Қазақстандық каратэші Нұрбек Кенжебай Кипрде өткен Karate1 Series A халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚР Спорт комитеті

Кипр елінің Ларнака қаласында WKF каратэден өткен Karate1 Series A турнирінде отандасымыз үздік үштіктен көрінді. 60 келіде кумите нұсқасы бойынша өнер көрсеткен Нұрбек Кенжебайдың алдын түркиялық Мерт Халичи мен колумбиялық Фореро Хуан Давидке орап кетті. Түрік спортшысы алтыннан алқа тақса, Хуан Давид күмісті місе тұтты.  

Айта кетейік, 83 елден 1000-ға жуық спортшы қатысқан додада ел намысын 15 спортшы қорғады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.