Қайырымдылықпен айналысып, танымал болған блогер Ырысбала Икрамбай өнер жұлдыздарының арасынан Қайрат Нұртасқа алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: жеке парақшалардан алынды

Мегажұлдызбен блогер ұшақта кездесіп қалған. 

“Таңғы сағат 7:30-да түнімен ұйықтамай әуежайға келіп, таңғы рейстен қалып, одан кейінгі рейске билет алып отырғаным осы. “Ұлық болсаң, кішік бол” дегеннің айқын дәлелі. Қайрат Нұртас аға-ау рақмет, чемоданымды көтеріп, ұшаққа алып келіп орналастырып бердіңіз. Алла берген бақты бағалап көтере білу – ердің ісі! Бағыңыз еселенсін. Қайрат Нұртас сияқты Алла бақ беріп, халық еркелетіп төріне шығарса, мен біреудің чемоданын көтермейтін едім. Үлгі алатын тірлік. Халық еркелетсе біраз адаммен араласпай кететінім бар. Өзімнің мұрын шүйірген кездерімді есіме алып, жаман ұялып отырмын", – деп жазды блогер.

  • "Зәбір көрсетейін деп тұрсыңдар": Далада тұратын қарт кісі жаңа үйге көшуден бас тартты

  • "Су кетіп, кафелі құлап жатыр": Ақтөбеде тұрғындарды апатты үйден дәл сондай сапасы нашар баспанаға көшірген

Сонымен қатар, блогер мұқтаж жандарға баспана алып беруге үлес қосып жатқан әпкесіне қымбат телефон сыйлады. 

“Шымкентке аман-есен келдік. Балаларымды бақшадан алуым керек. Бүгін бір жанды қуантқым келеді. Баспана алуға ең көп ақша аударатын әпкеме соңғы үлгідегі телефон сыйладым. “Мұқтаж жандарға бұйырсын!” деп үнемі қаржылай көмектесіп тұрады. Телефон құны – 1 миллион теңге. Жақсылығыңыз еселеп қайтсын!”, – деп тілек жаударды Ырысбала. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Еске салайық, блогер Назарбаев қорының марапатынан бас тартқанын айтқан еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.