ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева отбасында зорлық-зомбылық көретін әйелдерге кеңес айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Айта кетейік, "Хабар" арнасының "Бірақ…" отбасылық ток-шоуында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелге арналған бағдарлама көрсетілді. Ток-шоу кезінде жүргізушілер 18 жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелді күйеуімен татуласуға мәжбүрлеген еді. Өнер иесі осы оқиғаны көрсетіп, әйелдерге кеңес берді. 

“Қайда қарасаң да, жапа шеккен сорлы айелдер…. Құдай сақтасын, кейбір қазақтың еркектері не болып кеткен?! “Болашақ” стипендиясын алып, шетелде оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу бауырымыздың ісі бәріңізге мәлім. “Ештеңе көрмедім, ештеңе білмеймін” деп отырған түрі анау. Қыздар! Ұрмақ түгілі, боқтап жіберсе де қашыңдар! Адам өзгермейді! Аяқтарыңа жығылып, құран ұстап жалынса да, 8-9 балаңыз етекке оралып жатса да, қашу керек! Әйтпесе тым кеш болады”, – дейді әнші. 

  • Бишімбаев алқабилерді сатып алуы мүмкін бе – Бас прокуратура жауап берді

  • Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Желі қолданушылары мен өнер иесінің әріптестері бірауыздан қолдап, басынан өткерген түрлі оқиғасын бөлісіп жатыр. 

“Дұрыс айтасыз, 40 жыл бойы тепкі көргенмін. Еш өзгермеді. Қазір өкінемін”, “Менің күйеуім талай ұрды, балаларым үшін шыдадым. Қазір ұрмайды, соған қарағанда ақылы кірген-ау”, “Отбасындағы зорлық-зомбылықтың түбі – адам өлімі”, “Мына әйелге қорлық көрсеткен бағдарламаны соттау керек” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық әншіні өнердегі әріптесі Бейбіт Қорған сотқа бермек болғанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.