Алматыда полиция қызметкері есірткіге мас күйінде қызметтік көлікке соқтығысып, жол-көлік оқиғасын туындатқан. Осыған байланысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде Алматы полиция департаментінің аға жедел уәкілі, полиция майоры мас күйінде қызметтік автокөлікпен соқтығысып, жол апатын тудырғаны туралы ақпарат пайда болды. Сараптама барысында оның қанынан мефедрон табылды деген де ақпарат тарады.

Алматы полициясының баспасөз қызметі мас күйдегі қызметкердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталғанын растады.

  • Жұмыста туған күн тойлаған қазақстандықтар енді айыппұл төлейді

  • Түркістан облысында қойшы өліп, жұрттың 500-ден аса малы жоғалған: Тұрғындар полициядан күдіктеніп отыр

"Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органындағы қызметінен босатылды. Бірқатар басшылар тәртіптік жазаға тартылды. Бұл жұмыс ІІМ бақылауында", — деп хабарлады Алматы полициясы.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.