), екінші жағынан ұлы пайғамбарларға жабылған жаланы, үлкен қатені көрсетеді. Алайда, пайғамбар - адамзат ішіндегі ең таңдаулысы болған, Аллаһтың қасында да әрбір ой-әрекетімен қабылданған кісі деп саналады. Сондықтан Аллаһтың таңдаған және сүйген Елшісіне осындай азап көрсетуі, сенген былай тұрсын, ойға да сыймайтын, әрі Аллаһқа надандықпен зұлымдық секілді қасиет тағу деп есептеледі. Ал, шындығында, Аллаһ, пайғамбарлары үшін қаншама мерейлі де ұлы дәрежелер, орындар, жақсылық пен сыйлықтарды уәде еткен. Мәселенің негізі осылай болып тұрғанда өзіне «тәңірлік сипат» жалғанған Иса (аләйһиссәләм) христиандардың айтқанындай шынымен Аллаһ болса, Аллаһтың креске керілетіндей әлсіз болуын ойлау, мақұлдау қалайша мүмкін?

Христиандықтағы «Аллаһ» ұғымы мен Үш Тәңір (Тәслис) сенімі

Исаның (аләйһиссәләм) ештеңе жазбағаны, қазіргі Інжілдердің де оның көкке көтерілуінен бірнеше уақыт өткеннен кейін, адамдар тарапынан болған килігулер арқылы жазылғаны ескерілсе, негізі Тәухидке (Аллаһты бірлеу жүйесі) тірелетін бір дінге, «үш тәңір» сенімі қалай кіріп, енгені де оп-оңай түсініледі.

Тәслис (үштеу) Христиандардың «Әке, ұл және қасиетті рух» үштігінен құралған Тәңір сенімдерін көрсететін бір сөз болып табылады. Негізінде Христиандық жалпы бір Тәңірге сенген діндерден деп есептеледі. Христиандық сүйенген «Ескі Сөз» де қабылданып, қолға алынған тәухид сенімі христиандардың орталығы болған Құдыста (Иерусалим) Үнді мен Грек мәдениеттерінің арасында қалып, солардың әсерінен тәухидке қарсы күйге түскен. Тәслистің Христиандыққа енгізілуі біршама ұзақ уақыттан кейін болған. 325-жылы жиналған Изник консилінде әлі тәслис ұғымы болмаған. Сол кезде тек қана әке мен ұлының Тәңір болғаны және олардың бөлек-бөлек гауһарлардан болғандары айтылып жатқан еді. 533-жылы жиналған Константинополис консилінде христиандардың үш негіз, яғни тәслис күйіндегі бір құдайға табынуы ұсынылған.

Хазіреті Иса екі мың жыл бұрын жоқ еді, кейінірек туды. Аллаһқа «кейіннен болды» деген ұғымды, сипатты жалғау дұрыс бола ма? Аллаһ адамдар оны креске керетіндей әлсіз бе? Өйткені Інжілдерде Хазіреті Исаның креске өз ықтиярынсыз керілгенін баяндаған жерлер бар. Матта 27/46-да: «Аллаһым, Аллаһым мені неге тастадың?» - деп айқайлайды. Матта Інжілі бойынша Иса осы сөзді керілген күйде, жан тапсырарының алдында айтқан болуы керек. Маркос Інжілінде де (Маркос інжілінің 15, 34 - жерлерін қараңыз) Исаға жалғанған осындай сөздер әлсіздік пен қарсы келудің көрінісі болып, адамдың кемшіліктер деп саналады. Негізінде, бұл пайғамбарлар айтатындай сөздер емес.

Інжілдер осындай жағдайда болып тұрғанда, Құран Кәрім Аллаһ Тағаланың жалғыз Құдай екендігін (Бақара сүресі 163-аят); егер жерде және аспанда Аллаһтан басқа Тәңірлер болса, жер мен көктің деңгейінің (тұрақтылығы) және тәртібінің сөзсіз бұзылып кететіндігін (Әнбия сүресі 22-аят) білдіреді әрі Аллаһпен бірге басқа Тәңірлер болған жағдайда пайда болатын нәтиже туралы қосымша былай айтады:

«Аллаһ еш бала иемденбеді. Онымен бірге басқалай тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқандарына ие болып (өз алдына) кетер еді де, біріне-бірі үстемдік қылар еді. Аллаһ олардың сипаттағанынан пәк». (Мүминун сүресі 91-аят)

Тәухид тақырыбын осыншама мұқият назар аударған Құран, христиандардың не екені белгісіз, шым-шытырық және тиянақсыз болған тәслистерін қабылдамайды, әрі мұның күпіршілік болатынын білдіреді:

«Аллаһ - үш тәңірдің бірі деушілер нақ кәпір болды. Тәңір-біреу, одан басқа Құдай жоқ. Егер олар айтқандарынан қайтпаса, әлгі кәпір болғандар (екі дүниеде де) қатты азапқа ұшырайды». (Маида сүресі 73-аят)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет