Исламдағы ерте жаста некелесуге қатысты тағылатын айыптауларға жауап



жүктеу 42.49 Kb.
Дата26.10.2017
өлшемі42.49 Kb.

Исламдағы ерте жаста некелесуге қатысты тағылатын айыптауларға жауап

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар, пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелері мен барша сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан кейін:

Уақыт пен тұрғылықты жерге байланысты қыздардың өсіп-жетілуі (бойжетуі) қатты өзгешеленетінін білген жөн. Егер ыстық елдерде қыздар 9-10 жаста бала тууға қабілетті болса, ал ауасы суық елдерде олар 15 пен одан жоғары жаста да жетілмеген болып көрінеді. Ал арабтарда ерте жастағы неке қалыпты жағдай болған, әсіресе, сол замандарда, ал біздің уақытымызда ерте жастан некелесу Йеменде және өзге де араб елдерінде бар.

Сосын, мына қарапайым нәрсені ұғынған жөн: егер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Айшаға үйленуі сол заманның әдет-ғұрпынан тыс кететін немесе арабтар арасында адамгершілікке жат құбылыстардың қатарынан болғанда, онда пайғамбарлық үндеудің басында онымен жауласқан пұтқа табынушылар мен көпқұдайшылдар оны осыменен жазғырып кінәлайтын еді. Себебі олар дәл сол, оны сонымен кінәлап жазғыруы үшін одан кез-келген, тіпті ең мардымсыз қылық күтетін. Бірақ олар ол туралы өтірік пен жаладан басқа еш нәрсе айта алмаған. Әрі осы себепті біз сол заманның пұтқа табынушылары тарапынан мұндай айыптау айтылғанын таба алмаймыз, өйткені бұл Исламдағы педофилия деп жар салушы кейбір замандастарымыздың ғана айыптауы, ал сөйте тұра балалармен ғана емес, жыныстарымен бірдейлермен және тіпті жануарлармен де жыныстық қатынасқа түсетін біткен бұзылғандар, сірә, дәл олардың өздері.

Ал мынау ол уақыттың қыздары тез бойжеткенінің, және 9-10 жаста олар әйелдер деп аталғанының айқын дәлелдері: Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер қыз тоғыз жасқа жеткен болса, демек ол енді әйел». Әт-Тирмизи 2/409.

Осыдан шамамен 1300 жыл бұрын өмір сүрген имам әш-Шәфи‘и былай деген: «Мен Йеменде тоғыз жасында етеккірі келетін қыздарды көрдім». Қз.: “әс-Сияр” 10/91.

Сондай-ақ ол былай деді: «Мен Санада жасы 21-де әже (болған) кісіні көрдім. Оның етеккірі 9 жасында келген, ал 10 жасында босанған, оның қызы да солай: 9 жасында етеккірі келген, ал 10 жасында босанған». Әл-Бәйһақи “әл-Кубра” 1/319.

Тіпті әйгілі сахаба – Амр ибн әл-Ас өзінің үлкен ұлы Абдуллаһтан небары он жас үлкен болғанын білетіндер, сірә, кемде-кем.

Бір сөзбен айтқанда, егер қыз бала жыныстық жетілген болса, оған тұрмысқа шығуына рұқсат етіледі.

Ал Аллаһ Тағала жетімдердің асыраушыларына арнайы былай деді: «Жетімдерді үйлену шағына жеткенше сынаңдар. Сонда егер олардан бір естияларлық көрсеңдер, дереу олардың малдарын өздеріне беріңдер» («ән-Ниса» сүресі, 4: 6).

Мужаһид «үйлену шағына жеткенше» сөздеріне қатысты былай деді: «Яғни жыныстық жетілуге дейін». Сондай-ақ Абу Мәлик, Са’ид ибн Жубайр және әс-Судди айтқан. Қз.: “Тафсир Ибн Аби Хатим” 4800.

Сосын, маңызды жайтты ескеру керек: ерте жаста үйленуге болатындығы осылай ету керек дегенді білдірмейді. Егде жастағы еркектің жап-жас қызға некелесуі секілді. Егер Абу Бакр (Аллаһ оған разы болсын) өзінің қызын ерте жасында одан бірталай жас үлкен болған Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұзатқан болса, бұл Аллаһ Тағаланың Пайғамбары еді ғой (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), ал адамдардың ішінде кім Пайғамбардың әйелі болуды немесе қызын оған беруді қаламайтын еді?! Сенімдімін, осы мәселемен Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаралауға тырысатындардың көбісі тіпті, сірә, өздерінің емшектегі қыздарын әлдебір бай-балаңға берер еді.

Тағы қайталанамын, мұның рұқсат етілгендігі солай ету қажеттілігіне нұсқамайды! Оған қоса, керісінше, қыздарды өз қатарластарына берген, немесе ерлі-зайыптылар арасындағы жас тым үлкен болмағаны абзал.

Бурайда былай деді: “Бірде Абу Бакр мен ‘Умар (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатимаға құда түскен болатын, бірақ ол оларға: «Ол кішкентай», - деді. Сөйтті де оны ‘Алиге тұрмысқа берді”. Ән-Нәсаи 3221. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “Сахих «Сунан» ән-Нәсаи” 3221, “Захыра әл-‘уқба” 27/58.

Имам ән-Нәсаи осы хадисті келтірген тарауды: «Әйелді өзінің жасына сай адамға тұрмысқа беру», - деп атады.

Имам әс-Синди бұл хадиске қатысты былай деді: Мұнда бірдей немесе сол шамадағы жасты ескеру керек екендігіне нұсқау бар, себебі бұл махаббат пен өзара түсініскенге жақын. Иә, (некелесетін кісілердің) бірдей жаста (болу абзалдығын) одан да абзал нәрсе үшін қалдыруға болады, мысалы, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Аишаға үйленуі секілді”. Қз.: “Хашия ‘аләән-Нәсаи” 3/370.

Абу Мужаши’ әл-Әзди былай баян ететін: Бірде Умар ибн әл-Хаттабқа (Аллаһ оған разы болсын) қартайған адамға тұрмысқа берген, соңынан оны өлтірген жас қызды ертіп әкелді, әрі Умар: «Уа, адамдар! Әйелдер өз жастарына тең адамдарға тұрмысқа шықсын, әрі ер адамдар да өз жастарымен бірдей әйелдерге үйленсін!», - деді”. Са’ид ибн әл-Мансур “әс-Сунан” 1/210.

Шейх әл-Әлбани былай деді: «Жас қызды, тіпті ол балиғатқа толған болса да, одан көп үлкен кісіге бермеу керек. Керісінше, жастың бірдей болуын ескеру керек!» Одан кейін шейх Бурайдадан жеткен хадисті дәлелге келтірді. Қз.: “әт-Та’лиқат әр-радыя ‘аләәр-Рауда ән-надия” 2/151.

Шейх Мухаммад ибн Али ибн Адам әл-Әтюби былай деді: «Егер құда түсушінің айқын артықшылығы болмаса, онда жастың бірдей немесе бір-біріне жақын болуын ескеру қажет. Ал егер оның артықшылығы болса, онда жас айырмашылығында тұрған дәнеме жоқ, осы себепті Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Аишаға үйленді. Ал біреу-міреу Абу Бакр мен Умар да анық артықшылықтарға ие етін, неліктен бұл есепке алынбады дейтін болса, жауабы: Ешкім бұл екі сахабаның (Аллаһ оларға разы болсын) артықшылықтары мен сый-құрметін теріске шығара алмайды. Дегенмен, Алиде де дәл Фатимаға қатысты олардан артық түсетін артықшылығы болған, ал ол некедегі өзара түсінісу мен сүйіспеншіліктің себебі болып табылатын олардың бірдей жаста болулары. Осы себепті Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Алиді оларға қарағанда абзал көрді». Қз.: “Шарх «Сунан» ән-Нәсаи” 27/58.



Әрі сөзіміздің соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар болсын!

Дереккөз: www.soliha.com



Қазақ тіліне аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет