Атырауда жаңбырдан кейін №4 емхананы су басып қалды. Науқастардың айтуынша, шатырдан су аға бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Дәрігерлер ғимараттың ескі екенін, мұндай жағдай бірнеше рет болғанын айтады. Екі жыл бұрын жөндеу жүргізілсе де, өзгеріс жоқ дейді. Жаңбыр суынан дәліздер мен бірнеше кеңсе шалшық болды.

"Мен емханаға немереммен келдім. Ол вакцина алуы керек еді. Процедура барысында төбе құлай бастады. Шелектер тұр. Жағдай көңіл көншітпейді", – деді тұрғын Ақмарал Рахманова.

Дәрігерлердің айтуынша, төбені жөндесе де, жағдай жақсармады.

"Түнде жаңбыр жауды, содан кейін су кетті. Ғимараттың төбесі жөнделсе де, нәтиже болмады. Вакцинация бөлмесі мен гинекология кабинетін су басқан. Басшылыққа ескерттім, енді басқа корпусқа көшеміз", – деді дәрігер Жұлдыз Бақытжанова.

Медициналық мекеме басшылығының айтуынша, ғимарат ескі. Ол 70-жылдарында салынған. 

"№4 қалалық емхана Атыраудағы ең ірі емханалардың бірі болып саналады. Ол 1976 жылы салынған. Жауған жаңбырдың салдарынан ғимараттың төбесінен су ағып кеткен. Шара жасап, мамандар мен науқастарды жалға алынған ғимаратқа апарып жатырмыз", – деп мәлімдеді №4 қалалық емхана директорының орынбасары Ғайымназар Жұманиязов.

Емхана 19 мың атыраулық тұрғынға қызмет көрсетеді. Ал мұнда 37 адам жұмыс істейді. Төтенше жағдайдан кейін барлық қызметкер басқа ғимаратқа ауысты. Басшылықтың айтуынша, 2025 жылға дейін жаңа ғимарат салу жоспарланып отыр.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.