«Жаңақорған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат



Дата24.07.2018
өлшемі57.96 Kb.
#37314

«Жаңақорған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2016 жылдың 12 айында атқарылған  жұмыстар жайлы ақпарат

1. Жолдар бойынша:

Ағымдағы жылы аудандық маңыздағы 158,9 шақырым автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 39 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, өткізілген тендер нәтижесімен 22 905,0 мың теңгеге «Қызылорда жолдары» ЖШС-гі жеңімпаз атанып, жұмыстар жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Жаңақорған кенті Хорасан ата көшесін орташа жөндеу жұмыстарына – 57 973,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда Мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілімен тендер жарияланып, нәтижесімен тендер жеңімпазы «Шиелі Жолшы» ЖШС-гі анықталды. Қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Талап бекеті» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 


– 69 102,0 мың теңге қаржы бөлініп, жарияланған сатып алу негізінде «Қызылорда жолдары» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға берілді.

Байкенже ауылдық округі Билібай елді мекеніне кіре берісіндегі Үржанов көшесін орташа жөндеу жұмыстарына – 27 673,0 мың теңге қаржы бөлініп, жарияланған мемлекеттік сатып алу жеңімпазы «Қызылорда жолдары» ЖШС-гі анықталып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Кентте орналасқан мектептердің қасына жол кедергілерін орнату жұмыстарына – 3 110,0 мың теңге  қаржы бөлініп, бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілімен тендер жарияланып, жарияланған сатып алу негізінде «Ер-Қуаныш» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылып, №110, №169, №51 орта мектептер тұсына жол кедергілерін орнату жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Кентте орналасқан Амангелді-Алтынсарин, Мұсаханов-Байкенжеев, Б.Майлин-Раушан көшелері қиылыстарындағы бағдаршамдарды ауыстыру жұмыстарына – 6 489,0 мың теңге  бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «Бағдаршам сервис» ЖШС-гі жеңімпаз болып, бүгінгі таңда бағдаршамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Кенттегі жол белгілерін ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 
1 175,0 мың теңге қаржы қаралды. Шілде айында мемлекеттік сатып алудың баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жұмыстарын жүргізіп, жеңімпаз атанған «Жан и Сая» ЖШС-гі жол белгілерін қайта қалпына келтіріліп, жұмыстары             аяқталды.

Облыстық  бюджеттен аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Шалхия» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарына – 100 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржыға облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы ұйымдастырушы болып,  мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілімен

сатып алу жүргізіліп, нәтижесінде «Қыран» ЖШС-гі жеңімпаз болып  анықталып, жұмыстар жүргізілуде.

Жаңақорған кенті орталығындағы мектептер мен бала бақша орналасқан көше тұстарына 13 жерге жол кедергілерін, жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызықтар және жол белгілерін орнату жұмыстарына аудандық бюджеттен 


12 250,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 7950,0 мың теңгеге «Аңсар строй» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылып, жұмыстар жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2. Ауыз су бойынша:

«Жаңақорған аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы бүгінгі таңда аудандағы 19 елді мекен Байкенже, Әбдіғаппар, Жаңарық, М.Нәлібаев, Өзгент, Ақсуат, Қожакент, Түгіскен, Келінтөбе, Қаратөбе, Қандөз, Көктөбе, ст.Бесарық, Манап, ст.Талап, Кейден, Бесарық ауылы,  Қыраш, Бірлік, және Шалхия кентіндегі ауыз су жүйелерін коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 12 мамырында  Қызылорда облыстық қаржы басқармасына 19 елді мекеннің рәсімделінген  ауыз су құжаттары толығымен ұсынылып, осы басқарманың  берген кемшіліктері қалпына келтірілгеннен кейін «ҚазСушар» РМК-на құжаттар өткізілді.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылғы министрлігі Су ресурстары комитетінің және ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімі алынып, облыс әкімінің 2016 жылғы  30 қыркүйектегі  №593  қаулысы шықты.

Сонымен қатар Сунақата, Еңбек, Екпінді, Төменарық, Сүттіқұдық, Қожамберді елді мекендерінің ауыз су жүйелерінің  мемлекеттік жер актісі құжатын әзірлеуге жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 12 101,0 мың теңге және техникалық құжатын жасатуға 4 082,0 мың теңге қаржы  қаралып, құжаттар әзірленді.

Ауыз су құжаттарын 2017 жылдың қаңтар айынан бастап «ҚазСушар» 
РМК-ны  қабылдайтын  болады.

Жаңақорған кентін газдандыру жұмыстары бойынша:

Жоспар бойынша Жаңақорған кентінде жүргізілетін газ құбырының жалпы ұзындығы 283,4 шақырым болса, бүгінгі күнге 283,4 шақырым газ құбыры тартылып 100 пайызға орындалып отыр.

Кент ішінде жоба бойынша 2 газ реттеу пункті және  27 шкафты газ реттеу пункті орнатылып барлығы іске қосылды.

Кент бойынша жалпы тұрғын үйлер саны 5410 болса, оның  2200- тұрғын үйге  жоба жасалып, бүгінгі таңда газды пайдалану трубаларын үйге кіргізген отбасы 2154,  қолданып отырған тұрғын үй саны   2135 болып отыр.

4. Аудан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік және кентішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша:

2015 жылы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» қағидасына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік және кентішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу жөнінде комиссия құрылып, соған сәйкес ауданішілік және кентішілік тұрақты бағыттарда автобустармен жолаушылар мен багажды тасымалдау құқығына конкурс өткізілетіндігі жөнінде БАҚ беттерінде хабарландыру берілді. Конкурсқа ауданішілік 12 маршруттың және кентішілік 3 маршруттың тізбесі конкурсқа шығарылды. Олар ауданішілік Жаңақорған-Жаңарық-Әбдіғаппар, Жаңақорған-Билібай - Байкенже, Жаңақорған – Сүттіқұдық – Қожамберді - Төменарық, Жаңақорған-Құттықожа-Шалқия, Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе-Қаратөбе-Қандөз, Жаңақорған-М.Нәлібаев-Өзгент, Жаңқорған-Қожакент, Жаңақорған-Жайылма, Жаңақорған-Талап-Кеңес, Жаңақорған-Бірлік, Жаңақорған-Қыраш-Қосүйеңкі, Жаңақорған-Сунақата-Екпінді, Жаңақорған-Кейден, кентішілік маршруттардан Қорғантоғай-Сыр-Диірмені, Би-Бек-Алтынсарин, Жаңауыл-Май бекеті. Аталған конкурсқа кентішілік маршруттардың Қорғантоғай-Сыр Диірмені, Би-бек-Алтынсарин бағыттары бойынша тасымалдаушылардан өтінім түсіп конкурс талаптарына сәйкес жеңімпаз анықталды.

Оның ішінде, «Жаңақорған – Жаңарық - Әбдіғаппар», «Жаңақорған – Құттықожа - Шалхия», «Жаңақорған- Түгіскен –Келінтөбе–Қаратөбе-Қандөз», «Жаңақорған – Билібай-Байкенже» , «Жаңақорған –Сүттіқұдық –Қожамберді - Төменарық» ауданішілік маршрутына ЖК «Шайков А» жеңімпаз болып танылды.

Келесі ауданішілік маршруттар бойынша «Жаңақорған  -  Сунақата – Екпінді», «Жаңақорған - Жайылма», «Жаңақорған - Қыраш – Қосүйеңкі», «Жаңақорған - Талап – Кеңес», «Жаңақорған - Кейден», «Алтынсарин - Емхана – Бибек», «Қорғантоғай–Сыр диірмені»  кентішілік маршрутына ЖК «Абишев.Ж» жеңімпаз болып танылды.

Тиісті маршруттар бойынша жолаушы тасымалы қызметін көрсету құқығына 3 (үш) жылға келісім-шарт жасалды және аталған маршруттар бойынша тиісті автобустары көрсетіле отырып, куәліктері тасымалдаушыларға табыс етілді.

Сонымен қатар аудан бойынша әлеуметтік мәні бар маршруттар, өзін-өзі ақтамайтын жолаушы тасымалына аудандық бюджеттен 8 197,6 теңге субсидия қаралып, тасымалдаушыларды жолаушы тасымалын жүргізуге ай сайын қаржыландырып келеді.

3. Энергоаудит бойынша:



Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шеңберінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, ауданымызда орналасқан мемлекеттік  мекемелер мен квазимемлекеттік мекемелер, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы №541-IV «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңына сәйкес энергоаудит  жүргізу міндеттелген. 
Жаңақорған ауданында орналасқан, 39 мекемелерге (мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне) энергоаудит жүргізуде.Сондай-ақ ағымдағы жылы көп пәтерлі үйлерге  энергоаудит жүргізу  үшін 300,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілімен жарияланып, нәтижесінде өтпеді деп танылғандықтан, қаржысы бюджетке кері қайтарылды.
Каталог: public -> assets -> kindeditor -> attached -> file
file -> Жоба ж а ң а қ о р ғ анауданды қ м ә слихатты ң шешім І
file -> Жоба жаңақорған ауданында салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын жеке
file -> Қатысқандар: 10 адам Күн тәртібінде: Кейден ауылдық округіндегі жергілікті қоғамдастықты дамытудың 2018 жылға арналған бағдарламасын бекіту туралы
file -> Постановление «23» Ақпан 2018 ж №460 «Айханым» шаруа қожалығына бақша өсіру үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын табыстау туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет