Қазақстандықтар ет тағамдарын сүйіп жейді. Алайда инфекционист дәрігерлер шала пісірілген еттен сақ болу керегін ескертеді. Себебі оның салдарынан ішекке өгіз таспа құртының түсу қауіпі бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Шала пісірілген кәуап, стейк сынды ет тағамдарынан ішекке паразиттер түседі. Олардың ішінде ең қауіптісі гельминт – өгіз таспа құрты. Оның ұзындығы 12 метрге дейін жетеді. 

Дәрігер-инфекционист Ләззат Байтілеуованың айтуынша, бұл паразиттер адам ағзасында жылдар бойы өмір сүреді.

“Адам ағзасына құрт түскенін білмеуі де мүмкін. Әдетте, екі жарым айдан кейін – қысқа инкубациялық кезең – ішектен кішкентай таспа құрттар түседі. Оларды құмыраға жинап, диагностикалық тексеру жүргізілетін емханаға апару керек”, – дейді дәрігер. 

2008 жылы бұл инфекцияны 13 адам жұқтырған. 2022 жылы өгіз таспа құртын жұқтырған төрт адам анықталды. Олардың біреуі бала. Былтыр инфекция үш адамнан табылды. Сондай-ақ дәрігерлер өгіз таспа құртын жұқтырған адамдарда қандай белгілер байқалатынын айтты.

“Адамның жүрегі айнып, тіпті таңертең құсуы мүмкін. Бойын әлсіздік билеп, басы, іші ауырады. Тәбеті жақсы болса да, салмақ тастайды”, – дейді сарапшы.

Инфекция Латын Америкасы мен оңтүстік-шығыс Азияда көп таралған.

“Аталған елдерге баруды жоспарласаңыздар жергілікті тағамдарды тұтынар алдында абай болыңыздар. Инфекция өлімге алып келмесе де, айтарлықтай қолайсыздық тудыратыны анық. Сондай-ақ аурудың неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым жақсы. Инфекцияны емдеу үшін ауруханаға жатуға тура келеді. Өйткен үй жағдайында таспа құрттан емделу мүмкін емес”, – дейді санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығының маманы Жанна Шапиева.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.