Психология саласына бет бұрған айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның басы тағы дауға қалды. Ол ақылы сабақ өткіземін деп оқырмандарынан ақша жинап алып, сабақ болатын парақшаға тіркемеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/

Құны 7 мың теңге болатын сабаққа 9 мың адам тіркелген. 

“Бұл марафонда 2024 жылға мақсаттар жазып, оларды орындау үшін нақты техникалар беріледі. Өзгеремін деп ниеттенген қаншама адам?!. Сол кісілердің үміттерін ақтасам екен деп Алладан дұға сұраймын”, – деп жазды психолог.

Сондай-ақ, коуч 10 сағаттық трансформациялық тренинг те өткізетінін айтты. 

“Сауданың жүрмеуі, ақшадан қорқу, ақшаны жинай алмау, қарыз мәселесінің түйінін шешетін сабақ болмақ”, – дейді айтыскер ақын. 

Осы ретте желі қолданушыларының дені – сабаққа қосылмай қалғандар. “1 қаңтар күні төлем жасадым, әлі сабақты көре алатын емеспін”, “Қосыла алмай жатқандарға хабарлама айтуға болады ғой”, “Чек жіберілмейді, ватсапқа жауап бермейді, сабаққа қосыла алмай отырмын. Неге бәрі толық қосылғанда сабақ бастамайсыздар?” деп ашуланды оқырмандары. 

Енді бірі сабақты көріп, психологтың айтқан кеңестері жүзеге асып жатқанын да жасырмады. “Сол қолмен жазу керек деген техникаңыз маған ұнады. Күніне 2-3 сөйлемнен жазып жатырмын”, “Сол қолмен жазуды сабақ барысында-ақ бастап кеткенмін” дейді сабақ тыңдаушылар.   

Еске салайық, жақында желіде отырып, “ақылын сататындарға” қарсы онлайн петиция жарияланғанын жазған болатынбыз. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.