Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жаңа лауазым иесі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Ол президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындады. 

Экс-министрдің жаңа қызметі туралы ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген. ""

2014-2016 жылдар аралығында  "Нұр Отан" партиясының "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары,

2017-2018 жылдар аралығында "Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының" ММ басшысы,

2018 жылғы қаңтар-тамыз аралығында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры болған.

2019-2020 жылдар аралығында Павлодар облысы әкімінің орынбасары,

2020-2021 жылдар аралығында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі,

2021 — 2022 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары,

2022 — 2023 жылдар аралығында Amanat партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

2023 жылғы 4 қаңтарда мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалған еді.  Сол жылы қыркүйекте министр қызметінен кетті.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.