Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай ауылы кмқК «Құлагер» бөбекжайы Олжабаева Ақманат тәрбиеші Ертеңгілік тақырыбы: «Асқақ қалам – Астанам» Мақсаты



жүктеу 59.45 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі59.45 Kb.
түріПрезентация

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

Тартоғай ауылы

КМҚК «Құлагер» бөбекжайы

Олжабаева Ақманат тәрбиеші

Ертеңгілік тақырыбы: «Асқақ қалам – Астанам»

Мақсаты: Балалардың астанаға деген сүйіспеншілік, құштарлық және адамгершілік патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балаларды өз Отанын, туған жері мен елін сүюге және оларды қорғай білуге үйрету.

Көрнекілігі: Астана қаласының суреттері, презентация, бүктемелер, безендірулер.

Ертеңгілік барысы:

  • «Тәуелсіз Қазақстан» поездының» сахнаға кіруі

  • Тақырыпты ашу

  • Ән: Ел жүрегі –А стана

  • Астанаға саяхат (жолсеріктің әңгімесі)

  • Балалар шығармашылығы

  • Қорытынды сөз

  • Мерекелік торт

«Тәуелсіз Қазақстан» поезды жай әуенмен сахнаға кіреді. Балалар шумақтар оқи отырып тақырып мәнін ашады.

А- арман болған жастарға (Нұрасыл)

С-сырдың бойы жас қала (Айжан)

Қ-Қызылорда ең алғаш (Әлия)

А-Астана болған басқаға (Ақнұр)

Қ-қыраны шалқып аспанда

Жарқырай берші Астана! (Мұнар)



Қ-Қазақстан қалыспа (Зейнұр)

А-айнала бер барысқа (Аружан)

Л-лайым алла жар болып (Диас)

А- арқашан сызат түспесін (Наргиз)

М-мендегі ар мен намысқа (Әлішер)
А-Астананың төрінде (Гүлфайруз)

С-сұлу Есіл жерінде (Сабыржан)

Т-төрге шықты жарқырап (Диас)

А-айналасы атырап (Расул)

Н-Нұрсұлтан атам келді деп (Бекасыл)

А-аспанда туы желбіреп (Зарина

М-мен жүрейін мақтанып

Құдай бізге берді деп. (Тоғжан)


Ән: Ел жүрегі Астана (хор)
АСТАНАҒА САЯХАТ (Жол серіктің әңгімесі)
«БӘЙТЕРЕК» монументі, биіктігі 97 метр

«Сулы жасыл бульвары»


«Есіл» өзенінің жағалауы
Парламент ғимараты


«Бейбітшілік және келісім» сарайы
Президент үйі
Халықаралық әуежай

Балалар шығармашылығы:

І бөлім

Нұрасыл:

Тірлігіңе шырай берген кім десең?

Ол –Нұрсұлтан бақ жұлдызың.

Сол азамат болмағанда, ағайын-

Бүгінгідей қуанбас ең, күлмес ең.

Мақсатына жету үшін алдағы

Әу бастан ақ дұрыс жолды таңдады.

Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе?

Орындаған балалардың арманын
Айжан:

Ағайындар аталы сөз ұқсаңдар

Ар –ожданың имандылық ұстам бар.

Қазағымның маңдайындағы жұлдызы.

Нұрсұлтанның сара жолын ұстаңдар!

Алға тартып ұсыныстар келелі

Саясаттың көшін бастап келеді

Міне бүгін бүкіл әлем алдында

Асқақтады Нұрсұлтанның беделі.
Тоғжан:

Астана - елімнің бас қаласы

Астан ән қала, Астана сән қала

Еліңмен егеменді өркендей бер

Аққала арман қала-Астана!
Әлия:

Заман жаңа ел жаңа

Күлімдейді кең дала

Өз Астанам, өз ордам

Сүйсінерім сен ғана

Асқақтай бер Астана

Берекеге бастаған.

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.


Арсен:

Жаттап ертек, мол аңыз

Өсіп-өніп толамыз

Алатаудай айбынды

Ел қорғаны боламыз.
Зарина:

Отанымды сатпаймын

Ақылсызға жатпаймын

Халқымның мен үмітін

Әрқашанда ақтаймын.

Бекасыл:

Жарық болса күніміз,

Жарқын шығар үніміз

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.

Расул:

Қыдырдың нұр таңы,

Атыпты еліме.

Батаның жақ шамын,

Дарысын жеріме

Ақнұр:

О,алақай туған жер,

Жақсы –ау бақша бауларың.

Көзге ыстық көрінер,

Сенің асқар тауларың

Әліби:

Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігім болып тербеткен,

Отаным-Қазақстаным!

Азат:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл,қаланы.

Ардақты ата –мекенім,

Отаным –Қазақстаным!
ІІ бөлім

Бал балалық балдырған шақ сан арман

Барлық бала армандауға жаралған

Кел достарым, әндетіңдер, билеңдер

Гүлденсін деп Атамекен, қара орман.
А) «Сұлтан» күйіне қойылған қазақша би

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

Ән «Солдат болам мен ертең» Орындайтын Диас
«Отанның намысы үшін оттан қашпа,

Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.

Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,

Өмірің орынсыз боп кетпес босқа»

Ән «Отаным менің» орындайтындар Расул,Зарина,Айжан,Арсен.

Мақтан халқым! Мақтанышың бұл сенің

16 желтоқсан –Тәуелсіздігі елімнің.

Ұрпағыңның әрбір атқан таңына,

Бейбітшілік,ашық аспан тілерім!
Ән «Бала тілегі» Аружан
Қайсар ар-намысым,жайсаң іңкәр шапағым

Перзентке жүктеген қорғанысын,

Сен намыстың ну қалың орманысың.

Сол үшін шыңнан заңғар атағың

Тұлғасына табындырған,

Алыс жүрсем сабылтып,сағындырған,

Менің ұлы әкем сенсің,Отаным!

Ьір топ қыздың орындауында»Өзбек биі»

Тәуелсіздік –төбелі елдің ұраны,

Қиялы елдің қыраны.

Жат рухта жалтақтатпас пендесін,

Жанарлардың шырағы.


Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»
Тәуелсіздік –пейіл сыйы қазақтың ,

Арымыздан арылғаны азаптың,

Батыры көп,ақыны көп халыққа,

Алла жар боп,туа қалған ғажап күн.



Бір топ қыздың орындауында «Орыс биі»




Ән «Атамекен» (хор)
Тәуелсіздік мәңгі бақи орнасын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Қазақстан алтын ордам еңселі

Бірлігінің, теңдігінің өлшемі

Елдігімнің көк байрағын көтеріп

Мәңгі бақи сүйіп өтем мен сені-деп,
Қорытынды сөз (Балабақша меңгерушісі Қуанышбаева Гүлшараға беріледі)

МЕРЕКЕЛІК ТОРТ

«Тәуелсіз Қазақстан» поезды сахнадан шығып кетеді.



Каталог: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
post02 -> Жаңа білім мазмұнының химия пәнінде қолданудың тиімділігі «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздарының қолында»
post02 -> Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
post02 -> Сабақ: №21 Тақырып: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ. Құндылық: Қиянат жасамау
post02 -> Лекциялық сабақтар мазмұны 3-25 Зертханалық сабақтардың қысқаша сипаттамалары 26-46
post02 -> Ќыз жјне ер баланыѕ психологиялыќ ерекшеліктері
post02 -> Құрметті әріптестер,қонақтар сіздерді тәуелсіздік
post02 -> 5 «б» сынып. Мұғалім: Азимбаева Г. Б
post02 -> Сабақтың тақырыбы: «Алтын жүрек Анамыз.»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет