Аустралия ашық біріншілігінің жасөспірімдер арасындағы сайысының бірінші айналымында қарағандылық Әмір Омарханов турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Федерико Чинаны жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алғашқы сетте Қазақстан теннисшісі 0:6 ұпайымен жеңілді. Алайда екінші және үшінші сетте 6:3, 6:3 есебімен Үлкен Дулыға турнирінің екінші айналымына өтті.

Әмір Ғабитұлы Омарханов 17 қараша 2007 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Дәл қазір Сербия астанасы Белград қаласында жаттығады.

Еске салсақ, қазақстандық жасөспірім трамплиннен секіруден Кореяда өткен қысқы Олимпиадада алтын медаль еншіледі.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.