Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Астанада автобус жүргізушісі Қаныш Сәтбаев көшесінің бойымен келе жатып, жолаушылардың толық мінгеніне көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скрин

Қалалық полиция басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, оқиға 25 қаңтарда болған. 

"Оқиға биылғы жылдың 25 қаңтарында Қаныш Сәтбаев көшесінде болған. Автобус жүргізушісі жолаушылардың толық отырғанына көз жеткізбей, жүріп кетіп, салоннан түскен әйелдің аялдамада құлап кетуіне жол берді. Жолаушы зардап шеккен жоқ. Жүргізуші тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды", — деді полиция қызметкерлері.

25 ақпанда әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап кетті. Адам толы автобусқа әйел кіріп, көліктің есігі жабылған. Автобус қозғала бастағанда есік қайтадан ашылып, әйел одан құлап кетеді. Алайда автобус жүргізушісі тоқтамай кете берген.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жүк көлігі, жол талғамайтын көлік және автобус соқтығысып, салдарынан адамдар көз жұмғанын жазған едік.  


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.