Супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль “Канело” Альварес өзінің чемпиондық титулына міндетті боксшымен жұдырықтаспас үшін аса ірі көлемдегі қаржыдан бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Championat.com

Әлемнің ең үздік боксшысы саналатын Сауль Альварес WBC ұйымы бойынша міндетті қарсыласы Дэвида Бенавидеспен жекпе-жек өткізкізу үшін 55 млн доллар көлеміндегі сыйақы ұсынған. Бірақ “Канело” бұл жекпе-жекке аса қызығушылық танытпай, оның орнына Джермалл Чарлоға (33-0, 22 KO) қарсы  жекпе-жекті таңдады. Мексикалық былғары қолғап шебері Чарлоға қарсы кездесуде 35 млн доллар көлемінде кепілдендірілген сыйақы алады.

Әлімханұлы көздеген боксшымен "Канело" жұдырықтасады

Айта кетейік, “Канело” соңғы жекпе-жегін 2023 жыдың қыркүйегінде  Джермаллдың егізі Джермелл Чарлоға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.     


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.