Әбдіқадыр Әсемай қтә-31
Зат есім жалғауларының түрлері
Көптік жалғау
Морфологиялық тәсіл, немесе көптік тұлғаның арнаулы қосымша арқылы жасалу тәсілі, негізінен, көптік жалғауының қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіретін үш түрлі морфологиялық форма бар.
Олардың бірі – - ыз/-із, -з, екіншісі – -қ/-к, үшіншісі – -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер формасы. Бұлардың арасында -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер жалғауының орны ерекше, чуваш тілін есептемегенде, бүкіл түркі тілдерінде аса өнімді жұмсалады.
Көптік жалғаулары, негізінен, екі семантикалық-грамматикалық мағынада жұмсалған: 1) белгілі бір заттың, нәрсенің дербес-дербес санап көрсетуге болатын бөлшектерден тұратындығын көрсетеді. Мысалы, ағачлар (ағаштар), бизлер (біздер), тағлар (таулар) т.б. 2) белгілі бір адамдардың тобын, жиынтығын білдіреді. Мысалы, кішілер (кісілер), азамлар (адамдар), білмезлер (сауатсыздар) т.б.
Орхон-енисей, орта ғасыр ескерткіштері тілінде кездесетін тарқа+т (атақ, жекешесі – тарқа+н), теги+т (атақ, жекешесі – теги+н) сөздері құрамындағы т, теле+ут, турк+ут этнонимдері құрамындағы -ут көптік мағына береді. Мұндай мағынаны қазақ тіліндегі бі+з, сі+з жіктеу есімдіктеріндегі -з элементі де бере алады.
«Ортақтық», «жинақтау», «мол болушылық» ұғымдары көптік ұғымынан шығады. Қарын+д+ас, жол+д+ас сөздері арқылы берілетін ортақтастық мән көне *ас көптік формасы негізінде беріліп тұр деп есептейміз. Ортақ етістің -ыс/-іс, -с жұрнағы да этимологиялық жағынан, сөз жоқ, көптік жалғауына барып тіреледі. «Өлең+ті», «Қараған+ды» т.б. жер, елді мекен атауларына жалғанған -ты/-ды, -ті/-ді көне жұрнағы «бір нәрсенің молшылығын» көрсетеді. Қазіргі заманғы сын есім жұрнақтары – -ты/-ті, -ды/-ді, -лы/-лі дәл осы мағынада жұмсалады: су+лы, орман+ды, гүл+ді, тас+ты т.б
Достарыңызбен бөлісу: |