Ж. С. Есеналина Ән жетекшісі: Х. А.Қалышева



Дата08.05.2019
өлшемі0.92 Mb.
#139380

1 «Еркетай» Алға бөбекжай балабақшасы



(«Балдырған» ересек тобының 8-наурыз аналар мерекесіне орай өткізген қыз сыны байқауы)



Өткізген: М.Ә.Доскулова

Ж.С.Есеналина

Ән жетекшісі: Х.А.Қалышева



Би жетекшісі: С.Ә.Жеткерген

2016 жыл

Ән залы мерекеге сай безендірілген.

Алишер: Мә, мына залды қара,қандай әдемі безендірілген, көздің жауын алады.

Тамерлан: Сен білмейсіңбе бүгін мереке ғой.Аналардың әжелердің,қыздардың мерекесі ғой.

Алишер: Ал, қызық біздің қызадарымыз қайда екен? Мен телефон сағып көрейін.

-Алло қыздар қайдасыңдар?

Инаят: Алло біз шаштараздамыз, келіп бізді алып кетіңіздер.

Тамерлан: Жүр қыздарды шақырып келейік.

Би: Вальс

ТАҚПАҚТАР:

АЙБОЛ: Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық!

ИСМАИЛ: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

БАУЫРЖАН: Ана десем  сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық!

НУРИСЛАМ: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары!

ДІНИСЛАМ: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, 
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың 
Өміріме нәрін берді ақ сүтің, 
Кең құшағың аясындай гүл бақтың!

АЗАТ: Ер жеткізіп елге берген баласын, 
Ақылдысың, ардақтысың, данасың! 
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым!

РАМАЗАН: Арналады Сізге бүгінгі әніміз,

Ардақтайтын,мақтанатын кезіміз.

Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген,

Ұлы ана ұзақ өмір сүріңіз.

ДАСТАН: Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Бақшадан үйге келгенімде,

Бал сөзі «жаным» деген сая маған

БЕКЕТ: Көктем келіп көгілдір,

Жасыл көрпе төседі.

Күміс күн де ​​төгіп нұр,

Көлеңкелер кешеді.

Көктемді күткен сағынып,

Қыр жатыр күнге табынып.

Арнадан асқан бұлақ та

Әнінен қалған жаңылып.

АЛЛАН: Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала.

Аспандағы ақ құстар

Айдын көлді арала.

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Көктің жүзі ашылып,

Күннің көзі көрінді.



Жүргізуші: Ендеше «Қыз-ұлт болашағы атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер.

Алишер:

Армысыздар қадірменді қонақтар
Армысыздар ақ жаулықты аналар
Бүгінгі кеш арулардың сайысы
Сіздердікі тамашалау, бағалау.

Жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,                                        

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.                                       

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.



Әділқазы алқалары-----------------------------------

Тамерлан:

Мың бұралған арулар билей басып,

                                        Келеді міне ортаға толқып тасып.

                                        Аруларын сыйлаған халқым менің,

                                        Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

Алишер:

Айым өнерлі қыз,

Бойға өнер жиған қыз.  Айым анасы Ләйләгүл Қайратқызымен.                                   

Тамерлан:

Аружан қыз білімді

Меңгерген бар ілімді Аружан анасы Гаухар Мадиярқызымен.

Алишер:

Ақерке қыз елгезек

Алады тез тіліңді   Ақерке анасы Ляззат Дүйсембайқызымен.

Тамерлан:

Дильназ қыз үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп Дильназ анасы Алтынай Әбенқызымен.

Алишер:

Фариза қыз шығады

Бұрымдары желбіреп. Фариза анасы Малика Бақытжанқызымен.


Жүргізуші:

Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады:

1.Тегін білу тектілік. (таныстыру)


2.Өнерлі - өрге жүзер.(өз өнерлерін көрсету)
3.Талаптыға нұр жауар. (үй тапсырмасы. Үйден жасалып әкелген тағамдарын таныстыру.)
4.Қыздарға әсемдік жарасады. (сән үлгісі) 5.Логикалық тапсырмалар

ӘН: «ЖАН АНА»

Жүргізуші:
БІРІНШІ САЙЫСЫМЫЗ «ТЕГІН БІЛУ ТЕКТІЛІК» ТАНЫСТЫРУ.
АЙЫМ:

Бақыттың немересі, атым Айым,


Тойдың басы шаңырақта мен болдым.
Қошақаным, құлыным дейді әжем.
Жарқыраған тау тасындай баламын.
Шаңырағымның үлкені мен боламын.
Мейрім төккен балаға
Білімін құйып санаға

Малика, Жанна апайлар


Мың алғыс айтсам бола ма
Өнерімді көріңдер
Дәл бағасын беріңдер
Қарақат көз бүлдіршін
Топ жарады сеніңдер
Жарқыраған балақайды
Шапалақпен демеңдер.
АРУЖАН:

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,

Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.

Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,

Бас иемін сәлем беріп иеле.

Ерекше дара туған қыздарыңмын,

Шуақ шашқан көктемнің шуағындай.
Аружан атты кішкентай қыздарыңмын.

Жүгіріп келем өзің салған ізбенен,

Жақын болар әкесіне қыз деген,

Кіші жүздің жекей руынан,

Асқар таудай әкем бар Ержан деген.

Әділқазы алқалары бүгінгі,

Әр өнерді бағалай біл өнерлі,

Қарсыласым баршаңызға сәттілік

Достық деген арттырайық ұғымды.
АҚЕРКЕ:

Армысың әже, ана, апайларым,

Өнер сүйер үлкен-кіші қауымдарым.

Көктемде қырда өскен қызыл гүлмін,

Қол соғып құшақ жайып қабылдаңдар.

Таныстырсам өзімді,

Рустамқызы Ақеркемін,

Руым болса қаракесек,

Бұл сайысқа қатысып,

Талаптанып көремін.

Әнді жақсы айтамын

Болып жатқан сайыста

Бақты сынап мен бүгін,

Жеңіп шығам қалайда.

ДИЛЬНАЗ: Қызымын жақайым деген батыр елдің,
Жасымнан мен өнерге жетік едім.
Ән саламын би билеймін мың бұралып,
Абдикеримова Дильназ атым менің.
Сәлем берем иіліп алдарында,
Амандасу қазақы салтым менің!

ФАРИЗА:


Қатысам мен бақшадан жарыстарға,

Өзімді көпшілікке таныстырайын.

Кішіге үлгі, үлкенге өнеге болып,

Сахнаның төрінде сән құрайын.

Атым –Фариза болады сұрасаңыз,

Табын екен кешегі бір атамыз.

Әкем аты Алишер асқар тауым,

Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Малика Бақытжанқызы,

Жүзінен төгілетін күннің нүры.

Ұстазым –Жанна апай аяулы адам,

Біздерден бар білгенін аямаған!


ӘН: «ӘЖЕМ МЕНІҢ ӘЙБАТ»




КЕЛЕСІ САЙЫСЫМЫЗ «ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР». АРУ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН ОРТАҒА САЛАДЫ.

Алишер:

Тақпақты да жаттаймын
Би билеп, ән де айтамын
Ата - ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймын – деп «Ерке қыз» әнімен алдарыңызда Бақыт Айымды қарсыалыңыздар.

Тамерлан:

Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты. Жалинова Ақеркенің орындауында «Қамажай» биін қарсы алыңыздар.

Алишер:

Жарыс десе жайнаған
Намысында қайраған
Тоты құстай құлпырып
Сандуғаштай сайраған - деп Базарбаева Аружанды «Көңілді күн» әнімен қарсы алыңыздар.

Тамерлан:

Өзі жап жас болса да
Таудай үлкен талабы
Биін оның көріңіздер
Көріп баға беріңіздер Абдикаримова Дильназдың орындауында «Қазақ биі»

Алишер:

Фариза біздің өнерлі,
Көңілді өмір сүреді.
Қыз сынындай сайысқа,
Алып келді өз әнін
- деп Алишерқызы Фаризаның орындауында «Көңілді күн» әні қарсы алыңыздар.

ӘН: АНАШЫМ (ФАРИЗА МЕН АЙЫМ)



Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай


Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.

ҮШІНШІ САЙЫСЫМЫЗ «ТАЛАПТЫҒА НҰР ЖАУАР» ҚЫЗДАРЫМЫЗ ӨЗДЕРІНІҢ ҮЙЛЕРІНЕН ЖАСАП ӘКЕЛГЕН ТАҒАМДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРАДЫ.

АЙТЫС: МИРАС ПЕН АЙАРУ

Мирас: Ал бастайық айтысты,

Жібермейік намысты.

Жеңіп шықсам мен сені,

Айып етпе сен мені.

Қ/сы:Еркем, еркем, еркем-ай,

Еркелеген еркем-ай.

Еркелеген еркемді,

Еркелетсем еркем-ай.

Айару: Мен өзіңді қаладым,

Айтысуға шақырып.

Көзіңнен де сеземін,

Қаласың ғой «ах» ұрып.

Қ/сы:

Мирас: Қонақтарды, қыздарды,



Қояйықшы құттықтап.

Бүгінгі күн мереке,

Бармаймыз ба гүл ұстап.

Қ/сы:


Айару: Қайда барсаң онда бар,

Жүгіргенің жөн болар.

Тәртібіңнің нашарын,

Әкеңе де айта бар.

Қ/сы:

Мирас: Сөзін тыңда қарағым,



Құлағың сап жақын кеп.

Апай айтты бәріне,

Мені айтыскер ақын деп.

Қ/сы:


Айару: Айта қойшы қарағым,

Қандай боп жүр тәртібің?

Жайын біліп қояйын,

Сендей ерке баланың.

Қ/сы:

Мирас: Айналайын қыздар-ау,



Құтты болсын мереке.

Мерекеде айтыстық



Бола берсін береке.

Қ/сы:


Мирас,Айару бірге: Құтты болсын бәріңе,

8-наурыз мереке,

Бақшамыздың қыздары,

Жайнай берсін күніге.

Қ/сы

ТАҚПАҚТАР:



ГҮЛНҰР: Мен әжемді сыйлаймын,

Аман жүрсін әрдайым.
100 – ге келген тойыңды,
Тойлайықшы біз лайым.
Әжем менің береке,
Жүрген жері мереке.
Әрбір үйдің ішінде,
Бола берсін береке

ИНАЯТ: Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйретіп.

Жамандықтан шектейді,

Әжеме ешікім жетпейді.

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.

АНЕЛЬЯ: Асыл әжем мейірімін төгетін,

Асыл әжем нұр сәулесін себетін.

Асылымсың , аяулымсың сен өзің,

Бақыттысың, қымбаттысың мен үшін

ГАУХАР: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.

ІНКӘР:

Ауылға біз барғанда,
Қымыз бен құртын беретін.
Асыл әжем, жан әжем
Бізді жақсы көретін.
Құлыным десе еркелеп,
Төбеміз көкке жетеді
Айналдым десе жүрегім
Езіліп еріп кетеді.
Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.


ТӨРТІНШІ САЙЫСЫМЫЗ «ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ» СӘН ҮЛГІСІ .
Қыздарымыз дайын болғанша ер балаларының орындауында «ДЖЕНТЕЛЬМЕН» биін қарсы алыңыздар



БЕСІНШІ САЙЫСЫМЫЗ ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР:

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

Қыздарға:

1. Орман жануарларын ата?

3. Кемпірқосақта неше түс бар?

6. Онға дейін тура, кері сана?

7. Үй жануарларын ата?

8. Пішіндерді ата?
Аналарға:

1. Қазақтың билерін ата?

2. Наурыз көжеге қосылатын тағамдарды ата?

3. Балаларға арналған салт-дәстүрлерді ата?

4. Ұлттық тағамдарды ата?

5. Ұлттық ойындарды ата?
ӘН: «АҚ ДИДАРЛЫ АНАШЫМ»

Жүргізуші:

Ер жеткізіп елге берген баласын, 
Ақылдысың, ардақтысың, данасың! 
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым!
(аналарға, қыздарға сыйлық сыйлау)

Жүргізуші:

                   Өнеріміз сайыста,

                   Жетелейді алысқа.

                   Бүгінгі күннің жеңісі,

                  Достық болып қалуда.

-дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. Әділқазылар қыздарды марапаттайды.



Жүргізуші: Осымен «Балдырған» ересек тобының ертеңгілігі аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға рахмет, сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз, отбасыларыңызға береке бірлік, таулық, бақыт тілейміз. Қош сау болыңыздар.
Каталог: uploads -> 2018 -> post04
post04 -> Жеке тұлға бойында адамгершілік құзыреттілікті қалыптастырудағы отбасының орны
post04 -> Сабақтың мақсаты: а білімділік Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін бекіту
post04 -> Контаминация құбылысының лингвистикалық сипаты
post04 -> Сабақ тақырыбы: «Галогендер және олардың қосылыстары»
post04 -> Оңтүстік Қазақстан облысы
post04 -> Г. А. Жумабаева,З. Б. Серикова болашақ МҰҒалімдердің КӘсіптік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары
post04 -> Әрбір күнім мереке
post04 -> Сабақтың тақырыбы: «М. Мақатаев шығармалары»
post04 -> Тақырыптық топ сағаты


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет