Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің бірауыз сөзін әдетке айналдырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Тележүргізуші бала кезін де еске алды. 

“Бақыт сыйлайтын бір түйір ет. Кішірек кезімізде үйде асылған еттің иісі шықса, мереке деп қуанатынбыз. Айына бір рет болсын мәнті түйіп, палау жасап, қазанға ет салуға тырысатын Дишинкам (ред: анасы). Ондайда бала көңіл "қонақ келеді" деп, соны мереке көретін едік. Ең бақытты күйімнің бірі ретінде сол көріністі түпсанам сақтап қалған болуы керек…”, – дейді журналист. 

  • "Екі аяғына білезік тағып, 7 әйел кестік": Ләйлә Сұлтанқызы ерекше тұсаукесер тойына қатысты

  • "Маған тұрмысқа шығасыз ба?": Нұрболхан Шарапов журналист Ләйлә Сұлтанқызымен әзілдесті

Айтуынша, тұрмысқа шыққаннан кейін де асүйдің тізгінін өзі алып, түрлі тамақты жасаған. 

“Кейін тұрмысқа шығып, ас үйдегі тоңазытқыш пен ыдыс-аяқ өзіме тигенде Қайрекеңнің "бір жапырақ ет болсын асып қояйық" деген өтінішін әдетке айналдырдым. Әлі күнге дейін үйде ет асылып тұрады. "Қамырын салмасақ та, дастарқанда тұрған дұрыс. Балалар шетінен үзіп, сүйегін мүжиді, сіңірін созып жейді" дейтін. Суықтан тоңып кіргенде бойың жылып, жүрегің жібіп, отбасыңмен бас қосып, уақыт өткізуге бір себеп. Бала көргенін істейді ғой. Болашақта олардың да үйінде осы үрдіс жалғасса екен деймін. Келіндерім туысшыл, көпшіл болып, ет асып, қонақ шақырып, шаңырақты береке-бірлікке толтырса, оның несі жаман?!”, – деп жан сырын ақтарды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Еске салайық, белгілі журналист күйеуінің қазасын қалай жеңгені туралы жазып едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.