Кәсіпкер әрі ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев бірқатар активі тәркіленгеннен кейін қалай өмір сүріп жатқаны туралы айтып, алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарын пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Instagram/kairat4 

Журналистер одан активтері тәркіленгеннен кейін қандай ақшаға өмір сүріп жатқанын сұрады. 

"Кәсіпкерлікпен айналысу және пайда әкелу жоспарымда бар. Мен айналысатын жобалар жеткілікті, олардан кетпедім", – деді Қайрат Боранбаев Париждегі алдағы паралимпиада ойындарына арналған ұлттық паралимпиада комитеті іс-шарасының кулуарында.

Ол елімізде жаңа атауға ие болған McDonald's фаст-фуд мейрамханаларының брендін Қазақстанға қайтаруға болатынын, бірақ бұл үшін уақыт қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа I'm бренді барлық стандартты сақтап қалғанын айтты.

  • 2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
  • Қайрат Боранбаев мемлекетке тағы 120 миллиард теңге қайтарды

Кәсіпкердің сөзінше, "Алмалы" холдингінде жақсы жобалар, соның ішінде медицина, туризммен байланысты жобалар жеткілікті. Холдинг McDonald's үшін қажет, стандарттарға сай бір реттік стакан жасайтын зауыттар ашты.

Журналистер кәсіпкердің бірқатар активі тәркіленгеннен кейін қандай қаражатқа өмір сүріп жатқанын сұрағанда ол күлімсіреп жауап берді.

"Қайрат" футбол клубы қалай жұмыс істеп тұр? Бұл – жалғыз жеке клуб. Иә, жарнама мен демеуші компаниялардың есебінен. Барлық компания жұмысын жалғастырып жатыр. Шынымды айтсам, компанияларға жұмыс істеуге рұқсат берілгеніне рақмет айтамын. Біздің холдинг – басқарушы компания. Біздегі бизнестің бәрі жұмыс істеп тұр. Иә, мәселелер бар, бұл қалыпты жағдай, себебі барлығында проблема бар деп ойлаймын", – деді Қайрат Боранбаев.

Алайда іс-шараға қатысы жоқ басқа сұрақтарға кәсіпкер жауап беруден бас тартты.

Еске салсақ, мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі өзгертіліп, кәсіпкер шартты түрде бостандыққа шыққан еді. Ол бірқатар активін мемлекетке қайтарды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.