Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров барлық деңгейдегі әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар жалған мәлімет беруді әбден үйреніп алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: кадрдан скрин

Депуттаттың сөзінше, статистикаға әр қазақстандық күн сайын жарты килограмм картоп тұтыну керек. Ал бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде картоптың отаны Беларусь елінен бірнеше есе көп.  Ол берген ақпаратқа сәйкес, еліміз екі есе аз картоп өндіреді. Осындай жағдай басқа салада кездеседі.

“Салалық одақтардың бағалауына сәйкес бидайға қатысты берілген есеп 3 миллион тоннаға артық. 2021 жылы Маңғыстаудан бастап, бүкіл оңтүстік және батыс өңірлерде қуаңшылық болды. Сол кездегі ауыл шаруашылығы министрі ауыр жағдайға қарамастан 20,1 миллион тонна астық жиналғанын сүйінші сұрап жеткізгені есімізде. Жекелеген аймақтарда мал басын санағанда анықталған сәйкессіздік 40 %-ды көрсетті. Осындай өтірік кімге, не үшін керек?! Жалған есептер еліміздің ауыл шаруашылығы саласын құрдымға жібермей ме?! Барлық деңгейдегі әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар жалған мәлімет беруді әбден үйреніп алды. Былай айтқанда, жеке қосалқы шаруашылықтардың көрсеткіштерін өз бетінше еселеп, статистиканы түрлендіре береді. Ал бұл үшін жауапкершілік қарастырылмаған”,- деді ол.

Қожаназаров әкімдердің өтірік статистика жасап, жарысып жатқанын айтты.

“Әрине, әкімдердің арасында бәсеке болғаны жақсы. Бірақ әкімдер нақты атқарылған іспен, нәтижемен жарысып жатса, онда оны құптауға болады. Ал ойдан шығарған сандармен арзан ұпай жинау елге қажет емес. Мұның зиянын бюджетті жоспарлау кезінде көріп отырмыз. Нарықты реттегенде қате шешімдер қабылданады. Бәрін былай қойғанда бұл қадам елдің азық-түлік қауіпсіздігінің тас-талқанын шығарады”, – деді депутат.

Ол Статистика бюросының 2025 жылға ауыл шаруашылық саласының мәліметтерін қайтадан жүйелеуге тиісті дайындық жұмыстарын әлі күнге дейін бастамай отырғанын айтты.

Депутат мәселенің шешу жолын ұсынды:

  • Әкімдіктердің жұмысын бағалау критерийі ретінде қолданылатын өнім көлемі индексі сенімді бизнес көрсеткіштеріге ауыстырылуы керек. Мүмкін кәсіпорындар рейтингін есепке аласыздар; 
  •  Әкімдердің жұмысын бағалауды нақты қолдарында тұрған бар құралдарға қарап бекіту. Ауыл шаруашылығы өндірісіне бөлінген жер учаскелері, берілген субсидиялар, жасалған инфрақұрылымдар, тартылған инвестиция көлемі, несиелер көлеміне қарап бағалау;
  •  Статистикалық есепті мал басын есепке алудың ақпараттық жүйесін, дақылдардың ғарыштық мониторингін, салық және зейнетақы есептеулер, кедендік декларацияларды және электрондық шот-фактуралардың базасын интеграциялау арқылы жүргізу;
  • Кәсіби фермерлерді, жетекші IT-компанияларды және халықаралық сарапшыларды тартып, жұмыс тобын құру арқылы ақпараттық, әдістемелік және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру Керне;
  • Егер шаруа қожалығы жергілікті әкімдердің сұрауы бойынша өндірілген өнім көлемін ұлғайтып көрсететін болса, оған тиісінше салынатын салық көлемін ұлғайту қажет.

  • Автор: Жанара Кенжебекова

    Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.