Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе әуежайы ертең таңға дейін ұшақ қабылдай алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ақтөбе әкімдігінің хабарлауынша, бұған әуежайдың ұшу-қону алаңында метеорологиялық жағдайдың күрделілігі себеп болып отыр.  

Ертең жергілікті уақытпен сағат 6:00-ге дейін ұшақтардың ұшып-қонуына шектеу қойылды.

Тоқтатылған рейстер:

— Qazaq Air/Астана — Ақтөбе — Атырау;
— SCAT/Астана — Ақтөбе — Астана;
— Qazaq Air /Атырау — Ақтөбе — Астана.
— SCAT/Астана — Ақтөбе — Астана;

Кешіктірілген рейстер:

— FlyArystan/Алматы — Ақтөбе — Алматы;
— SCAT/Алматы — Ақтөбе — Алматы;
— FlyArystan/Астана — Ақтөбе — Астана;
— SCAT/Астана — Ақтөбе — Астана;
— FlyArystan/Актау — Ақтөбе — Актау.
— SCAT/Шарм-Эш-Шейх — Ақтөбе — Шарм-Эш-Шейх.
— Air Astana/Астана — Ақтөбе — Астана.

“SCAT әуекомпаниясының Шарм-Эш-Шейх — Ақтөбе бағыты бойынша келе жатқан DV5263 рейсі Атырауға қонды”, — делінген Ақтөбе халықаралық әуежайының хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін ауа райына байланысты Қазақстанның 12 облысында жолдар жабылғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.