Ислам діні және оның ерекшеліктері


ДІНДЕР АРАСЫНДА ИСЛАМНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ



жүктеу 387.51 Kb.
бет2/3
Дата21.04.2019
өлшемі387.51 Kb.
түріҚұрамы
1   2   3

ДІНДЕР АРАСЫНДА ИСЛАМНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ


Алғашқы адам баласы болған Хазіреті Адам (аләйһиссәләм) алғашқы пайғамбар. Адамзаттың алғашқы діні - хақ дін. Хазіреті Адамнан Хазіреті Исаға дейін келген барлық пайғамбарлар адамдарға Аллаһтың бір екендігін баяндаған және Аллаһқа қалай ғибадат етілетіндігін үйреткен. Бірақ бұл пайғамбарлар жеткізген Иман негіздері және діни қағидалар уақыт өткен сайын бұрмаланып, түп нұсқалары жойылған.

Осыған байланысты ұлы Аллаһ соңғы пайғамбар Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арқылы бүкіл адамзатқа соңғы және ең тамаша - Ислам дінін жіберген. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі шынайы, ақиқат дін - Ислам діні. Батыл және мұхарраф діндердің Аллаһ алдында ешқандай құны жоқ. Аллаһ алдында қабылданатын тек Ислам діні.

Бұл шындың ұлы Аллаһ тарапынан Құран Кәрімде былай білдірілген:

«Аллаһ құзырындағы дін тек ислам ғана». (Әли Имран сүресі 19-аят)

«Кімде-кім Исламнан басқа дін іздесе одан осындай бір дін әсте қабылданбайды да, ол ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады».

(Бұхари, Әнбия 48)


МЕНІҢ ДІНІМ


Менің дінім ұлы дін, мен дінімді сүйемін.

Жоғары тұтып бар діннен, қасиетіне бас ием.

Менің дінім Ислам, бар діндердің тамашасы.

«Аллаһ бір» деген сөз, дініміздің ірге тасы.

«Аллаһ бір» дейміз біз «Аллаһ дейміз»,

«Аллаһ бір» деген сөзден басқа сөзді білмейміз.

Пайғамбарымыз «Мұхаммед» екі дүниенің де нұры.

Пайғамбарлар ішінде жоқ оған тең келері.

Бұл дінді Раббымыздан әкелген еді ол бізге.

Бұл дін жаудырады нұрды көктен үстімізге.

Бұл дін не дейді «таза бол!» Бұл дін не дейді «дұрыс бол!»

Бұл діннен басқа бар ма екен, дұрыс жол?

Кітабымыз Құран Кәрім, оқимыз оны әрдайым,

Шүкіршілік етеміз Аллаһқа, мұсылманбыз әлхәмдулилләһ.


М.Ш.Ялткая



ИСЛАМ және ОНЫҢ ҰЛЫ ҚҰРАМЫ


Ең алғашқы адам әрі пайғамбар Хазіреті Адамнан (аләйһиссәләм) бастап келе жатқан мүбарак діннің мазмұны бүкіл кезеңдерде бірдей. Айырмашылық тек қана адамзат баласының өмірінде болып жатқан дамуларға қарай қоғамдың үкімдерде көрінеді.

Сондықтан Хазіреті Адамнан ақырзаман пайғамбарына дейін құдайы тәблиғ туындысы болған және аты «дін» деп аталған ұйымда мазмұн қашан болмасын бірдей және сол мазмұнның аты «Ислам».

Расында Хазреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Бүкіл пайғамбарлар бір әкеден болған бауырлар болып келеді. Діндері бірдей» - деп айтқан.

Сондықтан Ислам жалпы білінгеніндей жалғыз Құранның мазмұнына арна емес. Бүкіл «аспанды діндер» адам баласы тарапынан килігу жасалмай тұрып барлық ерекшеліктерімен сол болған, яғни Ислам. Бұл шындықты баяндау үшін Құран Кәрімде былай айтылады:

15«Аллаһ алдындағы дін тек ислам ғана...». (Әли Имран сүресі 19-аят)

Бұл сөздер адам баласының дүние мен ақырет бақыты үшін жалғыз жолдың тек қана Ислам екендігінің айғағы.

Бұл шындық басқа бір көркем аятта өте анық түрде былай баяндалады:

«Кімде-кім Исламнан басқа бір дін іздесе әсте одан (осындай бір дін) қабыл етілмейді де, ол ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады». (Әли Имран сүресі 85-аят)

Ал онда Адамнан (аләйһиссәләм) бастап адамзаттың дамуына сәйкес түрде дамып Құранда кәмілдіктің шыңына жеткен Ислам не?

Алдымен, бұл мәселе жайлы берілген барлық түсініктемелердің негізі қысқаша осы екі нүктеде жинақталады:

1. Иман (Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырға дұрыс әрі шынайы түрде сену).

2. Амалы салих (иман келтірген соң Хақ Тағала біздерден талап еткен ғибадат пен іс-әрекеттерді ықыласпен, ізгі ниетпен орындау).

Міне, осы екі жағдайдың негізінде жүзеге асырылатын Ислам - көзқарас, өмір сүру және іс-әрекеттеріміздің құдайы тәртібін қамтамасыз ететін деңгейлі әдеміліктер тізбегі. ақыл, құлақ, көз, тіл және көңіл арасында шынайы байланыстар жасап Аллаһқа баратын жол - Ислам. Сондағы ұлы және сырлы да нәзік тұстар рахым болып тасқа тамшыласа, оны топырақтан да жұмсақ бір көңіл халіне келтіреді. Бірақ одан алыс көңілдер бейқамсыздық шөлдерінде ғапыл қалып, тас болып қатып қалады. Осы халден құтылу да Исламмен ғана мүмкін болады.

Ислам - сана-сезім, сөз және іс-әрекет жөнінен адам баласын ең әдемі түрде «илеп» кәмілдікке жеткізетін және қараңғылықтан нұрға шығаратын бақыт таңы. Яғни, ол адал өмір сүру деңгейінде төменде болғандарды көтеріп шыңға жеткізеді. Топырақ сияқты өзіне бағынған қаншама шірік тал мен бұтақтан көз бен көңілдерді қуантатын әрі сирек кездесетін раушандар, жауқазындар, қызғалдақтар және лалагүлдер өсіреді. Жай, тіпті ешқандай ерекшелігі болмаған пенделерді мақлұқат ішінде таңдаулы мәртебеге жеткізеді. Адам баласының жаратылысын негізгі халіне қайтарып, әдемілейді.

Хақ Тағала құлшылықтың шыңында болған пайғамбарларына Исламды толығымен жүзеге асырулары үшін жалпы бұйрық ретінде:



«Аллаһқа бағыныңдар!» - деп бұйырғанда әр біреуі:

«Күллі әлемнің Раббысы болған Аллаһқа мойын идім ...» - деген жауаптарымен бағыныштылығы арқылы құлшылықтарын баяндап белгілеген.

Аллаһ Тағала бұл ақиқатты Ибраһим (аләйһиссәләм) арқылы былай баяндайды:


«Раббысы оған: «Мойынсұн!» дегенде (Ол): «Күллі әлемнің Раббысына мойынсұндым» - деді». (Бақара сүресі 131-аят)

Бұл бағыну - Аллаһпен бірге болудың, әрдайым Оны зікір етіп еске алудың және Оған шүкір етудің белгісі. Негізінде, бүкіл ғибадаттар мен құлшылықтарды орындаудағы мақсат - Аллаһқа бағыну.

Осы әңгіме жайлы төменде өте тамаша мысал берілген:

Уағызшының біреуі мінбеде қабірдегі жағдай туралы насихат жүргізіп жатқан еді. Жамағат ішінде Хазіреті Шейх Шибли де бар болатын. Уағызшы үгітінің соңына қарай Аллаһ Тағала қабірде жатқан пендесіне қоятын сұрақтар туралы айта бастады:

«Біліміңді қалай пайдаландың? Мал-мүлкіңді қайда жұмсадың? Өміріңді қалай өткіздің? Ғибадаттарың қандай халде? Харам мен халалға (адалға) бейқам өмір сүрдің бе? - деп сұралады! Мыналар сұралады, осылар сұралады!» - деп, әңгімесін ұзақ айтты.

Осыншама егжей-тегжейлі түсініктеме берілгенімен мәселенің негізіне көңіл аударылмағанын көрген Хазіреті Шибли уағызшыға қарап:

«Ей, уағызшы мырза! Сұрақтардың ең маңыздысын ұмыттың! Аллаһ Тағала: «Ей, құлым! Мен сенімен бірге едім, сен кіммен едің?» - деп сұрайды» - деген екен.

Мәселені бұл тұсымен қолға алғанда Ислам:




«Сендер қайда болсандар да Ол сендермен!» (Хадид сүресі 4-аят) - деген сана-сезіммен өмір сүре отырып Оған қауышу.

Сондықтан Ислам - Аллаһқа деген махаббат және Оған мойын ию негізімен мәңгілік сәлеметтің және Аллаһқа қауышудың қамтамасыз етілуі. Жер жүзінің және аспанның түзетілуі және тәртіпке салынуы бағынуға байланысты. Адам баласында құлшылық пен бағыну болмаған жағдайда жоспар ашу (ғазап) көріністеріне ауысады. Көркем аятта былай айтылады:



«Адамдардың жамандықты қасақана істеуінің себебінен құрлықта да, теңізде де бұзықтық (тәртіп және ұйымшылдық бұзылады, апаттар) көріне бастайды да, Аллаһ адамдардың істегендеріне орай, олардың кейбіреулеріне жазаның дәмін татқызады; мүмкін сонда олар теріс бағыттарынан бұрылар». (Рум сүресі 41-аят)

Бұған қарағанда, құлшылық пен бағынудан, яғни Исламнан алыстау құрлықтағы және теңіздегі тәртіп пен сәйкестіктің бұзылуына себеп болады. Әрі пайда болатын апат сияқты оқиғалар күнәһарларға бұл дүниеге қарасты азғантай бір жаза ретінде беріліп, олардың қайтадан Исламға оралуларын қамтамасыз ететін ескерту көріністеріне толы.

Көңіл көзі ашық парасатты құл Ислам арқылы жаратылғанға қарап жаратушыны; себепке қарап сол себепті болдырғанды және затқа қарап мағынасын сезіп біледі де фәни, яғни жалған дүниенің ақиқатын түсіне отырып, ақыретті есіне алады. Және осы айбынды әлемнің сәйкестігі мен ұйқастығын әсіресе, шетсіз де шексіз болған аспанды тамашалап, құдайы құдірет пен ұлылықты әрдайым шын жүрекпен сезеді, әрі өз әлсіздігін және нәпсісін біле отырып құлшылығын үнемі орындайды. Мәңгі әлемге қарай Раббысына болған сапардағы иләһи сырларды аңғарып Соған қауышу әуесімен сәжде еткендер керуеніне қосылады. Сонымен жаратылыс мақсаты пайда болады да құл шексіз игіліктерге, құтылуға және иләһи қауышуға жетеді. Аятта былайша баяндалған:



«Аллаһ кімді дұрыс жолға саламын десе, оның көкірегін Ислам үшін кең ашады...» (Әнғам сүресі 125-аят) ақиқаты көрініс табады.

Бірақ бұл көріністен қашқандай болып алыстағандар да аяттың соңында айтылған:



«...Ал кімді аздырғысы келсе, (сол адам) көкке шығып бара жатқандай көкірегін тарылтады. Аллаһ сенбегендерді міне, осылай күпіршілік саздауытында қалдырады» (Әнғам сүресі 125-аят) жағдайға душар болады да өкініш және құр айқайларымен құрып кетеді.

Сондықтан адамзат баласының құтылуы тек Исламның бақытты жолында ғана мүмкін. Аллаһтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтады:



«Кім «Раббым деп Аллаһты, дінім деп Исламды, Пайғамбарым деп Мұхаммедті қабыл етіп, риза болдым» десе, жәннат оған уәжіп болады (яғни жұмаққа кіруі сөзсіз)». (Әбу Дәуіт, Салат 36; Тирмизи, Салат 42)

Ислам сөзі - силм және сәләмәт сөздерінен тараған. Мағынасы: тәуелді болу, Аллаһқа мойынсұну, бір нәрсені дұрыс және тап-таза ұстау, сәлеметке жету. Сонымен қатар ықылас және шынайылық деген түсініктермен қоса «иман» сөзімен де мағыналас.

Құран Кәрімнің бірінші сүресі болған Фатиха да Исламның астарлы түрдегі түсініктемесінен тұрады. Бұл сүреге қарағанда:

Ислам құлды Аллаһтың ашуына ұшыратпай және азғындыққа апармай сиратул-мұстақимға (тұп-тура жол) салып, бақыт пен сәлеметтің нұрлы құшағында Аллаһтың шексіз де шетсіз игіліктеріне жеткізе отырып:

«Күллі әлемнің Раббысы болған Аллаһқа хамд (мадақ, шүкір) болсын!» - деп айтқызған және бұл күйдің үнемі болуы үшін:

«Аллаһым! Тек қана саған құлшылық етеміз және тек сенен ғана жәрдем сұраймыз» - деген сырды жүзеге асыртқан иләһи дін.

Сондықтан адам баласындағы сену қажетін қанағаттандыруы, ақылдың тынышталуы, мал-мүліктің, жанның қауіпсіздігі, нәсілдің таза сақталуы және ең жақсы ақырет саудасы тек қана Исламның арқасында мүмкін болады.

Сөздің қысқасы, Ислам бүкіл тұстарымен, яғни заттық және рухани жақтарымен жалғыз әрі ерекше өмір діні. Әрдайым Хаққа (туралық) мойын ұсынып берілу діні. Ал, иман - хақты қабыл етіп бекіту.

Бұрынғы дәуірлерде мұсылман болмағанымен таза жаратылысына сәйкесті Исламды жақтап мәміле жасағандарға «дінсіз мұсылман» ал мұсылман бола тұра Исламды жақтамағандарға «кәпір сияқты бір мүмин» делінетін.

Сондықтан Ислам тек қана шын жүрекпен, ықыласпен өмірге енгізілгенде адамның рухы тазаратын рухани, терең дария.

Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтады: «Құл Исламды қабыл етіп, оны жақсы түрде өміріне енгізсе, бұрын істеген әр жақсы ісіне сауап жазылады да, істеген барлық кунәсі кешіріледі. Бұдан кейін істеген амалдарының қарсылығы былай болады: әр сауапты ісіне оннан жеті жүз есеге дейін сауап жазылады. Істеген күнәларына да қарсылығы не болса сол ғана жазылады. Бірақ Аллаһ кешіріп, сол күнәсін толығымен ғапу етсе, ол басқа». (Нәсай, Иман 10)

Хазреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Исламды жайып тарата бастаған сәттен бері оны қабылдамағандар әділет пен шынайылықты бір шетке тастап, өз азғындықтары мен ғапылдықтары ішінде нәпсілерінің және шайтанның құрбаны болып, өмір сүруді және осылай үстем болуды қалаған. Тарих мұның қаншама мысалына куәгер. Мекке мүшріктері көңіл аспандарына туған «Теңсіз нұрды» білген әрі Хазреті Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әл-Әмин және әс-Садық деп қабыл еткен халдерінде де қарайған жүректеріне Исламның нұрын шағылыстыра алмады, ұждандары ақиқатты қабылдағанымен нәпсілеріне жеңіліп, күпірлік шұңқырында талай жағдайларға душар болып, өз обалдарына қалды. Құранды ұждандарымен қабыл еткен халде де нәпсілеріне алданып қарсы шықты да тұйыққа тіреліп қалды. Жылдар бойы Хазреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келетінін хабарлап сүйіншілеген христиандар мен еврейлер де тек қана өз іштерінен шықпағандықтан, ұлтшылдық ойдың әсерімен «Жаратылғандар нұрын» өтірікке шығарып, жала жапты. Әсіресе, еврейлер ежелдік әрі мәңгілік болған шындықты қабылдамау жөнінде басқалардан да озып кеткен. Мына нақыл бұл ақиқатты айқындауда өте ғибратты:

Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Яһудилерге Құран Кәрімнен:

«Ей, Мұхаммед! Бұған қарсы олар сенімен сөз таластыруға кіріссе: «Мен, маған сенгендерді де, өзімді де Аллаһқа тапсырғанбыз». Тағы да өздеріне кітап берілгендерге де, надандарға да (пұтқа табынушылар): «Сендер де Исламды қабыл еттіңдер ме?» деп айт. Егер Исламға кірсе һидаят деген тура жолды табады. Ал егер олар бет бұрса, сенің міндетің тек қана айтып жеткізу. Аллаһ құлдарын нақ көруші» (Әли Имран сүресі 20-аят) деген аятты оқығаннан кейін олардан былай сұрады:

«Исламды қабылдадыңдар ма?»

Олар:

«Ия, қабылдадың» - деді.



Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардың бұл жауабына қарап:

«Исаның Аллаһтың кәлимәсі (сөзі), құлы әрі пайғамбары болғанына куәлік бересіңдер ме?» - деп сұрады.

Олар:


«Аллаһ сақтасын!» - деп алып бет бұрды да, бақытсыздардан болды.

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Яһудилерден бұл жауапты алғаннан кейін христиандарға қарап:



«Исаның Аллаһтың кәлимәсі (сөзі), құлы әрі пайғамбары болғанына куәлік бересіңдер ме?» - деп сұрады.

Олар да:


«Аллаһ сақтасын, Исаны құл деп айту мүмкін бе?» - деді.

Басқа бір күні Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Яһудилердің дәрісханаларына барып, оларды иман келтіруге шақырған еді. Нұғайм ибн Әмір мен Харс ибн Зәйд пайғамбарымыздан:

«Сен қай дінненсің?» - деп сұрады.

Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да:



«Ибраһимнің дінінен» - деді.

Олардың:


«Ибраһим Еврей еді» - деп айтуларына қарап Аллаһтың Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Ондай болса арамыздағы мәселеде Таурат төреші болсын, оған қарайық» - деді.

Яһудилер бұл ұсынысқа келісе алмады. Тіпті Еврей ұлтының ең күшті ғалымы деген атаққа жеткен Абдуллаһ ибн Сәламның һидаятқа жетіп мұсылман болуы себепті Исламға деген қырсықтары көбейіп бұрын оған айтқан мадақтарынан қайтып, өте ауыр түрде сөге бастады. Кітаптарына жасаған килігулері соңғы пайғамбарға қарасты бөлімдерде де іске асты және бірталай бөлімдері қайтадан бұзылып, бұрмаланды. Құран Кәрім бұл ақиқатты былай баяндайды:

«Құрып кетсін олар, кітапты қолдарымен жазып алып «Бұл Аллаһтан келген!» - деп айтады». (Бақара сүресі 79-аят)

«Олар кітаптағы сөздерді орындарынан өзгертеді!». (Ниса сүресі 46-аят; Мәйда сүресі 13-аят)

Осы іс-әрекеттер өз ой пікірлері турасындағы килігулер арқылы дінді негізінен алыстатып, өз нәпсілеріне қарай ұйымдастырып әр түрлі ғапылдық пен бұзықтықты заңды түрде көрсету жолындағы теріс реформалар болып табылады. Тіпті еврейлік пен христиандықтың бұзылып, бұрмалануы осылай болған. Сондықтан қазіргі кезде болып жатқан «Исламда реформа» деген сөз пікір-таластары да дінді бұзу мақсатымен болып жатыр. Реформа сөзі тек қана қиянаттардың бүркемеленіп, жеңіл бір сөзбен үсті жабылып, әдемі көрсетілуі үшін ғана.

Құпия мен хикметтерге толы бүкіл әлемді толығымен аңғарып білуі мүмкін болмаған адамзаттың ойынан шыққан реформа қысыр кеңестері мен ғылымы және құдіреті шексіз күлли еріктен келген Исламның салыстыра алынбайтыны өте айқын. Өйткені Аллаһ адамның жасырын және ашық бүкіл ерекшеліктерін білген жаратушы бола отырып, әмірлері (халал турасындағы бұйрықтары) мен нәһилерін (харам турасындағы бұйрықтары) сол біліміне қарап бергендігінен осы кәмілдікке уахиге тірелмеген пенделік ерікпен және құрғақ бір ақылмен жету мүмкін емес. Жаратылғанды Жаратқаннан да жақсы тану мен бағыттаудың мүмкін емес екендігі - адал ойлағандар қарсы келе алмайтын шындық. Сондықтан Ислам адамның жаратылысына ең сәйкес дін.

Ислам Аллаһтың мархабатының кеңдігі себепті ешбіреуін сыртта қалдырмай бүкіл адамзат баласын өзіне тыңдаушы деп қабылдайды. Сонымен, адам баласы істей алатын барлық іс-әрекеттер Ислам ортаға қойған үкімдерде талқыланып бағаланады. Адамзаттың еш-бір ісін сыртта қалдырмағаны соншалық, іске аспай тек қана ойда қалған әр түрлі ой-пікірге де жауап береді. Мысалы, түстер іс негізінде болмағанымен оларға да назар аударып, мәні бар немесе мәні жоқ деп үкімдер қояды. Бұл мысалды басқа ой негізді істермен көбейтуге де болады.

Бір жүйе адам баласын бағыттарда қағидалар мен шарттарды адамзаттағы негізгі бейімделулерден әрқандай біреуін жоққа санап қоятын болса, оның жаратылысына сәйкеспейді де белгілі бір шектен кейін наразылыққа, қарсы келуге және сол шарттарды бұзуға әкеліп соқтырады. Мысалы, католиктердің адамзат табиғатындағы негізгі бейімделулерден болатын жанұя құру жағдайын жоққа шығарып монахтар мен монахинялардың үйленулеріне тыйым салғаны сияқты. Осындай ережелерге бағыну адамзат жаратылысын (табиғатын) алаңдататыны соншалық, белгілі бір уақыттан кейін жасырын да болса көптеген қарсы келулерге және ережені бұзып кетуге әкеледі.

Сонымен қатар адамзат табиғатына назар аудармаған жүйелер «үнемі болу» бақытын да жоғалтып алады. Өйткені жаратылыс ең аяғында болса да, бөгеуін құлатып аққан сел сияқты өзіне сәйкеспеген тәсіл мен негізді әйтеуір бір бұзып, бірақ шығады. Расында, бұзылып, бұрмаланған христиандықтың қолында масқара болған батыс әлемі ең соңында оны өмірлерінен шығарып, тек қана шіркеуде іске асырылатын бір дін халіне айналдырған. Тіпті, бірталай христиандар килігу жасалынған діндерінің жаратылысқа қарсы мәмілесінің және білімнің шындықтары алдында соқыр болуының нәтижесінде дінсіздіктің құшағына түсіп кеткен. Сонымен қатар, дінге деген қажеттілік адамның табиғатында бар болғандықтан шайтанға табынуға дейін апаратын қаншама бұзық жолдар ортаға шыққан.

Ислам адамзат табиғатына қарасты шын білімнің жарығымен ережелер қойғандықтан, үкімдердің ескіріп бағасын жоғалтатынын ойлау мүмкін емес. Өйткені адам баласы осы негіздер жағынан әрқашан бірдей. Мысалы, әйелдердің сезімтал болуы өзгеріп жоғалмайтындығы, шындығына қарағанда, олар белгілі мәселелерге куә болған жағдайда осы сезімталдықтары көзге алынбаса әділеттің орындалуына зиян келтіреді.

Адамзат табиғатындағы теріс бейімделулердің азуы ықтималына қарсы иләһи (құдайы) тыйымдар, болымды бейімделулердің дамып, иесінің түла бойында үстемдік құруы үшін де әмірлер дәлме-дәл белгіленген. Бұл Исламның реалист болуының қажеттілігінен. Әмірлер мен нәһилер (халал турасындағы бұйрықтар мен харам турасындағы тыйымдар) өзгермейтін бейімдер турасында болғанымен өзгеріп тұратын «маслахат» деп аталатын хал-ахуал үшін адамдар еркін қоя берілген. Маслахатқа қарсы ешбір мәселеде нақты бір әмір немесе нәһи бар деп айта алмаймыз. Бұл тақырыпта қажетті тағы басқа бір мәселе - адамзат табиғатында болымды бейімделулердің негізгі жаратылыста үстем болғандығы. Бұл ақиқатқа ишарат үшін Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):



«Әр бала Исламды қабылдайтын табиғатпен (жаратылыс) туады» (Бұхари, Жәнаиз 92) - деп айтқан.

Аллаһтың рахымының ашуынан артық, оған үстем болуының нәтижесінде әлемде жалпылай тыныштық пен бейбітшілік бар. Ормандағы ең жабайы және ең күшті хайуандардың қасында ең әлсіз, ең күшсіз хайуандардың өмір сүруі бұл жағдайға бір мысал. Осы шындық әлемнің негізгі көрінісі болған адамзат үшін айтылса да өте орынды болады. Өйткені ондағы жалалдың (ұлылық) пен жамалдық немесе болымды не болымсыз бейімделулер бір жерде, бірақ, сырттай болған килігулер, қоздырулар жасалмай тұрып жамалдық көріністер немесе болымды бейімделулер екіншісіне үстем күйде. Яғни қайыр жағына болған үстемдік, баланың өзі арасында өскен қоғамнан әсер ала бастауымен бұзылуда. Ислам әмірлерімен де нәһилерімен де, осы бұзылуды бөгеп таза жаратылыс, таза табиғат делінген алғашқы балалық шағындағы сафтықты, тұнықтықты және тазалықты қорғап дамытуға тырысады. Адамзат табиғатындағы болымсыз бейімделулерді де жоққа шығармайды, әрі оларды мүлде жойып жіберу мақсатының артында жүгірмейді. Өйткені осындай бір қайраттың нәтижесі зиянға ұшырау болады. Бірақ Ислам оларды тәртіпке салып бағыттауға тырысады. Мысалы, жыныстық бейімделулерді Фрейд жариялағандай ешбір ереже-шарттарға бағындырмай еркін қоя берудің орнына нәсілдің жалғасуына дәнекер болатын жанұялық шарттардың ішін де шектеп, Аллаһ атына жасалатын келісім болған неке арқылы халал күйге келтірген. Әуесқой бейімді ұлы мақсаттарға байлап, одан қайырлы нәтижелер пайда болуын қамтамасыз етуге тырысады. Мүліктің Аллаһтыкі болғанын үйретіп, оны ең жақсы түрде жұмсау берекеті нәтижесімен мал-мүлікке деген қызығушылықты, ашкөздікті жояды. Қызғанышты «менде де болса екен» - деген құштарлыққа жақсы арманға айналдырады. Басқа болымсыздықтар туралы да осы секілді ойлау керек.

Бұрын да баяндағанымыздай, Ислам ақылды ең жақсы түрде бағыттайды. Оның уахиге бағынуын қалайды. Өйткені, біз уахимен тәрбие етілмеген ақылдың тарихта қандай сандырақ үкімдер бергенін көрудеміз. Сондықтан, философтар бір-бірлерін өтірікке шығарып келе жатыр. Мысалы, ескі Атина мінез-құлқында ұрлық - ұсталмау шартымен мақталған бір іс еді. Зейін туындысы деген оймен жақсы көріліп, айып салынбай босатылатын. Осы мысалды келтіруіміздегі мақсат - ұрлықтың табиғи хұқыққа килігу жасалған бір жағдай болуы. Уахимен тәрбиеленбеген ақылдың табиғи болған хұқық ұғымына қайшы болғанына назар аударылса, оның басқа салаларда қандай сандырақ үкімдер бере алатыны оңайшылықпен түсініледі.

Сонымен қатар осындай ақыл мен қисын, әсіресе, екі жақтың әрбіреуіне «сенікі дұрыс» дегізетін бір-біріне қайшы мәселелерде әділеттің орындалуына бөгет болады. Мұның тарихта мәшһүр мысалы бар:

Ескі Атинада бір заң мұғалімі шәкірттерінің біреуімен оны адвокат қылып шығару үшін келіскен еді. Осы қызметі үшін ақысының жартысын алдын ала алып қалған, жартысын шәкірті ең алғашқы сотын ұтып шықса алатын болып келіседі. Бірақ шәкірті сабақтың бәрін алып болған соң берген жарты ақысының оқып үйренген мәліметтер үшін жеткілікті екендігін, қалған жарты ақысын бере алмайтындығын айтады. Аяғында ұстазымен дауласып сотқа жүгінеді. Сот күні ұстазы судьяға қарап:

«Мен бұл даудан ұтып шықсам да, жеңілсем де сұраған ақшамды алуға тиістімін» - дейді.

Судьяның:

«Не үшін?» - деген сұрағына былай жауап береді:

«Дауды ұтып шықсам, сұрағаным шешіміңіз бойынша орындалуы керек. Керісінше, жағдай шешіміңіздің бір үкім баяндамай бағасыз болғанын көрсетеді, бірақ бұндай жағдай туралы ойлау да мүмкін емес. Ал дауда жеңіліп қалсам, шәкіртім ұтып алды дегенге келеді. Арамыздағы келісім бойынша, оның ақының екінші жартысын төлеуі бірінші сотын ұтып шыққанға байланысты еді. Осы келісім бойынша, егер ол ұтып шығатын болса, төлеу шарты іске асады да, кез-келген жағдайда әңгіме етілген ақыны алуым керек».

Айтқан сөздерінен жақсы білім алғаны көрінген шәкірті ұстазының бұл сөздеріне қарсы:

«Мен де бұл даудан ұтып шықсам да, жеңіліп қалсам да сұралған ақшаны бермеуім керек» - деді.

Бұған қарап судья:

«Не үшін?» - деп сұрағанда ол ұстазының қисынымен былай дейді:

«Егер ұтып шықсам, сұралған ақшаны шешіміңіз бойынша бермеуім керек. Керісінше, бір жағдай шешіміңіздің ешбір үкімі болмағанын көрсетеді, бірақ бұл мүмкін емес жағдай. Жеңіліп шығатын болсам, келісім бойынша, ең алғашқы сотты ұтып шыға алмағаным үшін менен ешнәрсе сұралынбайды. Өйткені бұл жағдайда төлеу шарты іске аспаған және қарыз пайда болмаған болады».

Міне, иләһи уахимен тәрбиеленбеген ой-қисынның осындай талай тұйың нәрселерге сүйрелуінің алдын алу мүмкін емес. Тек Ислам діні ғана құл ақысының кешірілмейтінін білдіріп, құлдың өз жағдайын үнемі тексеріп отыруын ұсынған, тіпті:

«Көршісі аш болып жатқанда өзі тоқ болып жүрген бізден емес» - деген хадиспен өзінен бұрын басқаларды ойлауды үйреткен.

Сонымен, Ислам адамзатты бір-бірімен бөліскен, бір-бірін сүйеген мүмин бауырлар халіне айналдырады. Расында, Араб қауымы қараңғы кезеңде дұшпандың, кек сақтау, қан төгу және соғыстармен атағы шыққан, қыздарын тірідей топыраққа көмген сезімі жоқ бәдәуилер (ауылдық) еді. Араларыңда бітіп болмайтын дұшпандық болып, күштілер әлсіздерді езетін еді. Хақ пен хұқық үнемі күштілердің қолында еді. Марқұм Акифтің сөзімен айтқанда:

Бір адамның тісі жоқ болса, оны бауырлары жейтін...

Бірақ Исламмен бірге осы адамдар адамзат тарихының ең таңдаулы, ең ерекше адамдары мәртебесіне жетті. Бір кездері бір-бірінің қандарын ішейін деп тұрғандар Исламның берекетімен өлім сәтінде де болса бір-бірін ойлап, сыйластық пен махаббат және қамқорлық аспанына көтерілді. Ярмук соғысы біткеннен кейін соғыс майданын аралап жүрген Хазіреті Хұзайфаның (радиаллаһу анһу) айтқан оқиғасы мүминдер Ислам арқылы жеткен қамқорлықты және рухани шыңды қандай керемет көрсетеді:

«Ярмүк соғысы біткен соң қолыма торсық ұстап шайқастан кейін жарақаттанғандарды іздеп, аралап жүрдім. Қарасам, немере інім қан селінің ішінде, көзі қолымдағы торсыққа, қарап жатыр. Торсықтағы судан ішкізейін деп жатқанда арғы жақтан Икримәнің даусы естілді:

«Су! Бір тамшы су!»

Бұл дауысты естіген немере інім Харис қолын торсықтан алып, көзімен суды Икримеге апаруымды білдірді. Сонымен, дереу Икримәнің қасына бардым. Торсықты оған созып жатқан кезде Ыяштың даусы естілді:

«Су! Аллаһ разылығы үшін су!»

Икримә де Харис сияқты сол сәтте қолын тартып суды Ияшқа апаруымды қалады. Дереу Ияштың қасына бардым, бірақ оның қолымдағы бұл жалған дүниенің суын ішуге уақыты қалмағанын көрдім. Бұл кезде ол ішкен шейіттік шербетінің зауқымен көзін жұмған еді. Сасқалақтап, «Болмаса, Икримәге үлгерейін!» деп барсам оның да шейіт болғанын көрдім. Бұған қарап немере інім Хариске жүгірдім. Бірақ ол да жанын тапсырған еді».

Міне, Ислам көңілдерге құйған шексіз қамқорлық пен Аллаһ ұнатқан мінез-құлық!

Алайда, бұл адамдар қараңғы дәуірде бір-бірінің қанын ішуге дайын әрі разы еді. Бірақ, Исламмен көңілдерін керемет бір иләһи сыйлық қоршағаны соншалық, арттарынан бір «бақыт ғасырын» қалдырды.

Аллаһ Тағала осы иләһи сыйлығын Құран Кәрімде былай баяндайды:



«...Аллаһтан келген нығметтерді еске алыңдар! Өйткені сендер бір-бірлеріңе жау едіңдер, Ол көңілдеріңді жақындатты және Оның игілігі арқылы бір-бірлеріңмен бауыр болдыңдар. Тағы сендер оттан бір шұңқырдың (тозақтың) ернеуінде тұрғанда да сендерді Ол құтқарды. Мінеки, Аллаһ сендерге аяттарын осылай баяндайды да мүмкін сонда тура жолды табасыңдар». (Әли Имран сүресі 103-аят)

Осы аят қадірменді сахабалармен бірге бүкіл адамзатты қамтыған.

Түркілердің де Исламнан бұрынғы жағдайларын тарих мақтап жазбаған. Мысалы, жеті мың шақырымдың сапар жасаған Атилланың артында қалдырған естелігі қан, ірің және көз жасынан басқа ештеңе емес. Бірақ, Исламмен танысып мерейі өскеннен кейін осы ұлт тарихтың ең қаһарман, ең мейірімді ұлты болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет