Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурызда өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Құрылтай Атырауда болады. 

Қаңтарда ұлттық құрылтай құрамы жаңарған еді. Құрылтайдың жаңа мүшелері: 

  • Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева;
  • "Қазақстан корейлер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин;
  • Еңбек ері, №7 Семей орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова;
  • Парламент мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов;
  • Басқарма төрағасы – Zhubanov University ректоры Лаура Қарабасова;
  • Жеңіл атлет Айсұлу Сүлейменова;
  • Дүнген этносының жетекшісі Лұғмар Буларов;
  • Тележүргізуші, "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько.

Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.