2009-2017 жылдардағы Моңғолия президенті Цахиагийн Элбегдорж Ресей басшысы Владимир Путиннің америкалық журналист Такер Карлсонмен болған сұхбатына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Unian сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналиске берген сұхбатында Ресей мемлекетінің президенті Украинға жасалған шабуылды "Ресейдің тарихи жерлерімен" байланыстырып, ақтағандай болған.

Элбэгдорж X (бұрынғы Twitter) парақшасында Моңғолияның тарихи жерлері туралы жазып, тіпті картасын да көрсетті. 

Суреттегі картадан Ресейдің қазіргі аумағы бірнеше ғасырлар бойы Моңғол империясының құрамында болғанын көруге болады.

After Putin’s talk. I found Mongolian historic map. Don’t worry. We are a peaceful and free nation🌏 pic.twitter.com/w5c2Hr0cQK

— Mongol Tsakhia ELBEGDORJ (@elbegdorj) February 11, 2024

“Уайымдамаңыз, біз бейбіт және азат ұлтпыз”, – деп жазған Элбегдорж жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбаты жарияланған. Путин екі сағаттық сұхбаттың 23 минутында Ресей мен Украинаның тарихына тоқталған. Өзінің ұзақ сөзінде Путин поляктар туралы айтып, содан кейін Карлсонға Богдан Хмельницкийдің хаттарының көшірмелері бар бірнеше мұрағат құжаттарын көрсеткен. Ол бұл әрекетін “мен бірнәрсені ойдан шығарып жатырмын деп ойлап қалмауыңыз үшін” деп түсіндірген.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.